Педагогика тарихы


XX ғ. басындағы бастауыш білім беру



бет45/113
Дата06.01.2023
өлшемі1,86 Mb.
#60524
түріОқулық
1   ...   41   42   43   44   45   46   47   48   ...   113
Байланысты:
Педагогика тарихы Оқулық. - Алматы 2013. – 494 бет.

XX ғ. басындағы бастауыш білім беру. 1890-1900 ж. ж. Ресейде бастауыш білім беру мектептері көптеп ашылды. Олардың құрамында селолық бірсыныптық және екісыныптық халық училищелері, қалалық училищелер, бірсыныптық және екісыныптық шіркеулік-приходтық мектептер, әр түрлі мекемелерге қарайтын мектептер болды.
Осы кезеңде жоғары білім беретін бастауыш оқу орындары да өріс ала бастады: 5-6 жылдық қалалық училищелер, сонымен бірге бастауыш мектептер. Бастауыш мектептерді дамытудың түрлі жолдары белгіленді.
1912 жылдан бастап жоғары бастауыш училищелер 4 жылдық оқу мерзімімен ашылатын болды. Оларға оқушылар элементарлық мектептің 3-4 сыныбынан кейін қабылданды. Жоғары бастауыш училищелер қалалар мен селолық жерлерде де ашылды. 1915 жылы ол мектептерде оқитындардың саны 1,5 мыңға жетті. Дейтұрғанмен де, бастауыш мектептердің басым көпшілігі 3 жылдық оқу мерзімімен оқытты.
Бастауыш оқыту мектептерінің санының артуына байланысты, сол мектептерге мұғалімдер даярлау мәселесі туындады. Жергілікті училищелер үшін мұғалімдер дайындайтын курстардың саны көбейді. Мысалы, 1890-1896 ж. ж. сондай 8 курс ашылса, ал 1897-1902 ж. ж. оның саны 34 жетті. Сонымен қатар мұғалімдер институттары мен семинариялар да қарқынды дами бастады. Мемлекеттік емес жоғары оқу орындары да пайда болды. Мәскеуде Шелапутинский педагогикалық институты, Петербургте педагогикалық академия, Киев пен Петербургте Жоғары Фребель курстары ашылды.
Жеке меншік экспериментальды оқу-тәрбие орындары “Еркін бала үйі” (1906-1909), “Сеттельмент” (1907-1908), “Бала еңбегі және тынығу” (1909-1918) ашылды.
“Еркін бала үйі” К.Н.Вентцельдің бастамасымен Мәскеуде ашылды. Онда 5-12 жас аралығындағы балалар оқып-тәрбиеленді. Бұл тәрбие орнында балаларды шығармашылық еңбекке баулу, тұлғаны дамыту және жетілдіру мақсат етілді. “Еркін бала үйіндегі” тәрбие мазмұны отбасылық тәрбиеге жақын болды. Балалар ағаш шеберлігін меңгеріп, мүсіндеумен және қатты қағаз дайындаумен айналысты, өздерін-өздері күтуге тәрбиеленді.
“Сеттельмент” - ағартушы-тәрбие орнын Мәскеуде А.У.Зеленко мен С.Т.Шацкий ашты. Ондағы бозбалалар мен жеткіншектер кәсіби дайындықтан өтіп, бастауыш мектепте оқуға дайындалды. 1909 жылы С.Т.Шацкий оны “Бала еңбегі және тынығу” деген жаңа атаумен қайта құрды. Бұл мекемедегі бала еңбегі тәрбие құралы және ұжымды ұйымдастыру тәсілі ретінде қарастырылды. Ең бастысы оқыту мен тәрбиелеу ісінде әлеуметтік мәдени ортамен байланыс орнату көзделді. Мұнда мектеп жасына дейінгі баладан үлкен балаларға дейін тәрбиеленді. Балалардың өмірі өнімді еңбекке қатыстыру негізінде құрылды.
ХХ ғ. басындағы орта білімнің дамуы. ХIX ғ.соңы мен XX ғ. басындағы Ресейдегі орта білім жүйесінде орта мектептердің дені гимназиялар болды. 1908-1913 жылдары Ағарту министрлігінің санағы бойынша гимназия, прогимназия және реалды училищелер саны және ондағы оқушылар саны 1136 және 382,5 мыңнан 1630 және 526,5 мыңға артты. Сонымен бірге, 350 жеке меншік орта оқу мекемелері, сауда-саттық училищелері, кадет корпустары және ер балаларға арналған орта техникалық училищелер жұмыс жасады.
Ресейде халыққа орта білім беру ісіне назар көбірек аударыла бастағанына қарамастан, олардың саны мен деңгейі алдыңғы қатарлы мемлекеттерден әлдеқайда төмен болды.
1900 жылғы комиссия орта мектепке қатысты мынадай шараларды: орта мектеп мұғалімдерін дайындайтын университеттерде педагогикалық курстар ашу; мұғалімдердің жағдайын жақсартуға назар аудару; орта оқу орнының типі ретінде гимназия мен реалды училищелерді қалдыру; мектептерде адамгершілік, ұлттық және дене тәрбиесін күшейту; гимназияда оқытылатын латын мен грек тілінің көлемін қысқарту; реалды училищелердің маңызын көтеру; гимназиядан реалды училищеге немесе керісінше реалды училищеден гимназияға ауысуға мүмкіндік беру шараларын бекітуді ұсынды. Комиссияның бұл ұсыныстары жартылай ғана жүзеге асты.
Орта мектепті дамытуға байланысты құрылған комиссия 1901 жылы өзінің ұсыныстарына біраз жаңалықтар ендірді: классикалық білім беруді шағындап, осы заманғы білім беруді күшейту; гимназия мен реалды училищені қосып, бір мектеп жасау; латын тілін қалдырып, грек тілін оқыту міндетті болмады; орыс тілі мен әдебиеті, математика, физика пәндерінен дайындықты арттыру; оқу бағдарламасына қол еңбегі мен міндетті экскурсия жүргізу және дене тәрбиесінің көлемін арттыру жөнінде ұсыныс жасады.
1902 жылы классикалық гимназияны жақтаушылардың қарсылығына қарамастан, осы заманғы білім беру ісіне көшуге баса назар аударылды.
Халық ағарту министрі П.Н.Игнатьевтің басшылығымен 1916 жылы орта мектепті қайта құру жоспары жасалды. Онда бір типті мектеп (гимназияны) 7 жылдық оқуды, екі сатылы етіп (1-3 және 4-7 сыныптар) құру белгіленді.
Бұл жоспарда төртінші сыныптан кейінгі оқуды үш тармаққа бөлу: жаңа гуманитарлық-классикалық пәндерді (негізгі пәндер әдебиет пен тіл), гуманитарлық-классикалық (ескі тілдерді тереңдетіп оқыту), реалды пәндерді (екі бөлімнен – жаратылыстану пәндері мен математиканы оқыту) қарастырылды. 1916 жылы П.Н.Игнатьев министр қызметінен босатылғаннан кейін оның жоспары да жүзеге аспай қалды.
Ресейде орта білім беру жүйесінің бағдарламаларын, оқыту әдістерін қайта құру ХХ ғасырдың басында жеке меншік эсперименталды оқу-тәрбие орындарының ашылуына жол ашты. Батыстың “жаңа мектептерінің” үлгісінде Царское селосында (1900 жылы жетекшісі Е.С.Левицкая); Новочеркасскіде (1906 жылы, жетекшісі Е.Д. Петров); Мәскеу түбіндегі Галицинде (1910 жылы, жетекшісі О.Я.Яковлев) және т.б. бірнеше оқу орны ашылды.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   41   42   43   44   45   46   47   48   ...   113




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет