Педагогикалық жағдаят №153
Үзілісте екі бесінші сынып оқушылары – бала мен қыз – қатты дауласады.
Жақындаған мұғалім қыздың мектепке алып келген жаңа қымбат телефонын баланың сындырып қойғанын біледі. Бала мұның кездейсоқ болғанына сендіруде. Ал қыз сынған затқа яғни жаңа телефонға ақша төлеуін талап етеді.
Сіз осы жағдайда қалай әрекет етесіз және неліктен? (не істейсіз, не айтасыз және т.б.)
Педагогикалық жағдаят №154
Сіздің досыңыз ата-анасымен тіл табыса алмайды. Сіздің кеңесіңіз.
1. Досыңызға ата-ананың өз баласына ешқашан жамандық ойламайтынын түсіндіресіз.
2. Туысқандарымен тұруға кеңес беру.
3. Достарымен пәтер жалдап тұруға кеңес беру.
4. Өзімен бірге тұруға шақыру.
5. Үйіне тек қонуға бару.
6. Өз жауаптарыңыздың нұсқасы...
Жауапты негіздеңіз.
Достарыңызбен бөлісу: |