Педагогика тарихы



бет59/113
Дата07.09.2023
өлшемі2,03 Mb.
#106444
түріОқулық
1   ...   55   56   57   58   59   60   61   62   ...   113
Байланысты:
Педагогика тарихы Оқулық. - Алматы 2013. – 494 бет.

Жалпыға бірдей бастауыш және жетіжылдық мектеп. 1945-1950 жылдарында мектеп алдындағы басты мәселелердің бірі жаппай бастауыш және жетіжылдық оқуды жүзеге асыру болды. Кеңес одағында халық шаруашылығын қалпына келтіру жұмысы жүргізілді. Онда қираған мектептерді қалпына келтіру, жаңа мектептер салу, мектепте оқитын оқушылар санын және мектеп жүйесін жетілдіру жоспарланды. Жетіжылдық жаппай міндетті оқуды толық жүзеге асырумен қатар орта мектептің жоғары сыныптарда оқитын оқушылар санын көбейту белгіленді. Жаңа мектеп үйлерін салуға өндіріс орындары мен колхоз, совхоздардың көмегі зор болды.
Халықтың қажырлы еңбегінің арқасында белгіленген мерзімде жаңа мектептер салынып, кітапханалар, оқу кабинеттері, мектептен тыс мекемелер қалпына келтірілді. Одақтас республика халықтары біріне-бірі бауырластықпен көмек көрсетті, мысалы, Ресей Федерациясында украин, молдаван мектептері үшін кітаптар басылып, соғыс кезінде жойылған мектеп кітапханаларын қалпына келтіру жұмыстары жүргізілді.
Мемлекет тарапынан мәдениет пен білімді дамытуға қаржы жылдан-жылға ұлғайтылды. Мектеп жүйесін қалпына келтіру және дамыту халықтың орналасу тығыздығы мен экономикалық дамуына қарай жүргізілді. Соғыста ата-анасынан айырылған балаларды оқуға тартуға ерекше назар аударылды, мұғалім мамандарын көптеп даярлау мәселесі қолға алынды.
1950 жылдардың басында бүкіл Ресей мектептері жаппай міндетті жетіжылдық оқуға көшті.
1950/51 оқу жылы Одақ көлемінде 220 мың жалпы білім беретін мектепте 35 миллионға жуық оқушылар оқыды.
1951/55 жылдары халық шаруашылығын дамыту барлық республикаларда, облыс орталықтарында, ірі қалалар мен ірі өндіріс орталықтарында жеті жылдық оқудан жаппай міндетті толық орта білім алуға көшу белгіленді.
Селолық жерлердегі жеті жылдық және орта мектептер саны көбейді. Орта мектепті бітірушілердің белгілі бөлігі өнеркәсіп пен ауыл шаруашылық еңбегіне араласуға тиісті болды. Алайда мектеп бітірген жастардың өмірлік іс-әрекеттерге тікелей араласуға қажетті даярлығы болмады. Олардың арнайы даярлығын арттыру үшін техникумдерде екі-үш жылдық бөлімдер ашылып, бір-екі жылдық училищелер ұйымдастырылды.
Оқушылардың үлгерім сапасын арттыру мақсатында оқыту мен тәрбиелеудің белсенді әдістері қолданылды. Сабақта түрлі жаттығулар жүргізуге уақыт бұрынғыдан көп бөлінді. Оқу үлгерімін арттыру, екінші жылға қалып қоюды болдырмау үшін жұмыстар жүргізілді.
Тарих, география сабақтарында өз өлкесінің тарихын, адамдардың ерлігін білу, өз өлкесін тану үшін туристік саяхаттар жасау жұмыстары кең ауқымда іске асырылды. Оқу-тәрбие үрдісінде техникалық құралдар кеңінен қолданылды.
КСРО Жоғары Кеңесі 1958 жылы желтоқсанда қабылдаған «Мектептің өмірмен байланысын нығайту және КСРО-да халық ағарту жүйесін одан әрі дамыту туралы заң” жаппай сегізжылдық оқуды жүзеге асыруды талап етті. 1962-1963 оқу жылы барлық жетіжылдық мектеп сегізжылдық мектепке айналуы тиісті болды.
1970 жылдары негізінен жаппай сегізжылдық оқуға көшу аяқталды.
Сегізжылдық мектепте оқушылар жалпы біліммен қатар, политехникалық дайындық алды, өнеркәсіп және ауылшаруашылық негіздерімен, техникамен танысты. Сегізжылдық мектеп бітірушілер орта мектептің ІX сыныбына, не арнаулы орта оқу орындарына түсетін болды. Он жылдық мектепте жастар жоғары оқу орындарында оқуға даярланды.
Оқу орындарының жаңа типтері. Соғыстан кейінгі жылдары жұмысшылар мен шаруалардың мәдени-техникалық дәрежесін көтеру мақсатында оқу орындарының жаңа типтерінің бірі - кешкі мектептер кеңінен дамыды.
Халық шаруашылығы мен мәдениеттің дамуын жүзеге асыру барысында сегізжылдық және орта мектептердің саны өсті. Мектеп жүйесі негізінен өзгерген жоқ, алайда, оқу-тәрбие үрдісі мектептің өмірден алшақтығын, оқыту сапасының төмендігін көрсетті.
Отбасы тәрбиесі мен қоғамдық тәрбиені жетілдіру мақсатында 1956 жылдан бастап мектептің жаңа түрі – мектеп-интернаттар ашыла бастады. Онда жалғыз ана тәрбиесіндегі балалар, Отан соғысы мүгедектерінің балалары, ата-анасыз қалған балалар, көп балалы және аз жалақы алатын отбасындағы балалар, шалғай мекендерде тұратын отбасыларының балалары тәрбиеленді. Ата-анасыз қалған балалар, көп балалы отбасы және жалақысы төмен отбасындағы балалар мемлекет қаржысынан тәрбиеленді.
Мектептерде ұзартылған күн топтары мен бөлімдері ашылды. Мектептің бұл түрін ұйымдастыруға өндіріс орындары, колхоз, совхоздар мен ата-аналар белсене араласты. Мұндай мектептерде оқушылардың оқу-тәрбие жұмысы тәрбиешілердің басқаруымен жүргізілді. Ұзартылған күн топтарының жұмысы оқушылардың мектепті тастап кетуі, сыныпта екі жыл қалып қоюы тәрізді кемшіліктерімен күресуде, жаппай міндетті оқуды жүзеге асыруда маңызды рөл атқарды.
Білім мазмұны мен оқыту әдістерін жетілдіру мәселелері. Соғыстан кейінгі алғашқы бейбіт өмірге көшу кезеңінде халыққа коммунистік тәрбие беру мәселесінің маңызы күшейді. Сол тұстағы кеңестік идеология және Ұлы Отан соғысының нәтижесіндегі жаңа тарихи жағдайдағы идеология буржуазиялық идеологияға қарсы күрес жүргізуге бағытталды, әдебиет пен мәдениет халықтық және социалистік реализм ұстанымына сай даму қажеттігін талап етті.
V-VІІ, VІІІ-Х сыныптарда тарих, КСРО конституциясы, әдебиет пәндері бағдарламаларына өзгерістер енгізілді. Жас ұрпақ тәрбиелеу мәселесінде коммунистік идеология мен социалистік қоғам құрудың жетістіктерін мадақтауға, патриоттық тәрбиеге ерекше мән берді.
Соғыстан кейінгі жылдары орта мектептерде политехникалық оқытуға көшу талаптары қойылды. Одақ құрамындағы республикалардың оқу-ағарту министрліктері оқу жоспарлары мен бағдарламаларын қайта қарап, политехникалық оқытуға көшуді мақсат етті. 1953-1955 жылдары Ресей Федерациясының Педагогика ғылымдар академиясы политехникалық оқуға көшуге байланысты білім негіздерін оқытудың әдістемелік нұсқауын даярлап шығарды.
1954 жылдан бастап Украинада жалпы білім беретін мектептерге өндірістік оқыту енгізілді. Мектептердің VІІІ-Х сыныптарында ғылым негіздерін оқытумен бірге, практиканы өндіріс орындарында, машина-техникалық станцияларда, колхоз-совхоздарда өткізу міндеттелді. Мектепте жоғары сынып оқушылары орта білім алумен қатар халық шаруашылығының түрлі саласында жұмыс жасауға, мамандық алуға даярланды.
Орта мектептерге политехникалық оқытуды іске асыру міндеті жүктелді. 1954/55 оқу жылынан бастап жаңа оқу жоспары мен бағдарламалары енгізілді. Бұл оқу жоспары бойынша бастауыш сыныптарда еңбек сабағы, V-VІІ сыныптарда оқу тәжірибе учаскелерінде жұмыс жасау, VІІІ-Х сыныптарда машина тану, электротехника және ауылшаруашылығынан практикумдар жүргізілді. Мектепте оқытылатын жаратылыстану және физика-математика пәндерінің өмірмен байланысты жүргізілуі ескерілді. Алдыңғы қатарлы мұғалімдер зертханалық сабақтар жүргізді.
Мектептерде 1955 жылдардан бастап жоғары сынып оқушыларынан өндірістік бригадалар құрылды. Алғашқы бастама Ставрополь өлкесінен басталып, Алтай өлкесі, Ростов, Новгород, т.б. облыстар мен автономиялық республикаларда кең өріс алды. Рязань обылысында ұйымдастырылған оқушылардың оқу-тәжірибелік шаруашылықтарының тәжірибелері бүкіл одақ мектептерінде жүзеге асырыла бастады. Бұл бригадалар оқушыларды ауылшаруашылығы еңбегіне араластыруға, оның негізгі салаларымен таныстыруға, оқытуды қоғамдық еңбекпен байланыстыруға міндеттелді. Мектеп оқушылары өндіріс және ауылшаруашылық орындарында практикадан өтетін болды.
1956/57 оқу жылдары Ресей Федерациясының оқу-ағарту министрлігі мен Педагогика академиясы 585 мектепке эксперименттік жаңа оқу жоспарын жасады.
Бұл эксперименттік мектептерде арнайы курстарды оқыту, оқушыларды индустриялы өндіріспен және ауылшаруашылығымен таныстыру мақсатында практикадан өткізу міндеттелді.
Педагогикалық білім беру және мұғалім мамандарын даярлау. Ұлы Отан соғысы аяқталғаннан кейін мектепке қажетті мұғалімдер саны жетіспеді, сондықтан жоғары және орта білімі бар мамандар даярлау ісі жүзеге асырылды.
Орта білім алған жастардың санының артуына байланысты 1953 жылдан бастап орта мектеп негізінде екі жылдық педагогикалық училищелер ашылды.
Мұғалімдердің ғылыми және арнайы даярлығын арттыру мақсатында бұрынғы мұғалімдер институттары педагогикалық институттар болып қайта құрылып, орта мектепке мұғалімдер даярлау бір жүйеге келтірілді.
1957/58 оқу жылы кейбір педагогикалық жоғары оқу орындарында бастауыш мектеп мұғалімдерін даярлайтын арнайы факультеттер ашылды.
Педагогикалық институттардың оқу жоспарларына болашақ мамандарды даярлау үшін мектептерде политехникалық білім негіздерін оқыту және өнімді еңбекті оқытуға байланысты, әсіресе, физика-математика, жаратылыстану-биология факультеттерінде 1953/54 оқу жылы өзгеріс енгізілді.
Мұғалімдермен әдістемелік жұмыс жүргізу үшін мұғалімдердің аудандық әдістемелік бірлестіктері мен оқу қабинеттері туралы ережелері іске қосылды.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   55   56   57   58   59   60   61   62   ...   113




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет