Педагогикалық жағдаят №73
Сіздің сыныптасыңыз сынып бөлмесін тазалаудан бас тартты. Ол фортепианада ойнауды үйреніп жүргенін, саусақтарын құртып алуы мүмкін екенін айтты. Осы жағдайдағы сіздің іс-әрекетіңіз:
Қандай амалмен болса да оны қатыстырам.
Қолына швабра беріп еденді жууға күштеп көндірем.
"Сен басқалардан артық емессің. Неге қалғандары сен үшін істеу керек", - деп айтам.
Қолына шүберек беріп, жай ғана жеңіл сүртуін сұраймын.
Сіздің шешіміңіз.
Өз жауабыңызды негіздеңіз.
Педагогикалық жағдаят №74
Сұлтанды балабақшадан алуға бүгін анасы келді. Ол анасына қуанышпен "Ана, ал біз бүгін құс жасадық!"
Анасы: Неге сенің киімің су деп сұрады?
Султан: Тәрбиеші менің жақсы жсағанымды айтты.
Анасы: "Қанша айтам саған – киіміңді және қолбағыңды жылытқышқа жайып қой деп"
Султан: Үйге барып тағыда осындай құс жасап көремін!
Анасы: Енді осы су киіміңмен барасың.
Султан үндеместен киіне бастады.
Анасының қателігі неде?
Осы жағдайға қалай ықпал етуге болады.
Өз жауабыңызды негіздеңіз
Достарыңызбен бөлісу: |