Педагогикалық жағдаят №168
Сіз кіші мектеп жасындағы балалармен бірге циркке немесе кинотеатрдың балалар сеансына бара жатырсыз. Осы жағдайда Сіз қандай қиындықтарға кездесуіңіз мүмкін? Болашақ педагог тұрғысынан өзінің әсеріңізді сипаттаңыз.
Педагогикалық жағдаят №169
Сабақта бірнеше оқушы телефондағы ойындарды ойнап отыр. Педагогтың ескертуіне былай жауап қайтарады: «Сіздің пәніңіз бізге керек емес. Ол өмірде пайдаға аспайды». Осы оқушылармен диалог құрыңыз.
Педагогикалық жағдаят №170
Сіз сыныбыңызбен мұражайға, көрмеге, зоопаркке (таңдау бойынша) экскурсияға барасыз. Осы жағдайда Сіз қандай қиындықтарға тап болуыңыз мүмкін? Осы экскурсияны жоспарлаңыз.
Достарыңызбен бөлісу: |