Педагогика тарихы


Кеңес одағы елдеріндегі педагогиканың дамуы және қалыптасуы



бет52/113
Дата06.01.2023
өлшемі1,86 Mb.
#60524
түріОқулық
1   ...   48   49   50   51   52   53   54   55   ...   113
Байланысты:
Педагогика тарихы Оқулық. - Алматы 2013. – 494 бет.

Кеңес одағы елдеріндегі педагогиканың дамуы және қалыптасуы. 20-шы жылдары мектепті қайта құруға байланысты теоретиктер - педагогтар арасында өткір пікірталас жүрді. Ол үкімет пен мектеп арақатынасы қандай болуы керек деген мәселелер төңірегінде өрбіді. Марксист-педагогтар Н.К.Крупская, А.В.Луначарский, М.Н.Покровский, А.П.Пинкеевич, В.М.Познер және т.б. мектепті халықтарды рухани тұрғыдан азат ету құралы деп қарауды ұсынды, мемлекеттің партия саясатымен тығыз байланыста болуын насихаттады.
П.Ф.Каптерев, В.И.Чернолуский, П.П.Блонский бастаған педагогтар мектептің үкіметтен бөлінуін, «партиядан және саясаттан тысқары” мектеп болуын талап етті. Осы талапқа байланысты оқытуды өмірмен байланыстыру керек деген мәселе туындады. Оқу-ағарту халық комиссаритатының өкілдері де мектепті өмірмен ұштастыру керектігін қолдады.
Білім беру мекемелерін ұйымдастыру мәселесі де кеңінен пікірталасқа түсті. Мысалы, Украина мен Ресейде педагогтардың бірқатары - балалар үйі дәстүрлі мектептердің орнына «мектеп-коммуна” ашып, онда «балалардың шынайы патшалығын орнату” идеясын ұсынды.
20-шы жылдары политехникалық мектепті ұйымдастыруға байланысты мәселелер де пікірталасқа түсті. Оқу-ағарту Халық комиссариаты кәсіби білім беру бөлімінің жетекшілері кәсіби мектеп құруды ұсынды. Оларға мектепте оқушыларға политехникалық білім беру идеясын ұстанған педагогтар қарсы болды.
Бұл кезеңде Мемлекеттік оқу кеңесінің (ГУС) бағдарламалары, мектептегі оқыту әдістері және оқушыларға теория мен тәжірибені меңгерту мәселелері қызу талқыланды.
20-шы жылдары оқу-тәрбие мәселесіне педология ене бастады. Педология – баланың тағдыры биологиялық (тұқымқуалаушылық) және әлеуметтік (өзгермейтін орта) ықпал арқылы анықталады деген тұжырымды ұстанды. Педология оқулықтары басылып, оның мамандары жоғары оқу орындарында даярланды.
Балаларды зерттеудің негізгі құралы тест болды, тест арқылы балалардың «ақыл-ой дамуының толықтығы”, «ақыл-ой дарындылық коэффиценті” анықталды. Мұның басты кемшілігі баланың ерекшелігін зерттеу туралы жасалатын қорытындыда баланың дамуына ықпал ететін тәрбие, білім, оның өзіне тән белсенділігі ескерілмей, біржақты баға берілді.
Осындай зерттеу әдістерінің кемшілігінен, яғни тек тест тапсырмалары арқылы зерттелген, ақыл-ой қабілеттері дұрыс балалардың көпшілігін ақыл-ой дамуы жағынан төмен, оларды арнайы мектептерде оқыту қажет деген ақылға сыймайтын тұжырым белең алды. Сондықтан партияның 1936 жылы 4 шілдеде «Оқу-ағарту халық комиссариаты жүйесіндегі педологиялық бұрмалаушылықтар туралы” қаулысында педологияның және педологтардың залалдығы қатты сынға алынды, олардың қорытындылары ғылыми негізде жасалмағаны атап айтылды, сөйтіп, педологиялық ғылымның дамуына тосқауыл қойылды.
Сонымен, 20-шы жылдары жаңа мектепті құру ізденістері - жан-жақты дамыған, әлеуметтік тұрғыдан белсенді тұлға тәрбиелеу мәселесіне бағытталды. Мектептің басты ұстанған бағыты оқу-тәрбие ісін өмірмен тығыз байланыстыру, мұғалімдер мен оқушылардың белсенділігін және шығармашылығын арттыру болды. Жіберілген олқылықтардың бірі - бұрыннан ғасырлар бойы қалыптасқан білім беру жүйесіндегі тәжірибе ескінің сарқыншағы делініп түгелдей жоққа шығару еді, ал оның орнына шетел педагогикасындағы ой-пікірлерге көбірек көңіл бөлінді. Жаңа мектепті қалыптастыру мәселесі өте күрделі болды, кереғар пікірталастар, біріне–бірі қайшы нұсқаулар теориялық ізденістердің дамуына кедергі жасады .
Мұғалімдер мен тәрбиешілердің жаңа оқу бағдарламаларымен жұмыс жасауына олардың кәсіби даярлықтарының төмендігі және басшылыққа алынатын құжаттардың шалалығы қиындық келтірді.
Бұл кезеңдегі жаңа мектептің бұрынғы мектептерде орын алмаған жетістіктері де болды. Олар - оқушылардың өзіндік іс-әрекетін, белсенділігі мен шығармашылық қабілетін дамыту жағынан көрініс тапты.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   48   49   50   51   52   53   54   55   ...   113




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет