Педагогика месяц2023 Байсултанова Сая Шәріпханқызы



бет1/3
Дата29.12.2023
өлшемі1,57 Mb.
#144529
  1   2   3
Байланысты:
Д 1 Педагогика пәні

Педагогика

МЕСЯЦ2023

Байсултанова Сая Шәріпханқызы

Педагика

Қазіргі педагогиканың əдіснамалық негіздері

  • Адам туралы ғылымдар жүйесіндегі педагогика ғылымының орны, оның басты ерекшеліктері.
  • Педагогика пəні, оның негізгі категориялары жəне олардың өзара байланысы
  • Педагогика ғылымының функциялары мен міндеттері. Педагогикалық ғылымдар жүйесі
  • Қазіргі педагогиканың негізгі əдіснамалық жағдайы. Философиялық заңдылықтар. Таным теориясы

Педагогика өз атауын гректің «пайдагогос» (пайда-бала, гогос-жетектеймін) сөзінен алған. Ол баланы жетектеуші деген мағынаны береді.
Педагогикалық ғылым - оқыту мен тәрбиелеудің фактілерін жинақтайды, құбылыстар арасында себеп-салдарлы байланыстарды орнатады.
Педагогика ғылымын философиямен тығыз байланыстырады. Ол ежелгі Кытай, Үңдістан, Египет, Греция елдеріңде пайда болып, дамыған.
Ғылымның обьектісібұл ғылым зерттейтін ақиқат шындықтың саласы
Педагогика ғылымының обьектісібілім беру (тәрбие). Сондықтан педагогиканың обьектісі ретінде адам индивидтің дамуын қамтамасыз ететін құбылыстарды білім беру деп атайды. Ол педагогика зерттейтін обьективті өмірдің бөлігі
Педагогиканың пәні арнайы әлеуметтік институттарда (жанұяда, білім беру, мәдени, тәрбиелеу орталықтары) ұйымдастырылатын педагогикалық үрдіс. Осы мағынада, педагогика-адам дамуының факторы және құралы болып табылатын педагогикалық үрдістің мәнін, заңдылықтарын, дамуын зерттейтін ғылым
Педагогика ғылымы әуел бастан бала тәрбиесі деген ұғымды білдірсе, қазір ол бүкіл адамзат тәрбиесін өз міндетіне алып отыр. Тиімді тәсілдер, әдістер, танымдық жұмыстар қолданудың түпкі нәтижесі: адамға тәрбиенің мәнін, сәнін, мазмұнын түсіндіру және үйрету
Білім беру ұғымын ең алғаш рет педагогикаға енгізген Иоганн Генрих Песталоцци.
Білім беру - Білім беру – қоғам санасында сақталған əлеуметтік эталондарға, белгілі бір
идеалды образдарға саналы бағытталған тұлға əлеуметтенуінің, дене жəне рухани қалыптасуының біртұтас процесі.
Оқыту - білім берудің негізгі жолы.
Оқыту оқытушы мен оқушылардың біріккен іс-әрекеттері - ол екі жақты біртекті үрдіс: біріншіден, оқытушы оқушыларға білім беріп іскерлікке, дағдыға үйретеді, екіншіден, оқушы таным міңдеттерін жете түсініп, дағдыны игереді және оларды өмірге қолданады
Оқыту - білімдерді, іскерліктерді, дағдыларды меңгертуге, дүниетанымын қалыптастыруға, ақыл-ойын жəне потенциалдық мүмкіндіктерін дамытуға бағытталған мұғалім мен оқушылардың арнайы ұйымдастырылған, мақсатты жəне басқарылатын өзара əрекет ету процесі.
Тəрбие – педагогикалық процесс жағдайында жеке адамның қоғамдық тəжірибені игеру үшін бағытталған белсенді іс-əрекетін қолдау жəне ұйымдастыру.
Педагогиканың теориялық функциясы үш деңгейде іске асырылады:
1) сипаттау немесе түсіндіру – озық педагогикалық тəжірибені зерттеу;
2) диагностикалық – педагогикалық құбылыстардың, оқушы мен мұғалім іс-əрекетінің тиімділігін анықтау, оларды қамтамасыз ететін себептерді, шарттарды анықтау;
3) болжамдық – педагогикалық шындықты экспериментальды зерттеу,
солардың негізінде сол шындықты түрлендіру моделін жасау.


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет