№14 СОӨЖ
Шағын жинақты бастауыш мектептегі оқыту процесінде педагогикалық технологияларды пайдаланудың ықтимал нұсқалары.
Ынтымақтастық технологиясы. Талап ету педагогикасынан қарым-қатынас педагогикасына көшу. Бұл балаға ізгілік тұрғысынан қарау, оқыту мен тәрбиенің ажырамас бірлігі:
мұғалім оқушы, оқушы мұғалім, оқушы оқушы, оқушы да субъект, мұғалім де субъект;
оқушы мен мұғалім арасындағы өзара түсінушілік, ынтымақтастық қарымқатынас.
Білім беруді ізгілендіру технологиясы (Ш.А. Амонашвили). Оқушыны азамат етіп тәрбиелеу, олардың танымдық күшін қалыптастыру және дамыту, баланың жаны мен жүрегіне жылылық ұялату.
Проблемалық (мәселелік) оқыту технологиясы. Оқушыны өз бетімен ізденуге үйрету, олардың танымдық және шығармашылық икемділіктерін дамыту. Атап айтқанда:
барлық баланы оқыту (жеке әлеуметтік өміріне қарамастан);
оқытуды жеделдету (орта мектепті 9 жылда аяқтау).
Үнемі қайталау, міндетті кезеңдік бақылау, жоғары деңгейдегі қиыншылық, блокпен оқыту, тірек қолдану; жеке бағдарлы қарым-қатынас, ықпал;ізгілік, еркімен оқыту; әр оқушының жобасының жариялылығы, түзетуге, өсіруге, табысқа жетуге жағдай жасау; оқыту мен тәрбиенің бірлігі.
Түсіндіре оза оқыту технологиясы(С.Н. Лысенкова).Барлық баланы табысты оқыту. Оқу материалының бірізділігі, жүйелілігі; саралау, әр оқушыға берілетін тапсырманың қолайлылығы; бағдарламаның, кейбір тақырыптардың қиыншылығын жеңу, қиын тақырыптарды біртіндеп оңайлату әдісін қолдану. Сабақты пысықтауға әуелі озаттар, сосын орташалар, ең соңында нашар оқушылар қатыстырылады; біртебірте толық дербестікке жету; сыныпта қалыпты жағдай қалыптастыру, түсіністік, өзара көмек, ынтымақтастық қарым-қатынас; оқушының қателігін ескерту, бірақ жазғырмау; үй тапсырмасы тек әр оқушының мүмкіндігіне қарай беріледі; білім, білік дағдыны дамыта меңгерту, түсіндіруді қабылдау.