Педагогикалық жағдаят №434
Мектептен шыға берісте жолда Сіз жоғары сынып оқушыларынан мәдениетсіз сөз естідіңіз. Сіздің әрекетіңіз?
Бұның мектеп ережесіне сәйкес келмейтінін түсіндіріп, мектеп директорына ертіп барамын.
Оқушылардың ата-аналарын мектепке шақырып жанжал шығарамын.
Оқушыларға мұндай әрекет жараспайтынын және бұл сөздер ерсі естілетінін жай сөзбен түсіндіремін.
Өз нұсқаңызды ұсыныңыз.
Таңдап алған жауабыңыздың нұсқасын негіздеңіз.
Педагогикалық жағдаят №435
Сіз жетекші болып отырған сыныпта діни нанымдарға байланысты жанжал туындады. Сіз не істейсіз?
«Халықтар достығы» тақырыбында тәрбие сабағын өткіземін.
Ата-аналармен әңгіме жүргіземін.
Ештеңе болмағандай жүре бересіз.
Өз нұсқаңызды ұсыныңыз.
Таңдап алған жауабыңыздың нұсқасын негіздеңіз.
Достарыңызбен бөлісу: |