Педагогикалық жағдаят №161
Жоғары сынып оқушылары географияны оқытудың сапасына көңілдері толмай, сабақта бұл жайлы ашық айтады. Наразылықтан қалжыраған жас мұғалім жол табады: «Жақсы, - дейді ол, келесі сабаққа өздеріңіз келесіздер. Өздеріңе «мұғалім» таңдаңыздар, қалай болатынын көреміз». Сіз осы жағдайда қалай әрекет етесіз және неліктен? (не істейсіз, не айтасыз және т.б.)
Педагогикалық жағдаят №162
Соңғы сабаққа келгенде мұғалім сыныптың бос екенін көрді. Оқушылар қашып кеткен... Бұл жағдай тағы да қайталанбас үшін не істеу керек?
1. Ата-аналар жиналысын шұғыл өткізу және оқиғаны талқылау.
2. Сынып жиналысын өткізу.
3. Тәртіпті бұзушыларды мектеп директорына алып бару.
4. Оқиғаның себептерін байсалдылықпен ойлау: мүмкін оған оқушы емес, Сіз себепкер болдыңыз.
5. Сіз осы жағдайда қалай әрекет етесіз және неліктен? (не істейсіз, не айтасыз және т.б.)
Достарыңызбен бөлісу: |