Педагогика мамандықтарына оқуға тапсыратын абитуриенттерге арналған арнайы емтиханның пелагогикалық жағдаяттары Педагогикалық жағдаяттар Педагогикалық жағдаят №1



бет218/250
Дата07.01.2022
өлшемі203,53 Kb.
#20743
түріСабақ
1   ...   214   215   216   217   218   219   220   221   ...   250
Байланысты:
жағдаяттар

Педагогикалық жағдаят №439

Сіз өз мектебіңіздің бітіруші сыныбындағы білгірлер клубының мүшесісіз. Сіз жақын арадағы сенбіде көрші қалаға туыс әпкеңіздің (жақсы қарым-қатынастағы) үйлену тойына барғалы жатырсыз. Міне, сол кезде, бейсенбі күні кешке Сіздің білгірлер командаңыздың капитаны қуанышты хабармен, яғни команданың жеңімпазы, Қазақстандағы қалаған ЖОО-на мемлекет есебінен оқуға түсуге мүмкіндік беретін, жақын арадағы сенбі күні болатын жарысқа шақырып жатқанын хабарлайды. Сонымен қатар капитан команда құрамын өзгертуге болмайтындықтан, сіздің қатысуыңызсыз жарысқа команданың қатысу мүмкіндігі жоқ екенін мәлімдеді. Сіз қандай шешім қабылдайсыз?

1. Мен тойға барамын, себебі мен біраздан бері жоспарлағанмын және сүйікті әпкемді оның өміріндегі маңызды күнінде ренжіткім келмейді. Ал ЖОО-на, команданың әрбір мүшесі түсе алады деп ойлаймын, біз тектен тек білгірлер клубы емеспіз.

2. Жарысқа қатысамын, себебі командалас балалардың көңілін қалдыра алмаймын, ал әпкем мені түсінеді деп ойлаймын.

3. Тойға барамын, өйткені біздің жеңіске жететіндігіміз нақты емес, ал бірақ тойдың болатыны нақты.

4. Тиын тастаймын, не түссе сол болады.

5. Өз нұсқаңызды ұсыныңыз.

Таңдап алған жауабыңыздың нұсқасын негіздеңіз.





Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   214   215   216   217   218   219   220   221   ...   250




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет