Тақырып: Білім берудің негізгі мақсаты ретінде жан-жақты және үйлесімді дамыған тұлғаны қалыптастыру



бет1/3
Дата15.04.2023
өлшемі26,5 Kb.
#83067
  1   2   3
Байланысты:
1501-11 Әбдуохап Қазыбек Кейс


Оңтүстік Қазақстан Мемлекеттік Педагогикалық Университеті

Кейс-тапсырма


Тақырып: Білім берудің негізгі мақсаты ретінде жан-жақты және үйлесімді дамыған тұлғаны қалыптастыру
Орындаған: Әбдуохап Қазыбек
Тобы: 1501-11
Қабылдаған: Таңатарқызы. Г
Білім берудің негізгі мақсаты ретінде жан-жақты және үйлесімді дамыған тұлғаны қалыптастыру
Кіріспе. Кіріспе ретінде тұлғаның дамуында әсер ететін факторларды атап өткім келеді. Бұл факторларды әр әдебиеттерде әртүрлі келтіреді яғни түрлерін, ал мағынасын қамтып келгенде оларды мына 3 факторға жіктеп алсақ болады. Олар: Тәрбие, тұқымқуалаушылық және тұлғанының айналасын қамтитын оның ортасы. Аталған 3 негізді, түсінікті бір ұғымды алу үшін 3-ті 2-ге бөлейік. Сыртқы әсер: Тәрбие және орта; ішкі әсер. Сыртқы әсер яғни тәрбие және ортадан алынған немесе туындаған жағымды, жағымсыз әсерлер, сезімдер және түрлі толғаныстардың жиынтығы ішкі әсерді құрайды. Сырттан алынған ішкі әсерлер адамның жан дүниесіне оңды, жағымды болып түрлі қоғаулар туғыза отыра тұлғаның дамуын әрқалай қылады. Хош сонымен 3 факторларға жеке-жеке тоқтала кетелік.
Тәрбие. Тәрбие жөнінде өз түйгенімді айтпастан бұрын, ғылым тілі не дейді соған тоқтала кетсек. Тәрбие балалардың жас және дербес ерекшеліктеріне, дайындығы мен дәрежесіне лайық іске асырылып, адамдардың іс-әрекеттерін ұйымдастырады. Ол үшін тәрбиеші алдын ала жасалған арнаулы жоспар бойынша тәрбие жұмысын мақсатқа бағыттап ұйымдастырып, тәрбиенің құралдары мен әдістерін және формаларын іздестіреді, оларды тиімді етіп пайдаланады.
Баланың жеке басының дамуы мен қалыптасуына ықпал ететін үш факторлардың ішінен тәрбие адамның дамуына орасан күшті әсер етіп, баланың дамуын қоғам талаптарына сәйкес бағыттап, белгілі бағытта баланың өмірі мен іс-әрекеттерін ұйымдастырады, ортадағы жағдайлардан тұлға дамуына қажетті материалдарды іріктейді, жеке бастың дамуына теріс, зиянды әсер қалдыратын жағымсыз ықпалдардан аластайды.
Сонымен, тәрбие бала дамуын бағыттайды, басқарады, сондықтан да ол баланы қалыптастырудағы негізгі күш. Тәрбие негізгі күш болғандықтан, оның жетімсіздігі, әлсіздігі баланың қалыптасуына кері әсер етеді.-дейді ғылым тілі.
Тұлғаның тәрбиесі жақсы болуы үшін, бала кезінен бастаған абзал. Оны аша түсер болсам, 6 жасқа дейінгі және кейінгі деп қаластырып көрсек болады.
Қазақта 6 жасқа дейінгі балаларды ойын баласы және 6 жасқа дейін балаңды патшаңдай көр дейді. Яғни бұл жасқа дейін балада тыныш отыру деген ұғым, біздегі ауыз ашарда тек су іште басқа ештеңе ішіп-жеме дегенмен бірдей. Жас бала ойнауы керек. Өзі жалғыз емес бізде олармен қосылып ойнауымыз қажет, осы шақты, уақытты пайдаланып яғни ойнап отырып тәрбиелеу. Бұл баланы еркімен жіберіп қой деген сөз емес, балаға негізі мәселелерді үйретіп қоя беру қажет. Мысалы тамақты шашып жеме, оң қолыңмен же дегендей. 6 жастан бастап балаға белгілі тәртіптерді жайменен енгізіп тұра беру керек. Бір кісіден естіп едім, 6 жастан соң мына 3 нәрсеге көңіл бөлген жөн деп еді. Олар: Кезек, өз территориясын білуі және уақытпен жүруі. Тұлғаны тәрбиелеуде өз тыныштығымыз үшін емес, оның болашағы үшін тәрбиелегеніміз жөн деп айтар едім.


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет