Педагогика пәнінен тест сұрақтары



бет1/5
Дата26.04.2023
өлшемі62,02 Kb.
#87317
  1   2   3   4   5
Байланысты:
Педагогика тест


Педагогика пәнінен тест сұрақтары

1.Педагогика ғылымы зерттейді:


А) оқыту, білім беру және тәрбиелеу процесінің заңдылығын
В) мектептегі оқу-тәрбие процесінің нәтижесі
С) оқушының даралығын, дербестігін
D) оқыту мен тәрбиенің заңдылығын, қағидаларын
Е) тәрбие үдерісінің қозғаушы күштерін зерттейді

2.Педагогика ғылымының негізгі ұғымдары:


А) тәрбие, оқыту, білім беру
В) орта, мұрагерлік, тәрбие
С) білім, тәрбие, дағды
D) оқыту, оқу, жеке оқу
Е) тәрбие, қалыптасу, даму, жеке оқу

3.Ғылыми педагогиканың негізін қалаушы:


А) Я.А.Коменский
В) Ы.Алтынсарин
С) К.Д.Ушинский
D) А.С.Макаренко
Е) Ж.Ж.Руссо

4. Педагогиканы өз алдына жеке ғылым ретінде бөліп көрсеткен ғалым:


А) Ф.Бэкон
В) Я.А. Коменский
С) Ж.Ж. Руссо
D) К.Д.Ушинский
Е) Р. Оуэн

5.Ғылыми педагогикалық зерттеу әдістері:


А) табиғи эксперимент
В) үлгі-өнеге
С) рейтинг
D) қоғамдық пікір
Е) проблемалық баяндау

6. Оқу-тәрбие процесінің сандық және сапалық көрсеткішін анықтау:


А) математикалық-кибернетикалық әдіс
В) педагогикалық озат тәжірибені модельдеу
С) тест тапсырмалары, сұхбаттасу
D) сұхбаттасу, сауалнама жүргізу
Е) бақылау, сұхбаттасу әдісі

7. Социометриялық әдіс:


А) ұжымның бір-бірімен қарым-қатынас деңгейін анықтау
В) алдын-ала дайындалған жоспар бойынша ұйымдастыру
С) іс-қағаздарын оқып үйренуді ұйымдастыру
D) табиғи, лабораториялық түрлерін анықтау
Е) оқу-тәрбие жұмысының сандық-сапалық көрсеткіштері

8. Іс-қағаздарын, күнделіктерін оқып-үйрену, талдау әдісі:


А) мектеп құжаттарын зерттеу
В) социометриялық әдіс
С) сауалнама жүргізу
D) байқау өткізу
Е) эксперимент қою

9. Эстетикалық тәрбиенің бастауы қалыптасқан мемлекет:


A) Ежелгі Афинада
B) Ежелгі Үндістанда
C) Ежелгі Шығыс елдерінде
D) Ежелгі Түркі жерінде
E) Ежелгі Қытайда

10. Мемлекеттік стандарт:


А) білім берудің қалыпты нормасын көрсететін құжат
В) оқытылатын пәндердің ретін анықтайды
С) оқыту пәндерін мазмұнын көрсетеді
D) апталық жүктемені көрсетеді
Е) оқытудың мазмұнын ашатын құжат

11. Оқу бағдарламасы:


А) белгілі пән бойынша меңгеретін білім, дағдының көлемін анықтайды
В) мектептің іс-әрекетіне бағыт беретін құжат
С) білім, іскерлік, дағдының жиынтығы
D) дидактиканың талаптарына сай жасалған құрал
Е) оқу пәндерінің құрамын, сағат санын анықтайтын мемлекеттік құжат

12.Оқу жоспары:


А) оқу пәндерінің құрамын, әрбір пәнді оқытуға қажетті апта бойынша сағат санын анықтайды
В) белгілі пән бойынша меңгеретін білім, іскерлік, дағдының көлемін анықтайды
С) білім, іскерлік, дағдының жиынтығын, көлемін анықтайды
D) дидактиканың талаптарына сай жасалған құрал
Е) мектептің іс-әрекетіне бағыт беретін құжат

13. Оқулық:


