«Педагогика» пәні бойынша



бет7/19
Дата08.12.2022
өлшемі88,42 Kb.
#55974
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   19
Экономикалық тәрбие дегеніміз – балалардың нарықтық экономика жағдайында шаруашылықты тиімді жүргізу қағидалары мен нормаларына сай сана-сезімдерін, дағдыларын, іскерліктерін, талаптары мен мүдделерін қалыптастыруға жүйелі және мақсатты ықпал жасау.
Экономикалық тәрбиенің мақсаты – тиімді экономикалық іс-әрекетке байланысты экономикалық ұғым мен сана-сезімді қалыптастыру.
Экономикалық тәрбиенің міндеттері:
– экономикалық сана-сезім мен ақыл-ойды, саналы мұқтаждықтар мен қажеттіліктерді қалыптастырып бекіту;
адам бойында ұқыптылық, тәртіптілік, үнемшілдік, іскерлік, ұйымдастырушылық, еңбексүйгіштік сияқты қасиеттерді қалыптастыру;
– балалардың шығармашылықпен еңбек ету және тиімді, үнемді, аз шығындармен жоғары нәтижелерге жете алу іскерліктерін дамыту;
– тиімді экономикалық іс-әрекетке деген ынта мен талпынысты қалыптастыру.
Дене шынықтыру тәрбиесі дегеніміз – адам денсаулығын сақтау мен нығайту және деденің дұрыс дамып, қалыптасуына жеткізу.
Дене шынықтыру тәрбиесінің мақсаты – салауатты өмір сүру негіздерін білу және ұстану, өз еркімен дене шынықтыру және спортпен шұғылдану дағдыларын қалыптастыру.
Дене шынықтыру тәрбиесінің міндеттері:
– денсаулықты нығайтуға және дене шынықтыруды дұрыс дамытуға ықпал жасау;
– табиғи қозғалтқыш қасиеттерді дамытып жетілдіру;
– дене шынықтырумен жүйелі шұғылдануға тұрақты қызығушылық пен қажеттілікті тәрбиелеу;
– табиғат күштерімен балалар денесін шынықтыру (күн, су, ауа);
– ақыл-ой және дене еңбегіне қабілеттілікті жетілдіру;
– гигиеналық дағдыларды қалыптастыру.
Дене шынықтыру тәрбиесінің мазмұны жас ұрпақты дене шынықтыру мәдениетінің әр түріне, әскери-өнер әрекеттеріне қатысуын, адам денесінің оның ақыл-ой, сезім, еріктерімен үйлесімді дамуын қамтиды.
Қазіргі кезде мектептің тұтас педагогикалық процессінде салауатты өмір салтын сақтау кеңінен насихатталуда, валеология сабақтары өткізілуде, төтенше жағдайларда өзін-өзі қалай ұстау керектігі туралы курстар оқылып, барлық мектептерде психологтар, медицина қызметкерлері баланың денсаулығын, психофизиологиялық жағдайы мен әлеуметтік деңгейін зерттеп, ескеруді жақсарту жұмыстарын жүргізуде.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   19




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет