Педагогикалық жағдаят №469
Сіздің тобыңыздағы бала өзін басқа топқа ауыстыруын сұрайды. Оны ешкім түсінбейді, бәрі ренжітеді және сіз де сол қатардасыз. Мұндай жағдайда не істеу керек?
Баланың қалауын тез арада қанағаттандыру.
Осы жағдайдың себебін анықтау.
Оның ауысуын кідірте тұру және осы пайда болған жағдайдың бағдарламасын құру.
Өзі кінәлі, оны өзі шешсін.
Өз нұсқаңызды ұсыныңыз.
Таңдап алған жауабыңыздың нұсқасын негіздеңіз.
Педагогикалық жағдаят №470
5”б” сыныбында бақылау жұмысын тексеру барысында мұғалім екі жұмыстың бірдей екенін анықтады. Қателері де біртектес. Негізінде оқушылар әртүрлі нұсқа орындауы тиіс еді. Мұғалімнің әрекеті:
1. Екі оқушыға да қанағаттанарлықсыз баға қояды.
2. Қосымша тағы да тексереді.
3. Жауаптары бойынша екеуіне де баға қояды.
4. Кім кімнен көшіргенін анықтауға кіріседі.
5. Баға кою барысында мұғалім кімнің жақсы оқитындығына назар аударады.
6. Өз нұсқаңызды ұсыныңыз.
Таңдаған жауап нұсқасына негіздеме беріңіз.
Достарыңызбен бөлісу: |