Педагогикалық жағдаят №127
Сіз практикантсыз делік. Сізге бір ашық тәрбие сағатын өткізу керек. Сіз оған жан-жақты материал жинақтап дайындалдыңыз. Жаңа компьютерлік технологияларды қолданып өтетін жаңа тақырыбыңызды презентация, слайд-шоу, көрнекіліктер ретінде электрондық вариантын дайындадыңыз. Музыкалық аппаратураны әзірледіңіз. Осының барлығын қолданып ашық тәрбие сабағын жүргізе бастадыңыз. Кенет бүкіл мектеп бойынша электр тогы сөніп қалды. Жүргізушілеріңіз, қатысушы оқушыларыңыз абыржып, сасқалақтап біресе Сізге, біресе сабаққа қатысып отырған қонақтарға қарайды.
Осындай проблемалық жағдайда қандай шешім қабылдар едіңіз?
Егер мұндай жағдайдың болатынын ескерген болсаңыз сабаққа қалайша дайындалар едіңіз?
Осындай проблемалық жағдайда оқушылар қандай психологиялық көңіл күйде болуы мүмкін? Оларға қандай психологиялық қолдау, әдістемелік көмек көрсете аласыз?
Достарыңызбен бөлісу: |