А) пән бойынша дидактиканың талаптарына сай жасалған құрал
В) пән бойынша меңгеретін білім, іскерлік, дағдының көлемін анықтайды
С) пән бойынша білім, іскерлік, дағдының жиынтығы
D) пән бойынша мектептің іс-әрекетіне бағыт беретін құжат
Е) оқу пәндерінің құрамын, әрбір пәнді оқытуға қажетті апта бойынша сағат санын анықтайтын мемлекеттік құжат

14. Оқу жоспары қандай бөліктерден тұрады:


А) инвариативті, вариативті
В) вариативті, жылжымалы
С) мектептік, жұмыстық
D) аймақтық, облыстық
Е) инвариативті, тұрақты

15.Оқу жоспарының түрлері:


А) мектептік, мемлекеттік, аймақтық
В) мемлекеттік, жылжымалы
С) аймақтық, тұрақты
D) министерслікте жасалатын оқу жоспары
Е) мектепте жасалатын оқу жоспары

16. Оқу бағдарламасы:


А) 3 бөліктен тұрады
В) 2 бөліктен тұрады
С) 4 бөліктен тұрады
D) 1 бөліктен тұрады
Е) 5 бөліктен тұрады

17. Заңдылық дегеніміз:


А) педагогикалық процесс пен құбылыстардың арасындағы мәнді байланыс
В) тәрбие процесінде басшылыққа алынатын ережелер мен талаптардың жиынтығы
С) адамдық қасиеттер туралы теориялар жиынтығы
D) мақсат көзделінген процесс басшылыққа алынатын ереже
Е) мұғалімнің басшылығымен жүргізілетін жұмыс

18.Тәрбие мен өзін-өзі тәрбиелеудің бірлігі:


А) тұтас педагогикалық процестің заңдылығы
В) тәрбиенің принципінің өзгерісі
С) тәрбие әдісінің жиынтығы
D) тұтас педагогикалық процестегі оқыту
Е) тұтас педагогикалық процестегі тәрбие тәсілдері

19. «Принцип» ұғымының мағынасы:


А) бастапқы, негізгі, қағида
В) бастапқы, әдіс
С) заңдылық, принцип
D) әдіс, тәсіл, құрал
Е) үйретуші, мұғалім

20. Тәрбие жұмыстарын белгілі бір мақсатпен ұйымдастыру мұғалім мен оқушылардың іс-әрекеттерінің жоспарлы түрде өтуіне игі әсер етеді:


А) мақсаттылық принципі
В) мектептің өмірмен байланыс принципі
D) оқыту мен тәрбиенің ғылымилық принципі
Д) түсініктілік принципі
Е) жүйелілік пен бірізділік принципі

21. Микроорта -


А) отбасы
В) ұжым
С) климат
D) табиғат
Е) достар арасы

22. «Дидактика» ұғымын алғаш ғылымға енгізген:


А) В.Ратке
В) Я.А.Каменский
С) А.Дистерверг
D) К.Д.Ушинский
Е) А.С.Макаренко

23. Дидактика ұғымы:


А) оқыту теориясы
В) тәрбие теориясы
С) мектептану
D) білім беру
Е) дамыту теориясы

24. Дамыта оқыту идеясын қалыптастырушы:


А) А.Дистервег
В) Я.А.Коменский
С) И.Песталоцци
D) Д.Дьюй
Е) Ж.Руссо

25. Я.А.Каменскийдің еңбегі:


А) «Ұлы дидактика»
В) «Ұстаздық дастан»
С) «Дидактикалық материалдар»
D) «Мектептің жас директорымен сырласу»
Е) «Балаға жүрек жылуы»

26. Көру, есту ағзаларында кемістігі бар балаларды оқыту мен тәрбиелеу мәселелерін зерттейтін педагогиканың саласы:


А) арнайы педагогика
В) еңбекпен түзету педагогикасы
С) педагогика тарихы
D) жоғары мектеп педагогикасы
Е) өндірістік педагогика

27. Оқыту процесінің қозғаушы күші:


А) оқытудағы қарама-қайшылық процесі
В) білімді игеру бағытындағы іс-әрекеттер жиынтығы
С) оқушыларды білім, іскерлік,дағды жүйесімен қаруландыру
D) мадақтау мен жазалау процесі
Е) ата-ананың көмегі, қолдауы

28. М.Дулатовтың еңбегі:


А) «Есеп құралы»
В) «Ана тілі»
С) «Әліпби»
D) «Үлгілі бала»
Е) «Қуаныш мектебі»

29. И.Г.Пестолоцидің дидактикаға қосқан үлесі:


А) бастауыш оқыту негізін
В) дамыта оқыту теориясын
С) дейгейлік оқыту теориясын
D) проблемалық оқыту теориясын
Е) саралап оқыту негізін

30. Оқытудың функциялары:


А) білімдік, тәрбиелік
В) ынталандыру
С) ізгілендіру
D) білімдік, ынталандырушылық
Е) ынталандырушылық

31. Білім:


А) адамзаттың жинақтаған тәжірибесі, заттар мен құбылыстарды тану нәтижесі
В) алған білім негізінде оқушылардың практикалық әрекеті іске асырылады
С) қайта-қайта орындалатын практикалық әрекетке машықтану
D) білім, іскерлікпен дағдының бірлігі
Е) оқыту нәтижелері, табиғат заңдарын тану нәтижесі

32. Іскерлік:


А) алған білім негізінде оқушылардың практикалық әрекеті іске асырылады
В) адамзаттың жинақтаған тәжірибесі, заттар мен құбылыстарды тану нәтижесі
С) қайта-қайта орындалатын практикалық әрекетке машықтану
D) білім, іскерлікпен дағдының бірлігі, табиғат заңдарын тану нәтижесі
Е) оқыту нәтижелері, табиғат заңдарын тану нәтижесі

33. Дағды:


А) қайта-қайта орындалатын практикалық әрекетке машықтану
В) адамзаттың жинақтаған тәжірибесі, заттар мен құбылыстарды тану нәтижесі
С) алған білім негізінде оқушылардың практикалық әрекеті іске асырылады
D) білім, іскерлікпен дағдының бірлігі
Е) оқыту нәтижелері, табиғат заңдарын тану нәтижесі

34. Құрғақ жаттауға негізделіп оқыту-оқытудың қай түрі:


А) догматикалық-схоластикалық
В) түсіндірмелі-информациялық
С) проблемалық-психологиялық
D) бағдарламалап оқыту
Е) деңгейлік оқыту

35. Дамыта оқыту:


А) оқушылардың таным іс-әрекеттерін барынша дамыту, өз бетімен жаңа білімді іздеп табуға және оны еркін игеруге үйрету
В) мұғалім оқушыларды белгілі білім жүйесімен қаруландырады, іскерлікке үйретеді
С) оқушылардың алдына мәселе қойып отыру, танымдық және творчестволық қабілетін дамыту
D) оқытуда жаңа бағдарламаланған оқулықтар, оқыту құжаттары, үйрету машиналары қолданылады
Е) оқушының өз жұмысының нәтижелерін басқа балалардың жұмыстарымен салыстыру

36. Түсіндірмелі-иллюстративті оқыту:


А) мұғалім оқушылардыбелгілі білім жүйесімен қаруландырады, іскерлікке үйретеді, көрекі құралдар қолданылады
В) оқушылардың таным іс-әрекеттерін барынша дамыту, өз бетімен жаңа білімді іздеп табуға және оны еркін игеруге үйрету
С) оқушылардың алдына мәселе қойып отыру, танымдық және творчестволық қабілетін дамыту
D) оқытуда жаңа бағдарламаланған оқулықтар, оқыту құжаттары, үйрету машиналары қолданылады
Е) оқушының өз жұмысының нәтижелерін басқа балалардың жұмыстарымен салыстыру

37. Көрнекілік принципінің негізін қалаған:


А) Я.А.Коменский
В) К.Д.Ушинский
С) А.Құнанбаев
D) М.Жұмабаев
Е) И.Г.Песталоцци

38. Ежелгі Грециядағы тәрбие жүйесінің мақсаты


A) жан-жақты гармониялы тәрбие
B) құлдарды құл иеленушілерге қарсы қою
C) денесі шыныққан адамды қалыптастыру
D) адамды жеке дара тәрбиелеу
E) тұлғаны ұжымда тәрбиелеу

39. Ертедегі грек философы, педагог, Платонның шәкірті, А. Македонскийдің тәрбиешісі:


A) Аристотель
B) Демокрит
C) Сократ
D) Диоген
E) Сенека

40. Ертедегі Афины тәрбие жүйесінің ерекшеліктері:


A) жан-жақты дамыған “идеалды” адамды тәрбиелеуінде
B) тек қана денесі шыныққан адамдарды тәрбиелеуінде
C) мәдениеттің жылдам дамуы ерекшеліктерімен байланысты
D) діни әдет-ғұрыптармен байланысты
E) тұлғаны сұлулыққа тәрбиелеуінде

41. “Диуани лұғат ат-түрік” еңбегінің авторы:


A) Махмуд Қашқари
B) Ахмет Жүйнеки
C) Қожа Ахмет Яссауи
D) Сайф Сараи
E) Ж. Баласағұн

42. Баланың дамуындағы жас кезеңдеріне қарай бөлуді алғаш негіздеген:


A) Аристотель
B) Я.А.Коменский
C) Ы.Алтынсарин
D) әл-Фараби
E) Платон

43. Феодалдық қоғам мектептеріндегі оқу мазмұндарының сипаты:


A) діни сипаттылығы
B) білімнің ғылымилығы
C) практикалық білімділігі
D) білімнің теориялық негізділігі
E) элементарлық білім беру теориясы

44. Медреседегі басты оқу әдісі


A) жаттау
B) аспан әлемін бақылау
C) діни өлеңдерін айту
D жадидзм
E) жаппай оқыту

45. Әл-Фарабидің еңбектері


А) “Музыканың ұлы кітабы”
B) “Педагогикалық антропология”
C) “Ұлы дидактика”
D) “Құтты білік”
E) “Ақиқат сыйы”

46. Әл-Фараби бойынша адамның танымы:


A) 3 басқыштан тұрады
B) 2 басқыштан тұрады
C) 4 басқыштан тұрады
D) 5 кезеңнен тұрады
E) 7 кезеңнен тұрады

47. Гуманистік педагогиканың шығу кезеңі және өкілдері:


A) Витторино де Фелтре, Ф.Рабле, Т.Мор
B) алғашқы қауымдық қоғам, М.Квинтилиан
C) Махмуд Қашқари, Ж.Баласағұни
D) Ө.Тілеуқабылұлы, А.Яссауи
E) А.С.Макаренко,В.Сухомлинский

48. Арнайы педагогика бөлімі:


A) тифлопедагогика
B) жалпы педагогика
C) мектепке дейінгі педагогика
D) салыстырмалы педагогика
E) кәсіптік педагогика

49. Я.А.Коменский бойынша балалардың даму кезеңдері


A) 0-6 жас, 6-12 жас, 12-18 жас, 18-24 жас.
B) 0-2 жас, 2-8 жас, 8-15 жас, 15-20 жас
C) 0-2 жас, 2-12 жас, 12-15 жас, 15-18 жас
D) 1-7 жас, 7-14 жас, 14-21 жас
E) 0-8 жас, 8-15 жас, 15-23 жас, 23-27 жас

50. Неміс мұғалімдерінің ұстазы


A) И.Г.Дистервег
B) Р.Оуэн
C) А.Бебель
D) А.Гербарт
E) И.Г.Песталоцций

51. Адамды еркін тәрбиелеу идеясын ұсынған:


A) Ж.Ж.Руссо
B) Д.Дидро
C) К.Гельвеций
D) Ж.Кондорее
E) Я.А.Коменский

52. Элементарлық білім теориясының авторы:


A) И.Г.Песталоцци
B) Ж.Ж.Руссо
C) Р.Оуэн
D) И.Гербарт
E) А.Дистервег

53. Ұжымды тәрбиелеу теориясын жасаған:


A) А.С.Макаренко
B) Ы.Алтынсарин
C) Г.А.Дистервег
D) Я.А.Коменский
E) М.Жұмабаев

54. Қазақ тіліндегі “Педагогика” оқулығының авторы:


A) М.Жұмабаев
B) Ш.Уәлиханов
C) Ы.Алтынсарин
D) М.Дулатов
E) А.Байтұрсынов

55. А.С.Макаренконың педагогикалық жүйесіндегі негізгі проблема:


A) ұжым проблемасы
B) дидактика проблемасы
C) шығармашылық проблемасы
D) таным проблемасы
E) еңбек проблемасы

56. Абай Құнанбаевтың 45 бөлімнен тұратын шығармасы


A) Қара сөздері
B) Ескендір
C) Масғұт
D) Әзімнің әңгімелері
E) Өлеңдері

57. Ең алғаш рет қазақ тілінде жазылған психология оқулығының авторы:


A) Ж.Аймауытов
B) А.Байтұрсынов
C) М.Дулатов
D) М.Жұмабаев
E) Ы.Алтынсарин

58. Педагогика ғылымының пайда болу себебі:


А) тәрбие тәжірибесін жинақтау қажеттілігі пайда болды
B) білім адам өмірінде айқын роль атқаратын кезеңде туды
C) астрономия, геометрия сияқты ғылымдар пайда бола бастады
D) тәрбие тәжірибесі өзінің адамзат өркениетінің терең қабатына бойлады
Е) қоғамдық сұраныс, адамзат өркениеті

59. Жеке тұлғаның дамуында және қалыптасуында жетекші роль атқаратын


фактор:
A) тәрбие
B) ұжым
C) отбасы
D) қоғамның сұранысы
Е) тұқымқуалаушылық және ұжым

60. Педагогиканың ғылыми зерттеу әдісі:


A) бақылау
B) экскурсия
C) сынып сағаты
D) конференциялар
E) КВН

61. Я.А. Коменскийдің «Алтын ереже» атты оқыту ұстанымы


А) көрнекілік әдіс
B) бірізділік әдіс
C) практикалық әдіс
D) бейне әдісі
Е) кітаппен жұмыс әдісі

62.Жеке тұлғаның даму процесі:


А) сыртқы және ішкі факторлардың әсерлерінен болатын сандық және сапалық
өзгерістердің болуы
В) әлеуметтік жүйеде қалыптасуы, сапалық өзгерістердің болуы
С) мерзімі жағынан ұзақ, қарама-қайшы процесс
D) жаңа қарым-қатынастың қалыптасуы мен оны меңгеру
Е) өзін өзі бақылау, бағалау, есеп беру

63. Әлеуметтік бағытталған тәрбие ісі:


А) оқушылардың әлеуметтік қатынастар жүйесін қалыптастыру
B) қоғамдық маңызы бар қасиеттерді тәрбиелеу
C) тәрбие ісінің кешенді сипатын нақтылау
D) қоғамға, билік органына, құқықты сақтау тәртібіне қатынасы
Е) қатынасуға қажетті адамгершілік әдеттерді қалыптастыру

64. Сынып жетекшісінің ата-аналармен жұмысының жеке формасына жататындар


A) педагогикалық кеңес беру
B) тестілеу, кеңес беру
C) пікір таластар
D) интервью алу
Е) ата-аналар жиналысы

65. Ата-аналар жиналысының түрі:


A) тоқсандық
B) апталық
C) айлық
D) сағаттық
Е) симпозиумдар

66. Мектепте жоғары жетістіктерге жетудің шешуші рөлі:


А) мұғалімнің шеберлігі
B) дұрыс ұйымдастырылған ойын сауық
C) өзіне қарата білу
D) тектілік, мәдениеттілік
Е) тәрбиеленушілерді еңбекке баулу

67. Мұғалімнің педагогикалық жұмысын жоспарлап ұйымдастыра білуі:


А) конструктивті, құра білу
B) қарым-қатынасты басқара білу
C) өзіне қарата білу
D) дұрыс сөйлей білу
Е) әртүрлі қоғамдық пайдалы қызметпен байланыстыру

68. Басты педагогикалық функция:


A) оқыту процесін жүргізу, тәрбиелеу, дамыту, қалыптастыру
B) оқушыларды оқыту тәрбиелеу, дамыту, қалыптастыру
C) менеджер тәрбиелеу, оқыту
D) қазіргі дүниедегі білім проблемасын зерттеу
E) адам психологиясын зерттеу

69. Педагогикалық процесс:


A) дамыту, тәрбиелеу, оқытуды өзіне біріктіретін жүйе
B) ұйымдастыруды және басқаруды жақсартудың проблемасы
C) бұл ерік жігер, мінез құлық қалыптасуының, қабілет, түсіну, ойлау жүйелерінің ерекшеліктері
D) сабақ, сынып, мектеп, халыққа білім беру жүйесі
Е) тәрбиелеуді, ұйымдастыруды және басқаруды жақсартудың проблемасы

70. Педагогикалық процестің біртұтастығы:


A) барлық процестердің методологиялық негізінің бірлігі, ортақтығы
B) педагогикалық процесті құрайтын процестердің бір-біріне жалпы ұқсастығы
C) барлық компоненттерінің бір-біріне бағыныштылығы
D) барлық процестердің бір жағдайда өтуі
Е) барлық процестердің методологиялық негізінің әртүрлілігі

71. Оқытудың функциясы:


A) білім беру, тәрбиелеу, дамыту
B) тәрбиелік, білім берушілік
C) дамытушылық,жоспарлау
D) білімділік, зерттеу
E) диагностикалық, болжамдық

72. Оқытудың практикалық әдістері


A) тәжірибелер, жаттығулар
B) иллюстрация, демонстрация
C) әңгімелеу, әңгіме, дәріс
D) танымдық ойындар
E) дискуссия, дебат

73. Оқытуды ұйымдастырудың түрі:


A) сабақ
B) пәндік үйірме
C) конкурс
D) олимпиада
E) факультатив

74. Оқу материалдарын баяндаудың диалог ретінде қолданылатын әдісі:


A) әңгімелесу
B) дәріс
C) ойын
D) түсіндіру
E) қадағалау

75. Оқытуды ұйымдастырудың негізгі формасы


A) сабақ
B) ертеңгілік
C) үй тапсырмасы
D) экскурсия
E) сынып сағаты

76. Оқыту тәсілі:


А) әдістің құрамдас бөлігі, бір жолғы әрекет, нақты дұрыс қадам
Б) білімді меңгеру үшін пайдаланылатын материалды немесе нақты нысана
С) оқыту жеке бөліктер түрінде іске асырылып дидактикалық процесті құрайды
D) педагог қызметінің жүйелілігі, бағытталған іс-әрекет
Е) оқытудың мақсатына жетуге бағытталған іс-әрекет

77. Оқыту құралы:


А) оқушылардың білімді игеру үшін пайдаланатын материал
В) білімді игерудегі әдістің құрамды бөлігі
С) білімді игерудегі оқыту процесінің бөлшегі
D) мұғалімнің тиянақты іс-әрекеті, іскерлігі
Е) оқушылардың біріккен іс-әрекеттерінің әдіс-тәсілдері

78. Ұжымдық, танымдық іс-әрекеттегі оқушылар активінің мүшелері:


A) кеңесші
B) редколлегия мүшелері
C) санитар
D) меңгеруші
E) сынып жетекшісі

79. Баяндаудың диалог әдісі


A) әңгімелесу
B) түсіндіру
C) мектеп лекциясы
D) айтыс
E) жатқа айту

80. Оқыту процесіндегі ынталандыру:


А) білім беру мазмұнын белсенді игеру
В) кәсіби міндеттерге деген қатынас
С) диагностиканың құбылмалылығы және қиындылығы
D) дерек және экспериментті байқау
Е) оқу құралдарын пайдалану

81. Ұжымдағы педагогикалық басшылықтың мәні:


А) ұжымның қызмет ету процесін басқару
B) оқушылар ұжымын басқару
C) ұжым ерекшеліктерін ескеру
D) ұжымды тәрбие құралы ретінде пайдалана білу
Е) ұжым мүшелерін бағалап отыру

82. Блум токсономиясына жатады -


А) талдау
B) есептеу
C) бақылау
D) санау
Е) материал дайындау

83. Эстетикалық тәрбие істерінің тұрақты қайнар көзі:


А) ұлы суреткерлердің шығармаларын білу және түсіну
B) әрекеттің жоғары қоғамдық сипатын қалыптастыру
C) дәстүрдің қайта өрлеуі және түсіну
D) санаға, сезімге, адамдардың еркіне әсер ету
Е) әрекеттің жоғары адамгершілік сипатын қалыптастыру

84. Педагогиканың негізгі бөлімдері:


A) дидактика, тәрбие теориясы, мектептану
B) кибернетика, дидактика, психология
C) психология,  тәрбие теориясы, мектептану 
D) философия, әлеуметтану, экономика
E) педагогикалық шығармашылық негіздері




Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет