«Педагогика» пәні бойынша


Тәрбиенің түрлері мен олардың өзгешеліктерінің сипаттамасы



бет3/19
Дата08.12.2022
өлшемі88,42 Kb.
#55974
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   19
Байланысты:
Педагогика. Тема № 6-7 Тәрбие. Ибраимова Ж.К. 23.08.22.

Тәрбиенің түрлері мен олардың өзгешеліктерінің сипаттамасы.
Адамның жеке тұлға ретінде дамып қалыптасуында әлеуметтік тәжірибе мен жалпы адамзаттық мәдениеттің маңызы зор. Кең мағынада мәдениет адам іс-әрекетінің белсенді-шығармашылық сипатында қарастырылады. Әлеуметтік ортадағы әрбір адам мәдениеттің материалдық, рухани, әлеуметтік-нормативті болып бөлінетін үш бөлігін игеруі тиіс. Жалпы адамзаттық мәдениеттің әрбір бөлігі– әр адамның дайындық деңгейінің бір қырын көрсетеді.
Мәдениеттің белгілі бір саласының немесе бір іс-әрекет түрінің дамуына байланысты, қоғамда өсіп келе жатқан ұрпақты осы іс-әрекет түріне дайындау қажеттілігі туындалған. Яғни, нақты бір іс-әрекет түріне даярлауды ұйымдастыру тәрбие түрін анықтайды. Мысалы, өнердің дамуына байланысты эстетикалық тәрбие қажеттілігі туындады. Әлеуметтік-экономикалық бағыттың дамуымен қоғамның нарықтық экономикаға, нарықтық қатынастарға өтпелі кезеңінде жас ұрпақты экономикалық тәрбиелеу қажеттілігі пайда болды. Яғни, қоғамдағы барлық процесстер өзара тығыз байланысты да, өзара келісілген.
Тәрбиенің барлық түрлері мектептің тұтас педагогикалық процессінде ғылым негіздерін үйренуде, сонымен қатар отбасында да жүзеге асады. Оқушылар мектептегі білім мен тәрбие алған барлық жылдары бойы адамзат еңбегімен құрастырылған өмір мен мәдениет құндылықтарымен танысады.
Педагогикалық әдебиеттерді талдау барысында тәрбие түрлерінің әртүрлі негіздер бойынша топтастырылатыны көрінеді. Ең жалпылама топтастыру көне дәуір философтарының ілімдерінен бастау алатын ақыл-ой, рухани, адамгершілік, еңбек, дене тәрбиесін қамтиды.
Қоғамдағы әлеуметтік экономикалық өзгерістерге және тәрбие жұмысының көптүрлігіне байланысты азаматтық, саяси, ұлтаралық, адамгершілік, эстетикалық, еңбек, дене шынықтыру, құқықтық, экологиялық, экономикалық тәрбие түрлерін ажыратады.
Әртүрлі әлеуметтік институттарға қарайтындығына байланысты отбасылық, мектептік, мектептен тыс, конфессиялық (діни), балалар, жасөспірімдер ұйымдарындағы, арнайы білім беру мекемелеріндегі тәрбие түрлері болып бөлінеді.
Тәрбиешілер мен тәрбиеленушілер арасындағы қарым-қатынас ерекшеліктеріне байланысты авторитарлық, демократиялық, либералдық, еркін тәрбие түрлері орын алады.
Философиялық тұжырымдардың ерекшеліктеріне сәйкес прагматикалық, аксиологиялық, ұжымдық, жеке тәрбиелеу түрлері болады. Қысқаша түрлеріне тоқталып өткен жөн.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   19




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет