Химическая связь



Дата03.04.2023
өлшемі1,23 Mb.
#78631
Байланысты:
Кеңес Ырысдәулет

Дене шынықтыру Маманының кәсіби шеберлігі

Орындаған:Кеңес Ырысдәулет

Фкс 20-111-10тобы

Тексерген:Сафаргалиева.Г.Н.


Қазіргі заман педагогінен тек өз пəнінің терең білгірі болуы емес, сонымен қатар ол танымдық, педагогикалық-психологиялық сауатты, саясиэкономикалық білімді жəне инновациялық технологияны жан-жақты меңгерген, жоғары мəдени, педагог атағына ие, кəсіби құзырлы маман болу талап етілуде.
Болашақ дене шынықтыру мұғалімінің кәсіби іскерліктері мен дағдыларын қалыптастырудың педагогикалық шарттары. Болашақ дене шынықтыру мұғалімінің кәсіби іскерліктері мен дағдыларын қалыптастыруды табысты жүзеге асыру үшін осы үрдісті ұйымдастыруға, оның талаптарын қанағаттандыруға мүмкіндік беретін педагогикалық шарттарды анықтау қажет.
Болашақ дене шынықтыру мұғалімінің кәсіби қызметке даярлығын кәсіби іскерліктері мен дағдылар деңгейінде қалыптастырудың педагогикалық шарттарын негіздеу үшін осы мәселе бойынша педагогика және психология ғылымдары саласында жүргізілген ғылыми зерттеулерге талдау жасалынды. Атап айтқанда, болашақ дене шынықтыру мұғалімінің кәсіби қызметке даярлығын қалыптастырудың педагогикалық шарттарын зерттеген Л.С.Выготский, Е.М.Иванова, Н.М.Борытко, В.В.Лобачев, Ш.Бахтыбекова, Т.Қуанышев, Ж.М.Төлегенов, Ә.К.Әбділлаев, Ж.К.Оңалбек, т.б еңбектерінде болашақ мұғалімді кәсіби қызметке даярлаудың оның тұлғалық кәсіби-бағдарланған қасиеттеріне арналғаны жөн деп саналған.
Болашақ дене шынықтыру мұғалімдерін кәсіби қызметке даярлаудың даярлығын жоғары деңгейде қамтамасыз ету үшін оқу-тәрбие, әлеуметтік-педагогикалық, мәдени-ағартушылық, ғылыми-әдістемелік, ұйымдастыру-шылық-басқарушылық, денсаулық сақтау-салауатты өмір салтын насихаттау қызметтерін қатар алу жүру қажет.
Қарым-қатынастың коммуникативті жағы (тар мағынада) қарым-қатынасқа түсушілердің бір-бірінен мәлімет алмасуы.
Интерактивті жағы — қарым-қатынасқа түсушілердің өзара әрекеттесуін ұйымдастыру, яғни білім, идеялар және әрекеттермен алмасу (әрекеттестік). Бірлескен әрекеттің ұйымдастырылуы.
Перцептивті жағы — қарым-қатынасқа түсушілердің бір-бірін қабылдауы, тануы (түсінуі), соның негізінде өзара түсіністіктің пайда болып қалыптасуы.
Дене шынықтыру мұғалімдерінің кәсіби іскерліктері мен дағдыларын қалыптастырудың қазіргі жайы және оны жақсарту жолдары. Болашақ дене шынықтыру мұғалімдерінің кәсіби іскерліктері мен дағдыларын қалыптастыру әдістемесі. Болашақ дене шынықтыру мұғалімдерін кәсіби педагогикалық қызметке даярлау мәселесі бойынша жүргізілген теориялық талдау дене шынықтыру мұғалімдерінің кәсіби іскерліктері мен дағдыларын қалыптастыруға жеткілікті көңіл аударылмайтындығын көрсетті. Практика жүзінде болашақ дене шынықтыру мұғалімдерінің кәсіби педагогикалық қызметке дайындығын қалыптастыру білім беру үрдісінде тек лекция, семинар сабақтары, практикалық сабақтар, спорттық жаттығулар секілді академиялық оқу формаларының басымдылығымен жүргізіліп отырылғаны белгілі болды.
Назарларыңызға рахмет!!!

Достарыңызбен бөлісу:




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет