Педагогика, психология и методика обучения



жүктеу 62.25 Kb.

Дата06.03.2017
өлшемі62.25 Kb.

ВЕСТНИК   ЖГУ им. И. Жансугурова   № 2-3 / 2011

 

 



32 

 

6.  Касымов  К.А.,  Нургабылов  Д.Н.  О  краевых  задачах    с  внутренним  начальным  скачком. 



//Вестн. АН КазССР, 1984, №1, С.56-69. 

 

 



ПЕДАГОГИКА, ПСИХОЛОГИЯ И МЕТОДИКА ОБУЧЕНИЯ 

 

 



ӘОК  371.315.7:004.4:512 

А.О. Алдабергенова, І.Ж. Есенғабылов,  Е.С. Хаймулданов  

І.Жансүгіров атындағы Жетісу мемлекеттік университеті, khaimuldanov_e@mail.ru 

 

АҚПАРАТТЫҚ-ЛОГИКАЛЫҚ   МОДЕЛЬДЕУДІ ФИЗИКАНЫ  ОҚЫТУДА  

ҚОЛДАНУ ӘДІСТЕРІ 

 

 



     

В данной статье рассматриваются вопросы формирования системы умении и навыков 

о методах информационно-логического моделирования.   

 

     This  article  discusses  the  formation  of skills  on how information  and logic  simulation. 



 

Қоғамдағы  өндірістің,  әлеуметтік,  экономикалық  және  саяси  өмірдің  күрделенуі  мен 

адамзат  іс-әрекетінің  барлық  саласындағы  үдерістердің  серпінді  өзгерісі,  біріншіден  білімге 

деген  сұраныстың  өсуіне  алып  келсе, екіншіден осы сұраныстарды қанағаттандырудың жаңа 

құралдарын жасау  мен технологияларын анықтауды талап етеді. 

Бүгінгі  ақпараттық  технологиялардың  даму  деңгейі  мен  оларды  физиканы  оқытуда 

қолдану  деңгейінің  арасындағы  қайшылықтарға  байланысты  білім  берудің  неғұрлым  тиімді 

технологияларын  іздестіру  көкейкесті  мәселе  болып  саналады.  Сондай-ақ,  оқу-ағарту 

саласының  жетік  компьютерлендірілгендігі  және  оларға  арналған  компьютерлік  оқыту 

бағдарламаларының  көптеп  енуі,  ал  екінші  жағынан  мектепте  физиканы  оқытуда 

ақпараттық-логикалық  модельдеуді  қолдану мәселесі  теориялық жағынан негізделген.   

Қазіргі  ақпараттық  технологиялардың  қарқынды  даму  кезеңінде  орта  білім  беретін 

оқу  орындарының  оқу  үдерісінің  тиімділігі  заманауи  педагогикалық  технологияларды 

ұтымды  қолдана  білуге  тікелей  қатысты.  Сол  себепті  ақпараттық-компьютерлік 

технологиялар  құралдарын  педагогикалық  іс-әрекетте  кеңінен  қолдана  білу  іскерліктерінің 

жоғары  деңгейде  қалыптасуы  орта  арнаулы  оқу  орындары  мамандарының  кәсіби 

дайындығына  қойылатын  талаптар  қатарына  енеді.  Осы  орайда,  орта  оқу  орындарының 

педагогикалық  үдерісінде  ақпараттық  технологиялар  мен  бағдарламалық  құралдарды 

қолдану  және  осының  негізінде  ақпараттық-логикалық  модельдеуді  оқыту  үдерісінде 

пайдалану  өзекті  мәселе  болып  табылады.  Бүгінгі  ақпараттық  қоғамның  материалдық 

технологиялық  қоры  компьютерлік  техникалар  мен  компьютерлік  желілер,  ақпараттық 

технологиялар  мен  телекоммуникациялық  байланыстарға  негізделген  жүйелер  болып 

табылатындығы айқын болып отыр [1]. 

Сондықтан,  оқушыларға  білім  беруде  ақпараттық-логикалық  модельдеуді  физиканы 

оқытуда  қолдану  арқылы  тәжірибелік  іс-әрекеттер  барысында  пайда  болатын  мәселелерді 

қалыпты  түрде  сипаттау,  яғни  ақпараттық-логикалық  модельдеу  әдістері  туралы  біліктілік, 

іскерлік  пен  машықтар  жүйесін  қалыптастыруды  қажет  етеді.  Сонымен  бірге,  негізгі 

алгоритмдік  құрылымдарды,  бағдарламалау  технологияларын  білу,  есептерді  математикалық 

модельдер  бойынша  шешу,  компьютер және оның құрылғыларымен, ақпараттық технология 

құралдарымен  жұмыс  істеу,  құрылған  алгоритм  бойынша  бағдарламалау  тілдерінің 

көмегімен  компьютерге  арнап  бағдарлама    құру  және  бұл  білімдер  мен  іскерліктерді  зерттеу 

нысанының,  құбылыстың  ақпараттық-логикалық  моделін  құру  үшін  қолдану  негізгі  мәселе 

болып  саналады. 

Осы  аталған  талаптардың  қажетті  көлемде  жүзеге  асырылуы  оқушылардың 



ВЕСТНИК   ЖГУ им. И. Жансугурова   № 2-3 / 2011

 

 



33 

 

ақпараттық-логикалық  модельдеу  бойынша  сауаттылығының  жоғары  деңгейде  қалыптасуын 



қамтамасыз  етеді.  Ақпараттық-логикалық  модельдеу  ұғымы  «Ақпараттық  мәдениеттілік» 

ұғымына  компьютерлік  сауаттылықтың  құрауышы  ретінде  енді  және  ол  жаңа  ұғымдарды 

енгізу  арқылы  пайда  болады,  яғни  барлық  жаңа  ұғымдар  компьютер  көмегімен  физикалық 

есептерді  шешу  үшін  ақпараттық-логикалық  модельдеу  әдістерін  қолдану  мәселелеріне 

арналады.          

Орта  оқу  орындарында  ақпараттық-логикалық  модельдеу  арқылы  білім  беруді 

теориялық  тұрғыдан  негіздеуден,  оқыту  үдерісінде  компьютерлік  оқыту  бағдарламаларын 

қолдану  жағдайында  білім  берудің  дидактикалық  негіздерін  анықтаудан,  ақпараттық-

логикалық  модельдеу  арқылы  оқыту  технологиясын  даярлаудан,  орта  оқу  орындарында 

ақпараттық-компьютерлік  білім  беру  мазмұнын  анықтаудан  және  физиканы  оқытуда 

ақпараттық-логикалық 

модельдеу 

негізінде 

жасалған 

компьютерлік 

оқыту 


бағдарламаларының құрылымын айқындаудан тұрады.  

Модельдеу  қоршаған  ортаны,  табиғат  пен  қоғамда  болып  жатқан  ақпараттық 

үдерістерді  тану  әдісі  ретінде  ерекше  мәнге  ие болады. Сондықтан да, ақпараттық-логикалық 

модельдеуге  ерекше  назар  аударуға  тура  келеді.  Себебі,  ол  оқушылар  меңгеруге  тиісті  білім 

қорын  таным  тәсілі  мен  мазмұны  тұрғысында  қарастырады.  Бұл  ақпараттық-логикалық 

модельдеу  мәселесі,  қоршаған  шындықты  танып-білудің  әдістері  ретінде  оқып-үйренуді 

қажет етеді.   

Оқытудың  басты  бір  әдісі  ретінде  физика  ілімінің  мамандары  модельдеуді  үлкен 

назарда  ұстап  отыр.  Атап  айтқанда,  Л.И.Резник  физиканы  оқып-үйренуде  графикалық 

модельдерді  қолданудың  әдістемесін  зерттеді.  С.Е.Каменецкий  модель-аналогиялардың  ролі 

мен  мүмкіндіктерін  көрсетті.  Л.Р.Калапуша  және  И.И.Логвинов  белгілерді  қолданатын 

модельдерді  қолдану  ерекшеліктерін  ашты.  Д.И.Пеннер  ядро  құрылысын  оқып-үйрену 

барысында және физикалық  оптикадағы модельдеудің  ролін зерттеді  [2].  

 Осы  аталған  ғалымдардың  еңбектеріне  жүргізілген  талдау  нәтижелеріне  сүйенсек, 

олардың  жалпы  ортақ  мақсатты  көздейтіндіктерін  байқауға  болады.  Физика  курсында 

модельдеуді  оқып-үйренудің  негізгі  мақсаты,  бұл    «Оқушылар  арасында  қазіргі  замананың 

ғылыми  көзқарасын  қалыптастыру,  бұл  жерде  ақпарат  -  табиғаттың  іргелі  сөз  мағнасының 

қасиеті  ретінде  қарастырылады,  ал  ақпараттық  үдерістер  кез-келген  техникалық,  әлеуметтік 

және  табиғи  жүйелердің,  оның  ішінде  адамзатты  қоршаған  ортаны  тану  үдерістерінің  де 

маңызды  интелектуалды  компоненттері  болып  табылады».  Сонымен  бірге,  аталған 

зерттеулер  бүгінгі  заманның  ғылыми  әдістемелерін  негізге  ала  отырып,  ақпараттық 

модельдеудің  теориялық мәселелерін оқып-үйренуге бағытталады.  

Ал  Т.А.Яковлева  компьютердің  көмегімен  есепті  шешудің  келесі  кезеңдерін  атап 

көрсетеді:  есептің  нақты  зерттеу  нысанында  қойылуы,  формальдау  және  модельдеу, 

алгоритм  және  бағдарлама  құру,  компьютер  жұмысының  нәтижелерін  алу  және  талдау. 

Модельдеу  элементтерімен,  ғылыми  танымның  әдісі  ретінде  оқушылар  кіші  сыныптарда 

математика  курсында  танысады.  Модельдер  сызба,  формула,  теңдеулер  және  т.б.  түрде 

ұсынылуы тиіс. Сонан соң модельдеу басқа пәндерді (химия, биология, информатика, физика 

және  т.б.)  оқып-үйрену  барысында  қолданылады.  Компьютерді  қолдану  арқылы  модельдеу, 

яғни  компьютерлік  моделдеу  технологиясы  қазіргі  ғылыми  танымның  неғұрлым  жемісті 

технологияларының  бірі  болып  табылады.  Ол  «Оқушылардың  эксперименттік  және 

зерттеушілік  әрекеттерін  арттырады,  модельдеу  технологиясына  негізделген  оқыту  үдерісін 

нақты  таным  үдерісіне  жақындату  мүмкіндігін  береді».  Осы  айтылған  пікірлерге  сүйене 

отырып,  физика  курсының  кез-келген  тақырыбы,  мүмкіндігінше,  компьютерлік  модельдеу 

идеологиясына  сәйкес  құрылуы  тиіс.  Физика  курсының  оқулықтарындағы  есептерді 

модельдеу  элементтерін  оқып-үйренудің  дидактикалық  шарттарына  байланысты  топтастыру 

қажет. 

Физиканы  оқытудағы  модельдеу  әдісінің  мәні  мынада,  яғни  қандай  да  бір  зерттеу 



нысанын  оқып-үйрену  барысында,  алдыңғы  зерттеу  нысанын  алмастыратын  басқа  зерттеу 

ВЕСТНИК   ЖГУ им. И. Жансугурова   № 2-3 / 2011

 

 



34 

 

нысаны  қолданылады.  Түпнұсқаны  алмастыратын  зерттеу  нысанын  модель  деп  атайды. 



Модельдеу  кезінде,  бір  зат  туралы  білімдер  басқа  бір  зерттеу  нысанына  тасымалданады. 

Молекулалық  физиканы,  электродинамиканы,  оптиканы,  атомдық  және  атомдық  ядро 

физикасын,  заттардың  құрылысы  және  өрістер,  молекула  мен  атомдардың  құрылысын, 

олардың  қозғалысын  оқып-үйрену  үдерісінде  оқушыларда  модельдік  ұғымдарды  және  олар 

туралы    түсініктерді  қалыптастыру  қажеттігі  туындайды.  Бұл  кезде  көрнекі  құрал  ретінде 

модельдерді  жиі  пайдалануға  тура  келеді.  Ал  құбылыстар  туралы  тұжырым  мен 

қорытындыны  ұқсастық  бойынша  жасайды.  Бұл  жерде  техникалық  және  зертханалық 

құрылғылар  мен  тәжрибелердің  модельдері  қолданылады,  яғни  олар  Резерфорд  тәжірибесі, 

Штернь  тәжірибесінің  моделі,  үдеткіш,  циклотрон,  бетатрон,  ядролық  реакторлардың  және 

т.б.  модельдері.  Мұндай  модель-ұқсастықтар  оқушыларға  құбылыстың  ішкі  механизмін 

түсіну  үшін  маңызды мәнге ие болады [3].  

Модельдеу  табиғатты  зерттеу  әдісі  ретінде  физикалық  зерттеу  нысанын  тану  үшін 

ертеден  қолданылып  келеді.  Физикадағы  модельдеудің  ғылыми  негіздерінің  дамуы 

И.Ньютонның  атымен  байланысты.  Ол  алғаш  рет  ұқсастық  туралы  екі  теореманы  ұсынады, 

сонымен,  модельдеуді  теориялық  танымның  әдісі  ретінде  тұңғыш  бастама  жасады.  Бұл 

бағыттағы  келесі  қадамды,  физикалық  құбылысты  математикалық  модельдеу  тұрғысынан 

қарастыруды  Д.Максвелл  жасады.  Идеал  газдың  моделі  мен  заттардың  атомдық-

молекулярлық  құрылысының  моделі,  заттардың  молекулярлық-кинетикалық  теориясының 

дамуына  ықпал  етті  және  бірқатар  эксперименттік  газ  заңдарын  (Бойль-Мариотт,  Гей-

Люссак, Шарль)  түсіндіруге  көмектесті.   

Физикада  құру  тәсілі  бойынша  барлық  модельдерді  материалдық  және  идеалды  деп 

бөлуге  болады.  Материалды  модель  деп  зат  түріндегі  элементтен  тұратын  және  белгілі  бір 

табиғи заңдылықтарымен нақты қызмет ететін модельдерді айтады. Олар зерттеу нысанының 

құрылымын,  өту  сипатын  және  қарастырылып  отырған  физикалық  процестің  немесе 

техникалық  құбылыстың мәнін жаңғыртуға  арналады.  

Материалдық  модельдер  физикалық  модельге  ұқсас  (электродвигательдердің  моделі, 

бу  трубиналары);  кеңістіктегі  ұқсас  (автомобильдердің,  кемелердің,  ұшақ  қанатының,  іштей 

жану,  магниттік  қосқыш  двигательдерінің  модель-макеті  және  басқа  микроәлемнің 

демонстрациялық  модельдері  және  т.б.).  оларды  суреттердің,  мультипликацияның,  белгілі 

бір  символдардың  көмегімен  көрсетуге  болады.  Дегенмен,  элементтердегі  барлық 

түрлендірулер  бұл  жағдайда  адам  санасында  логикалық,  математикалық  және  физикалық 

ережелер мен заңдар бойынша іске  асырылады.  

Ақпараттық  модельдеудің  жалпы  идеяларын  қарастыру  барысында  мына  сұрақтарға 

басымдылық  беріледі:  ақпараттың  қалыпты  белгілер  түріндегі  сипаты;  компьютерді 

дискретті  белгілер  құрылымдарын  ұсыну және түрлендіру құралы ретінде пайдалану; зерттеу 

нысаны-тіл-зерттеу  нысанының  бейнесі;  формальды  модельдерді  жүйелі  ақпараттық  тілде 

сипаттаудың  негізгі  конструкциялары;  ақпараттық  модельдерді  құру    барысындағы 

технологиялық  тізбек  және оларды компьютердің  көмегімен  жүзеге асыру.   

Есептерді  шешуді  автоматтандырудың  қажетті  деңгейін  қамтамасыз  ету  үшін 

компьютер  қолданылады.  Математикалық  модельдерді  компьютер  бағдарламаларының 

жиынтығы түрінде іске  асыру оның компьютерлік  моделі деп аталады. 

Ақпараттық  модель  –  бұл    сезімдік  және  теориялық  ойлауға  сүйенетін  табиғи  немесе 

арнайы  тілдердің  көмегімен  оқып-үйренетін  пәнді  дәл,  нақты  сипаттау.  Компьютерлік 

модель  –  ақпараттық-компьютерлік-ақпараттық  модель  арқылы  ұсынылған  пәндер  мен 

құбылыстар туралы нақты білімдерді  жалпы анықтау нәтижесі ретінде  қарастырылады [4]. 

Оқушы  пәнді  жақсы  білумен  қоса,  негізі  информатикалық  ақпараттық-логикалық 

модельдеу  әдістемесін  де  жетік  меңгеруі  тиіс.  Оқушыларды  ақпараттық-логикалық  модельдеу 

негізінде  кәсіби  іскерлікке  бейімдеп  оқыту  жүйесі  ғылыми-әдістемелік  тұрғыда  жетілдіріліп, 

шешілуінің  керектігі  теориялық-әдіснамалық  тұрғыда  анықталды,  яғни  философиялық, 

психологиялық,  педагогикалық,  әдістемелік,  физикалық,  информатикалық  әдебиеттерді, іргелі 



ВЕСТНИК   ЖГУ им. И. Жансугурова   № 2-3 / 2011

 

 



35 

 

ғылыми-зерттеу жұмыстарын жан-жақты талдау, ізденіс жұмыстарының бағыттарын анықтауға 



мүмкіндік берді. 

