Педагогика тарихы


Ресейдегі ХХ ғасырдың басындағы жоғары білім беру мен кәсіптік-техникалық білім беру



бет46/113
Дата06.01.2023
өлшемі1,86 Mb.
#60524
түріОқулық
1   ...   42   43   44   45   46   47   48   49   ...   113
Байланысты:
Педагогика тарихы Оқулық. - Алматы 2013. – 494 бет.

Ресейдегі ХХ ғасырдың басындағы жоғары білім беру мен кәсіптік-техникалық білім беру. ХХ ғасырдың басында 60-қа жуық жоғары оқу орны болды. Оның 60 пайызы Мәскеу мен Петербургте орналасты. Ондағы студенттер саны 29 мың, ал оның 4 пайызын әйелдер құрады. Бірінші дүниежүзілік соғыстың басталған кезінде мемлекеттік жоғары оқу орындарындағы студенттер саны үш есе артып, 90 мыңға жетті. Сонымен бірге 6 сауда-саттық оқу орны ұйымдастырылды, олардың 94 пайызы жергілікті жерден қаржыландырылды.
Жоғары мектептерді дамытудың жаңа қадамдары жасалды. Университеттің кейбір факультеттеріне 1916 жылы әйелдер қабылдана бастады. Саратовта университет ашылды. Тағы да бірнеше жоғары оқу орындарын ашу жоспарланды: 10 медициналық факультет, Дондағы Ростов қаласында университет, Екатеринославта жоғары әйелдер курстары ашылды. Осы шаралардың бәрінде жоғары мектептің санын, әсіресе шет аймақтарда, көбейту көзделген еді.
1905 жылдың тамыз айында оқу-тәрбие ісін жақсарту мақсатында Уақытша ережелер қабылданған болатын. Бұл құжатқа байланысты профессорларды сайлауы және университеттердің дербестігі қалпына келтірілді де, студенттерді бақылау босаңсыды. Сөйтіп университет жарғысын жаңарту жұмысы жасалды.
1908 жылы қоғамда өріс алған толқулар қаупінен 1884 жылғы қабылданған Жарғыға оралу қажет деп табылды.
Бастауыш және орта білім берумен қатар, қоғамдық өмірдегі жаңа құбылыс ретінде кәсіптік-техникалық оқыту жүйесі өмірге келді. Ол екі бағытта дамыды: бастауыш мектептерде қол еңбегін дамыту; шеберлер дайындайтын оқу орындары мен төменгі техникалық училищелерді ашу қолға алынды. Жалпы білім беретін мектепке қол еңбегін ендіру мәселесі жалпыресейлік техникалық және кәсіби білім беруге арналған жалпыресейлік үш сьезде (1889-1890, 1895-1896, 1903-1904 ж. ж.) қаралды.
ХIX ғ. соңы мен XX ғ. басында Ресейде техникалық білім берудің бастауыш шеберханалық училищелер мен төменгі және орта техникалық училищелер тәрізді жаңа жүйесі құрылды.
Бірінші дүниежүзілік соғыс қарсаңында, яғни 1913-1914 оқу жылында орта және төменгі кәсіби-техникалық училищелерде 100 мыңнан астам оқушы оқыды. Бірінші дүниежүзілік соғыстың созылуына байланысты мұндай мектептер ұйымдастыру бәсеңдеді.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   42   43   44   45   46   47   48   49   ...   113




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет