Педагогика тарихы


А.С.Макаренконың педагогика теориясындағы негізгі жүйесі



бет55/113
Дата07.09.2023
өлшемі2,03 Mb.
#106444
түріОқулық
1   ...   51   52   53   54   55   56   57   58   ...   113
Байланысты:
Педагогика тарихы Оқулық. - Алматы 2013. – 494 бет.

А.С.Макаренконың педагогика теориясындағы негізгі жүйесі. А.С.Макаренко (1888-1939) ең алғашында педагогика ғылымына тәжірибелі педагог ретінде келді. Ол 1917-1918 ж. ж. мектеп ісін меңгеруші, 1920 жылы Полтава түбіндегі балалар колониясын (кейіннен М.Горький атындағы колония) басқарды. 1925-1935 ж. ж. Харьковтегі Дзержинский атындағы колонияда қызмет атқарды. Осы кезеңдерде оның ұстаздық тәжірибесінен туындаған «Ұстаздық дастан”, «Мұнара үстіндегі тулар”, «Ата-аналарға арналған кітап” атты еңбектері жарық көрді.
А.С.Макаренко тәрбие үдерісі ең алғашында педагогикалық жобалаудан басталуы керектігін айтты. Ол жеке тұлғаның сапалық қасиеттерін қалыптастыруды екіге бөліп қарастырды. Бірінші, барлық тұлғаларға ортақ сапалар және екінші, оқушының жеке даралық сапасын қалыптастыру үшін оның қабілеттері мен бейімділіктерін ескеру керектігін көрсетті.
А.С.Макаренко тәрбиенің басты мақсаты - белсенді, өмірлік ұстанымдарды жүзеге асыру деп санады. Оқушыдан өзге адамдар мен қоғам алдындағы жауапкершілігін, өз абыройын сақтай білуін, жолдастарының пікірімен санасуды, өз пікірін дәлелдей білуін, өмірдің қойған талаптарына сай сыпайы, қатал, қарапайым болуын талап етті. Сонымен бірге, оқушы белсенді ұйымдастырушылық қасиетке ие болып, қойған мақсатына жетуі, өзін ортада ұстай білуі және өзгелерге ықпал ете білу қасиеттерін меңгеруі тиіс. Оқушының көңіл-күйі көтеріңкі, сергек, күреске әзір тұратын, сүйе білетін және бақытты болуға ұмтылуы керек деп түйіндеді.
А.С.Макаренко теориясының өзегі коллектив (ұжым) туралы ілім болды. Ол педагогикаға ”коллектив” деген терминді ендірді, коллективтік тәрбиені ұйымдастыру теориясының негізін қалады. Мектеп коллективінің маңызын барынша жоғары бағалап, коллективтің даму кезеңдерін үшке бөліп, оған сипаттама берді:
бірінші кезең, педагог ұжым мүшелеріне талап қойып, оның орындалуын қадағалайды;
екінші кезең, балалар арасынан белсенділер тобы бөлініп, өз еріктерімен түрлі жұмыстарға қатысады, педагогтың қойған талаптарына қолдау көрсетеді;
үшінші кезеңде ұжым өзін-өзі басқару деңгейіне жетіп, түрлі оқу-тәрбие, шаруашылық, мәдени мәселелерді шешуге қатысады, ұжым атынан әр оқушыға міндет жүктеледі.
Тәрбиеші ұжымның даму кезеңін ескеруіне байланысты тәрбиеленушілерге тиімді ықпал жасау әдістерін таңдай алады.
А.С.Макаренко ұжымды сипаттайтын негізгі ерекшеліктерді анықтады, олар: айқын түрде мақсатқа талпынушылық, барлық ұжым мүшелерінің іс-әрекет жасауы, бірлігі, ұжым мүшелерінің өз арасында міндеттерін анықтауы, бұл міндеттерді әр қайсысының ұқыпты орындауы; қатаң түрде орнатылған тәртіптің болуы, оны ұжым мүшелерінің сөзсіз орындауы; өз мүшелері үшін ұжымның жеке адамдарының бүкіл ұжым алдындағы жауапкершілігі, өзара көмек, өзара бақылау, жолдастық сезім, өзара бағына білу.
Белгілі педагог еңбектің зор пайдасы адамның психикалық, рухани дамуына әсер етуінде деп түсінді. Еңбек тәрбиесінің міндеттері: балаларды еңбекті өзімнің азаматтық борышым деп сүйе білуге үйрету, қоғамдық өнімді еңбекке қатынасуға даярлау. Бұл тәрбиені іске асырудың негізгі жолы балалардың өзін тікелей еңбекке араластыру деп санады.
А.С.Макаренконың отбасы тәрбиесіне қосқан үлесі зор болды. Ол «Ата-аналар кітабы”, «Балаларды тәрбиелеу лекциялары” атты еңбектерінде ата-аналар арасында жүргізілетін педагогикалық жұмыстарға ерекше тоқталады, отбасында балалар өмірін дұрыс ұйымдастыру қажеттігіне назар аударады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   51   52   53   54   55   56   57   58   ...   113




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет