Педагогикалық жағдаят №317
Баланың қабілеті сабақ барысында емес, көбіне сабақтан тыс жұмыстарда ашылады. Бұндай пікірмен келісезіз бе? Оқушының мектептегі өмірін қызықты ету үшін Сіз не ұсынар едіңіз?
Педагогикалық жағдаят №318
Бәкен деген оқушыны орыс тілінен үлгерімі төмен болғандықтан 6«А» сыныбына ауыстырған болатын. Бірақ Бәкен орыс тілі сабағына келмей қалып, берілген тапсырмаларға немқұрайлық таныта бастады. Орыс тілі пәні мұғалімінің орнында Сіз не істер едіңіз?
Педагогикалық жағдаят №319
Сіздің сыныбыңыздағы бір оқушының тәртібі бірқалыпты болғанымен, сыныптағы қыздарын себепсіз ұра береді. Оған қолданған жазалау шаралары, ескертулер пайдасыз, керісінше оның әрекетін өріштете түседі. Не істеу қажет?
Педагогикалық жағдаят №320
Қылымсыған (кокетка) қыздың кесірінен, бұрын соңды айырылмас екі дос төбелесіп қалады. Сынып жетекшісі ретінде бұндай жағдайға реакцияңыз қалай болады. Сіздің әрекетіңіз?
Достарыңызбен бөлісу: |