Мектепте, жоғары оқу орнында сапалы оқу бағытын айқындайтын жаңа жолдардың бірі – 

пәндерді  модулдік  технология  арқылы  оқыту  екендігі  теориялық  және  тәжірибелік  жағынан 

дәлелденуде. Бұл мәселені ғалымдар Дж. Рассель, П.Юцявичене, М. Жанпейісова т.б дәлелдеп 

келеді.  Модуль  ұғымының  этимологиялық  мәні  білімді  қолданысқа,  меңгеруге  ыңғайлы  етіп 

жүйелеу, шоғырландыру, жинақтау болып табылады. Модульдік технологиялармен қатар жаңа 

технологиялардың  бірнеше  түрін  сабақ  жүйесінде  қолдануға  болады.  Қазіргі  уақытта  сабақ 

жүйесінде компьютерлік технология көп қолданылып жүр. 

Мультимедиалық технолгиялар мультимедиа өнімдерінің жасалу үрдісімен байланысты, 

яғни,  электрондық  кітаптар,  мүмкіндігінше  энциклопедиялар,  компьютерлік  фильмдер.  Бұл 

өнімдердің өзіндік ерекшеліктері мәтіндік, графикалық, аудио-бейне, ақпараттық анимацияның 

бірігуі болып табылады. Мультимедиа технологиясы компьютерді тең дәрежедегі әңгіме-дүкен 

құрушыға айналдырып қана қойған жоқ, оқушыға сыныптан, үйден шықпай-ақ үлкен ғалымдар 

мен педагогтардың дәрістеріне қатысуына, өткен және қазіргі тарихи оқиғаларға куә болуына, 

әлемнің ең белгілі мұражайлары мен мәдени орталықтарына, жер шарының ең алыс және қызық 

түкпірлеріне сапар шегуіне мүмкіндік жасады [5]. 

Оқытудың  компьютерлік  әдіс-тәсілдердің  тиімділігінің  бағасы,  әдетте,  дәстүрлі  әдіс-

тәсілдерді  инновациялық  әдістермен  салыстыру  арқылы  беріледі.  Оқытудың  дәстүрлі  әдіс-

тәсілдері  пәндік  білімнің  жеткілікті  түрде  игерілуін  қамтамасыз  етуге  жол  ашады. 

Инновациялық  әдіс-тәсіл  алдыңғы  орынға  оқыту  үрдісінде  әр  оқушының  жеке  ойлауын 

дамытуды  қояды.  Инновациялық  оқытудың  әр  кезеңінде  оқушының  жоғары  белсенділік 

деңгейі  сақталатын өзара іс-қимыл формасы басты рөл атқарады. 

 

ӘДЕБИЕТТЕР 



1.

 

Захарова  И.  Г.  Информационные  технологии  е  образовании:  Учеб.  пособие  для 



студ.высш.  учеб,  заведений.  – М.:  Академия,  2003г. 

2.

 



Лыткина  Н.П.  Повышение  познавательного  интереса  учащихся  на  уроках  физики  с 

использованием информационных технологий обучения.  

3.

 

Майер Р.В. Применение информационных технологий при изучении физики. 



4.

 

Самойлова Е.А. Использование компьютерных технологий на уроках  физики.   



5.

 

Телегин С.И. Использование информационных технологий при обучении физики.  



 

 

УДК 372.857 



А.С. Бахтаулова,  Ж. Жакыпова  

Жетысуский государственный университет им. И. Жансугурова, г. Талдыкорган 

СШ №2 п. Кабанбай, Аксуского района 

 

ПРИМЕНЕНИЕ  ИНФОРМАЦИОННО-КОМПЬЮТЕРНЫХ  ТЕХНОЛОГИЙ   НА 

УРОКАХ  ХИМИИ И БИОЛОГИИ  КАК СРЕДСТВО  ПОВЫШЕНИЯ 

ЭФФЕКТИВНОСТИ  СОВРЕМЕННОГО  УРОКА  

 

Мақалада  биология  және  химия  сабақтарында  ақпараттық-компьютерлік    технологияларды 

пайдаланудың  әртүрлі  бағыттары  қарастырылған.  Бейне,  аудиоматериалдарды,  көрсетілімдерді 

қолданудың оңтайлы жақтары келтіріліп,  жүйеленген. 

The article deals with different directions of use of informative and computer technologies at lessons 

of  biology  and  chemistry.  Positive  aspects  of  using  video-,  audio  materials  and  presentations  are 



systematized and given. 

 




©emirsaba.org 2017
әкімшілігінің қараңыз

войти | регистрация
    Басты бет


загрузить материал