Педагогикалық жағдаят №101
Сіз бастауыш сынып мұғалімісіз. Сіз оқушыларды үшінші сабақ біткеннен кейін асханаға апару керексіз. Барлық оқушылар екі – екіден қатарға тұрып, асханаға баруға дайын. Бірақ бір оқушы барудан бас тартуда.
Сіздің осы жағдайдағы іс-әрекетіңіз:
Оқушыны басқа сыныпта мұғалімнің қарауында қалдыру.
Күш қолдану арқылы оқушыны сыныптан басқа оқушылармен бірге шығару.
Оқушыны жалғыз сыныпта қамап кету.
Өзініздің жеке пікіріңіз...
Өз жауабыңыздың дәйектемесі.
Педагогикалық жағдаят №102
Сіз жұма күнгі кешті сыныптастарыңызбен бірге өткізуге уәде бердіңіз. Бірақ сізге досыңыз хабарласып, сол жұма күніне театрға спектакль көруге шақырады.
Сіздің осы жағдайдағы іс-әрекетіңіз:
Сыныптастарыңызға өзіңізді жайсыз сезініп тұрғаныңызды айтасыз.
Себебін түсіндіріп, театрға барудан бірден бас тартасыз.
Досыңызға өзіңізді жайсыз сезініп тұрғаныңызды айтасыз.
Өзініздің жеке пікіріңіз...
Өз жауабыңызды түсіндіріңіз.
Достарыңызбен бөлісу: |