Педагогикалық жағдаят №125
Сіз сынып жетекшісісіз делік. Сенбілік болған кезде барлық оқушылар өз парталарын жууға кірісті. Кенет бір оқушыңыз:
Мен парта жумаймын! Ол қыздардың жұмысы деп қолындағы сулы шүберекті парта үстіне лақтырып жіберді.
Оның сөзін естіген басқа да ұл балалар:
Онда біз де жумаймыз! Біз де қыз емеспіз, ұлдармыз! – деп бастап жатқан жұмыстарынан бас тартты.
Осындай проблемалық жағдайда практикант қандай шешім қабылдағаны дұрыс?
Тазалықты сақтау туралы оқушыларға қандай кеңес бере аласыз, қандай мысалдар келтіруге болады?
Осындай қиындық туындатқан баланың жеке тұлғасы туралы, тәрбиелік деңгейі жайлы не айта аласыз?
Достарыңызбен бөлісу: |