1. Тұлға –
А) Әлеуметтiк қатынастар мен саналы iс-әрекеттiң субъектiсi
В) Адами қасиеттер жүйесі
С) Индивидтiң физиологиялық қасиеттерi
Д) Адамның даму ерекшелiктерi
Е) Адами сапалар жиынтығы
Дұрыс жауап: А
2. Даралық –
А) Тұлғаның өзін-өзі анықтауы
В) Адамның әлеуметтік тәжірибені меңгеруі
С) Бір тұлғаның басқа бір тұлғадан айырмашылығы
Д) Адами тұрғыдан қарау
Е) Адамның әлеуметтік мәртебесі
Дұрыс жауап: С
3. Тұлғаның дамуы
А) Тұлғаның танымдық іс-әрекетіндегі сандық және сапалық өзгерістер
В) Адамның белсенділік әрекет түрі
С) Адамның логикалық ойлауының бір түрі
Д) Адамның әлеуметтік құбылыс ретінде қалыптасуы
Е) Адамның қарым – қатынастары
Дұрыс жауап: А
4. Тұқым қуалаушылық -
А) Білім алушылардың жас ерекшеліктерінің сипаттамасы
В) Балалардың ата – анасынан қалған биологиялық ерекшеліктері
С) Әлеуметтік ортаның адамның қалыптасуына ықпалы
Д) Адамның дамуына ықпал жасайтын әлеуметтік қатынас
Е) Білім берудің тәрбиелік мүмкіндіктері
Дұрыс жауап: В
5. Тұлғаны қалыптастыру -
А) Адамға моралдық ықпал ету
В) Психологиялық ойлаудың бір түрі
С) Логикалық ойлаудың бір түрі
Д) Адамның психикасының өзгеруі
Е) Жеке тұлғаның дамуының нәтижесі
Дұрыс жауап: Е
Практикалық сабақ
Тақырып: Тұлға дамуының жас ерекшеліктері, білім беру үрдісіндегі жеке, гендерлік және инклюзивті тәсілдер
Қарастыратын сұрақтар: Тұлға дамуының жас ерекшеліктері.
Білім беру үрдісіндегі жеке жәек гендерлік тәсілдер.
Білім беру үрдісіндегі инклюзивті тәсілдер.
Тапсырмалар: 1.Тұлға дамуының жас ерекшеліктеріне кесте құрастыру.
2.Білім беру үрдісіндегі жеке, гендерлік және инклюзивті тәсілдердің өзара байланысын және ерекшеліктерін түсіндіріп беріңіз.
Өткізу түрі: кестені талқылау; презентация жасау.