Педагогикалық жағдаят №438
Сіз педагогсіз. Сіздің сыныбыңызда бір жыл бойы оқушылар арасында жарыс өтті. Сыйлыққа жалпы қордан жиналып алынған ақшаға хрусталь мүсін берілуі керек еді. Ол мүсін мұғалім шкафында тұрды. Оқу жылының соңында жарысты қорытындылауға жақын қалғанда сыныптағы 2 оқушы бір-бірімен соқтығысып, абайсызда сол мүсінді сындырып қояды. Сіздің әрекетіңіз:
Оқушыларға қайтадан ақша жинап, мүсінді сатып алуын сұраймын.
Ол сыйлықты өзім сатып аламын.
Кінәлі балалардың мойнына артып қоямын.
Жеңімпаздарды сыйлықсыз қалдырамын, өйткені сыйлық маңызды емес.
Оқушылар арасында мәселені шешудің жолдарын іздестіріп, дауысқа саламын.
Өз нұсқаңызды ұсыныңыз.
Таңдап алған жауабыңыздың нұсқасын негіздеңіз.
Достарыңызбен бөлісу: |