Технологиялық функция да үш деңгейде іске асырылады:
1) проективтік, əдістемелік материалдарды дайындаумен байланысты (оқу-жоспарлары, бағдарламалары, оқулықтар жəне т.б.);
2) түрлендіруші – педагогикалық ғылым жетістіктіктерін білім беру
практикасына енгізу;
3) рефлексивтік жəне түзетушілік – ғылыми зерттеу нəтижелерінің оқыту мен тəрбие практикасына ықпалын бағалау жəне ғылыми теория мен практикалықіс-əрекеттің өзара əрекеттеріне түзетулер енгізу.
Педагогика міндеттері:
- тəрбиедегі, оқытудағы, тəрбие жəне білім беру жүйелерін басқарудағы заңдылықтарды ашу;
- педагогикалық практиканы, тəжірибені зерттеу жəне қорыту;
- білім берудің дамуын болжау;
- зерттеу нəтижелерін педагогикалық практикаға енгізу.
Педагогика салалары
Жалпы педагогика – тəрбие мен білім берудің, оқытудың жалпы заңдылықтарын зерттейді. Ол 4 бөлімнен тұрады: жалпы негіздері, дидактика, тəрбие теориясы жəне мектептану.
Жас ерекшелік педагогикасы (мектепке дейінгі, мектеп, үлкендер педагогикасы) – оқыту мен тəрбиенің жас ерекшеліктерімен байланысты аспектілерін зерттейді.
Коррекциялық педагогика: сурдопедагогика, тифлопедагогика, олигофренопедагогика жəне логопедия.
Педагогика тарихы - педагогикалық идеялар мен педагогикалық практиканың даму тарихын зерттейді.
Салалық педагогика (əскери, спорт, жоғары мектеп, кəсіби педагогика).
Этнопедагогика - тəрбие саласындағы халық тəжірибесін, яғни халықтық
педагогиканы зерттейді.
Салыстырмалы педагогика - əр елдердің білім жүйелерін салыстыра отырып
зерттейтін педагогика саласы.
Педагогика ғылымын философиямен тығыз байланыстырады. Ол ежелгі Кытай, Үңдістан, Египет, Греция елдеріңде пайда болып, дамыған. Теориялық педагогиканы дамытқан ежелгі грек ойшылы Сократ (427-3476.з.д), Аристотель (384-322 б.з.д). Олар өздерінің құнды еңбектері және ойларымен тәрбиеге терең мән берген. Тәрбиелеу жүйесін ежелгі грецияның философы Демокритпен (460-370ж. б.э.д.) байланыстырады. Ол барлық еңбектерінде тәрбиеге мән берген. 'Табиғат пен тәрбие егіз, тәрбие адамды құрастырады, адам табиғатты құрастырады"-деп санады. Орта ғасырда педагогиканы дамытушылардың қатарында шіркеу адамдары өз заманының философтар болған: Теруллиан (160-222), Августин (354-430) Аквинат (1225-1274) педагогика теориясына өз үлестерін қосқан.