Педагогикалық жағдаят №441
Елестетіп көріңіз, Сіз мұғалімсіз. Сіздің сыныбыңыздың оқушысы бокстан Қазақстан чемпионатының жеңімпазы болып сыныпқа спорт киіммен және төсбелгімен келді, алайда спорттық киімде сабаққа қатысуға рұқсат етілмейтін (дене шынықтыру сабағынан басқа) мектеп киім үлгісінің оқушыларға арналған өз ережесі бар. Сіз не істер едіңіз?
1. Мектеп ережесін бұзуына байланысты оқушыны киім ауыстырып келуге үйіне жіберемін.
2. Ондай киімде бір күн мектепте жүруіне рұқсат беремін, бірақ бұдан былай олай жасамауын ескертемін.
3. Мұндай жағдайда қандай іс-әрекет жасау керектігін ақылдасу үшін оқушыны мектеп директорына апарамын.
4. Әкімшілік бөліміндегілерден және әріптестерімнен спортшының осындай киімде жүруіне рұқсат беруін сұраймын, себебі ондай образбен ол спортты насихаттайды, патриоттық сезім тудырады, сонымен қатар ол - біздің мектебіміздің мақтанышы.
5. Өз нұсқаңызды ұсыныңыз.
Таңдап алған жауабыңыздың нұсқасын негіздеңіз.
Достарыңызбен бөлісу: |