Педагогика тарихы


Қазақстан даласындағы орта ғасыр ойшылдарының тәлімдік ой-пікірлері (ІХ–ХІҮ ғ.ғ.)



бет68/113
Дата07.09.2023
өлшемі2,03 Mb.
#106444
түріОқулық
1   ...   64   65   66   67   68   69   70   71   ...   113
Байланысты:
Педагогика тарихы Оқулық. - Алматы 2013. – 494 бет.

16. Қазақстан даласындағы орта ғасыр ойшылдарының тәлімдік ой-пікірлері (ІХ–ХІҮ ғ.ғ.)

Тарихтан белгілі көне түркілер ұрпағы – қазақтардың этногенезі туралы сөз қозғасақ, олар жоғарыда айтылған Енисей жазба ескерткіштеріндегі мәліметтерге қарағанда және көне Қытай, Ұйғыр, Моңғол жазбалары бойынша арғы тегі Моңғол тектес Ғұндар мен Үнді-Иран тектес Қыпшақтар мен Сақтардың, түркі тектес Үйсін, Қаңлылардың қосындысынан пайда болған Еуразия даласының көшпенділері екені байқалады. Қазақтың этногенезінде Керейттер мен Наймандардың, Арғындар мен Қоңыраттардың, Алшын, Жаппас, Шектілердің де болғанын тарих дәлелдеп отыр. Ол жөнінде атақты тарихшы В.В.Бартольд, Л.Н.Гумилев, Х.Арғынбаев, Ә.Марғұлан т.б. еңбектерінде дәйекті дәлелдер келтірілген.


Қазақ хандығы ХҮ ғ. орнағанымен қазақ ұлтының аты одан әлдеқайда ерте ҮІ ғ. өзінде-ақ төңіректің төрт бұрышына белгілі болған. Ол жөнінде М.Шоқайдың, түрік профессоры З.Ұ.Тоғанның, фольклорист-ғалымдар: Ә.Диваев, Ә.Қоңыратбаевтың, тарихшы-ғалымдар М.Х.Дулатидің, Ш.Уәлихановтың, А.Н.Бернштамның, М.Ақынжановтардың зерттеу еңбектерінде айтылған.
Ал қазақ халқының ұрпақ тәрбиелеу дәстүрі – халық педагогикасынан, оның ауыз әдебиеті үлгілері мен тұрмыс-тіршілігімен байланысты туындаған салт-дәстүрінен, ұлттық музыкасы мен өлең жырларынан, қолөнер түрлері мен ұлттық ойындарынан бастау алған.
Ұлттық мәдениеттің ұрпақ тәрбиелеудегі ерекшелігін зерттеу ісімен ғылыми педагогиканың бір саласы этнопедагогика айналысады. Ол халықтың ұрпақ тәрбиелеу тәжірибесін, педагогикалық ой-пікір көзқарастарын, ұлттық ойлау ерекшеліктерін, өнер туындыларын зерттей отырып, оның мазмұны мен тәлімдік мәнін, тәрбие құралдары мен оны іске асырудың әдіс-тәсілдерін де қарастырады.
Этнопедагогиканың мақсаты – жастарға халықтық салт-дәстүрлер мен ұлттық мәдениет түрлерінен білім, білік, дағдыларды меңгерте отырып, олардың ұлттық сана-сезімі мен дүниетану көзқарасының қалыптасуына ықпал ету.
Этнопедагогиканың негізгі міндеті – егеменді еліміздің жастарын ой еңбегіне де, дене еңбегіне де қабілетті, сана-сезімі оянған, ұлттық ар, намыс, ожданды қастерлейтін, нарық жағдайында өмір сүре білуге икемді, өнегелі, өнерлі, ұлтжанды азамат тәрбиелеу.
Қазақтың сан ғасырға созылған халықтық тәрбие қағидалары көне Орхон-Енисей жазба ескерткіштерінен басталып, орта ғасыр ойшылдарының еңбектері мен ХҮ-ХҮІІІ ғ.ғ. ақын-жыраулардың толғауларынан, ауыз әдебиеті нұсқаларынан, билердің шешендік сөз үлгілерінен өзекті орын алған. Оны әсіресе ІХ ғ. өмір сүрген Қорқыт бабаның афоризм сөздерінен айқын аңғаруға болады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   64   65   66   67   68   69   70   71   ...   113




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет