Педагогикалық жағдаят №14
Сегізінші сыныпта оқитын қызға жазылған хат мұғалімнің қолына түседі. Ал ол: «Ромео болғаныңа!» деп, хаттағы грамматикалық қателерді жөндей бастайды. «Ромео» болса сыныптан атып шығып, үш күн бойы сабаққа келмейді. Кәсіби тұрғыдан педагогтың әрекетін бағалаңыз. Сіз мұндай жағдайда қандай іс-әрекет жасар (не айтар) едіңіз? Неліктен?
Педагогикалық жағдаят №15
Мұғалім оқушының сабақ үстінде ұялы телефонды кітап астына тығып алып, біреумен хат жазысып отырғанын байқайды. Мұғалім ызаланып, телефонды жұлып алады да, оқушының ата-анасын мектепке келуін талап етеді. .
Осы жағдайдағы мұғалімнің мінез- құлығына талдап жасаңыз. Сіз мұндай жағдайда не істер едіңіз? Өз әрекетіңізді түсіндіріңіз?
Достарыңызбен бөлісу: |