Педагогика тарихы


Ғасырлар тоғысындағы Қазақстандағы білім беру жүйесі және педагогика ғылымы



бет94/113
Дата07.09.2023
өлшемі2,03 Mb.
#106444
түріОқулық
1   ...   90   91   92   93   94   95   96   97   ...   113
Байланысты:
Педагогика тарихы Оқулық. - Алматы 2013. – 494 бет.

21. Ғасырлар тоғысындағы Қазақстандағы білім беру жүйесі және педагогика ғылымы

Қазақстанның білім беру жүйесі мен педагогикалық ғылымы ХХ және ХХІ ғасырлар тоғысында әлемдік білім кеңістігінде болып жатқан тиімді жаңалықтарды қабылдай отырып қарқынды түрде дами түсті. Адамзаттың өмір сүру тәсілдеріндегі, ойлау жүйесіндегі, идеяларындағы өзгерістер қашан да болсын білімнің қоғамдағы орны мен рөліне тікелей ықпал жасайтыны белгілі. ЮНЕСКО XXІ ғасырдағы білім саласы бойынша дүниежүзілік деңгейдегі білім құндылығының негізін құрайтын мәселелерге ерекше көңіл бөлуде. Олар - ынтымақтастықта өмір сүруге, білімді меңгеруге, еңбек етуге үйрену болып табылады. Бұларға нақты тоқталатын болсақ, біріншіден, әр мемлекет, әр халық басқа мемлекеттер мен халықтардың тарихы, дәстүрлері мен ойлау жүйесі туралы өз білімдерін көтере отырып, олармен бірлікте өмір сүруге үйренуі қажет. Екіншіден, жалпы мәдени деңгейдің көрсеткіші болып табылатын үздіксіз білім жүйесіне қол жеткізуді көздей отырып, ең әуелі білім негіздерін меңгерту сапасын көтеру керек. Үшіншіден, еңбек етуге үйрену үшін әркімнің өз мамандығын жетілдіріп, яғни өзгермелі өмірдегі күтпеген, кездейсоқ жағдайлардан жол тауып шығуға мүмкіндік беретін қажетті біліктілікті меңгерту қажет. Төртіншіден, XXІ ғасырда өмір сүруге үйрену ұжымдық жобаларды жүзеге асыру ауқымында адамның жеке жауапкершілігін күшейтумен бірге оның өзіндік қабілеттерін дамыту талап етіледі.


Еліміз егемендік алғаннан кейін Қазақстанда білім берудің ұлттық моделі қалыптасуда. Онда білім мен тәрбие берудің ұлттық дәстүрін әлемдік білім кеңістігінде орын алып отырған өзгерістермен өзара байланыстыруға айрықша көңіл бөлінуде.
Еліміз егемендік алған алғашқы жылдары экономикалық даму қарқынының төмендігінен білім беру саласында құлдыраулар байқалды.
Мектепке дейінгі көптеген білім беру мекемелері жабылды. 1995-1997 оқу жылдарында білім беру жүйесін оңтайландыру деген желеумен байланысты ауылдық жерлерде орналасқан 300 шағын кешенді мектеп жабылды. Кәсіптік техникалық арнаулы білім беру мекемелері 1991 жылмен салыстырғанда 1997 жылы 40 пайызға төмендеп, оқушы саны 40 пайызға азайды. Еліміз егемендік алған алғашқы бес жыл аралығында жалпы білім беретін мектептерді мемлекет тарапынан тікелей қаржыландыру да қысқарды.
Мемлекеттік жоғары оқу орындарына бюджет есебінен студенттер қабылдау да төмендеді. 1991 жылғы студент саны 59950-ден 40160 -қа, яғни 33 пайызға төмендеді. 1991-1997 жылдар аралығында мемлекеттік жоғары оқу орындарында оқитын судент саны 288371-ден 246390-ға азайды. 1997 жылы студенттердің төрттен бір бөлігі ақылы негізде оқыды.
Мемлекеттік оқу орындарындағы студенттер санының күрт төмендеуі көптеген жекеменшік оқу орындарының ашылуына, талапкерлердің аталған оқу орындарын таңдауына байланысты болды.
Еліміздегі әлеуметтік-экономикалық тұрақтылық ұлттық білім беру жүйесін әлемдік білім беру кеңістігіне кіріктіру мақсатында білім беру саласындағы әлемдік деңгейдегі жүйелі өзгерістер мен жаңа бастамаларға сәйкес Қазақстанда іргелі реформаларды іске асыруға мүмкіндік берді. Білім беру жүйесіндегі реформалар әр азаматты жаңа нарықтық жағдайларға және сол қоғамда өмір сүре білуге бейімдеу қажеттілігіне байланысты мынадай міндеттерді күн тәртібіне қойды:
1. Нарықтық қатынастарға және әлемдік білім жүйесіне кіріктіруге байланысты білім беру жүйесінің құрылымын бүгінгі әлемдік стандарттарға сай қайта құрып, жаңа тұрғыдан өзгерістер енгізу.

  1. Экономикалық және қоғамдық қатынастардың жаңа тұрпатына сай саяси-мәдени, әлеуметтік құрылымдарды қайта құру.

  2. Ұлттық білім жүйесін әлемдік білім кеңістігімен кіріктіруге байланысты халықаралық білім стандарттарын енгізу.

Еліміздегі білім беру жүйесін жандандыруға байланысты “Білім туралы” Заң, Мемлекеттік “Білім” бағдарламасы, Білім берудің Стратегиялық бағдарламасы қабылданды.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   90   91   92   93   94   95   96   97   ...   113




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет