Педагогика тарихы


И.Ф.Гербарттың педагогикалық идеялары



бет26/113
Дата06.01.2023
өлшемі1,86 Mb.
#60524
түріОқулық
1   ...   22   23   24   25   26   27   28   29   ...   113
Байланысты:
Педагогика тарихы Оқулық. - Алматы 2013. – 494 бет.

И.Ф.Гербарттың педагогикалық идеялары. Германияда дүниеге келген Иоганн Гербарт (1776-1841) алғашқыда латын мектебін бітіргеннен кейін Иен университетін аяқтаған. Ол Кенисберг университетінде профессорлық қызметімен қатар педагогикалық жұмыспен айналысты. Жалпы И.Гербарттың педагогикалық идеяларын өзінің жазған шығармаларында (“Тәрбие мақсатындағы жалпы педагогика”, “Психология оқулығы”, “Психологияны педагогикада пайдалану туралы хаттар”, “Педагогика лекцияларын оқу”, т.б.) айқындалған және кейінгі дүниежүзі педагог-қайраткерлердің шығармашылықтарына ықпал жасаған пікірлер, әсіресе психология ғылымының дамуына зор үлес қосты.
И.Гербарт психологиялық мәселелерді зерттеуде метафизикалық бағыт ұстады. Оның түсінігінде дүние шексіз, өзгермейтін мәңгілік, оны танып-білу мүмкін емес. Жан адам тәнімен байланысты болады, тән арқылы адамның басқа да түсініктері қалыптасады, одан елестеулер пайда болады деген пікірді дәлелдеуге талпынды. Адамның бүкіл іс-әрекеттері, қызметтері елестеулерден құрылса, яғни ес, ойлау, қиял және басқалары елестеулердің өзара қарым-қатынастарынан құралады.
Сонымен И.Гербарт ассоциативтік психологияның көрнекті өкілі деп санаймыз. Осы идеясын одан әрі жалғастырып, тәрбиенің мәнін гуманистік идеямен сабақтастырып, тәрбиенің мақсаты адамдағы мүмкіндік пен қажеттілікті қалыптастыру, олар да мәңгі және өзгермейді деп қорытындылайды. Мүмкіндік мақсаты – оқушының субъективтік, мазмұндық бет-бейнесіне негізделген бағыт-бағдарын анықтау, өз таңдауын жасау, жеке тұлғасының адамгершілік қасиеттерін қалыптастыру, белсенді жан-жақты қабылдауын дамыту, оның кең көлемді қызығушылығын тәрбиелейді деп түйіндейді.
Оқушының кең көлемді қызығушылығын дамытатын басты құрал – оқыту, ал адамгершілік қасиеттерін дамытатын құралы – адамгершілік тәрбие деп тұжырымдайды.
И.Гербарт бойынша тәрбие үрдісін үш салаға: басқару, оқыту және адамгершілік тәрбиеге бөледі. Басқаруда оқушының алғашқы жас кезеңінде балалыққа көп бой беріп, тентектік жасауға бейім болады. Сондықтан басқарудың басты құралы балада қорқыныш туғызу, содан кейін оның жүріс-тұрысын қадағалау қажет. Бұған қосымша бұйыру мен тыйым салу әдістерін қолдану орынды болмақ дейді.
Оның педагогикалық жүйесінің екінші саласы – оқыту. Оқыту үрдісінің мақсаты – білім берумен қатар оқушыларды тәрбиелейді. Сондықтан оқыта отырып тәрбиелеу идеясы қазіргі күнге дейін өз мәнін жоғалтпауда.
И.Гербарт оқыту жүйесіндегі адамның айналасын қоршаған дүниені тануды және қоғамдық өмірге қызығушылықтарының мазмұнына қарай екі топқа бөлуді ұсынды. Бірінші топқа: эмпирикалық, ақыл ойға негізделген, эстетикалық қызығушылықтар жатады. Екінші топты өзара әлеуметтік, дінге деген қызығушылықтар құрайды. Аталған қызығушылықтар оқушылардың алатын білімдерінің мазмұнын белгілеп беруге көмектеседі деп есептейді.
И.Гербарт оқыту үрдісін ұйымдастыруда сатылап оқытудың барысында оқушы-жастардың жан-жақты қызығушылықтарын дамытуға алып келетінін дәлелдеді. Оқыту үрдісін (сабақ) үш сатыға: анықтық, ассоциациялық және жүйелі деп жіктеді. Бірінші сатысында (анықтық) оқушы оқу материалын мазмұндық ерекшелігіне қарап, бөлшектеп, негізгі ұғымдарын есіне сақтайды.
Екінші сатысында (ассоциациялау) жаңа оқу материалдарының негізгісі іріктеліп, бұрынғы алған білімдерімен байланыстыра отырып, өмірден қорытқан елестеулерімен ұштастырылады. Үшінші сатысында (жүйелік) жаңадан алған білімдерін ескі білімдерімен байланыстырып, білімдер жиынтығының негізінде ой тұжырымдарын жасап қорытады.
Бірыңғай оқытудың сатылары ғылыми тұрғыдан жүйелеуге жасалған алғашқы талпыныс педагогиканың ғылым ретінде дамуына қосылған үлес болды. Бірақ бұл жүйеде оқушылардың жеке-дара, дербестік қарым-қатынас жасауға қажетті жағдайлар жасалынбады.
И.Гербарт баланың адамгершілік тұрғыдан дамуында, оның қызығушылығын қалыптастыруда бір жүйелік ұстанымды ұстауды талап етті. Олар да төрт сатыдан тұрған: ерік-күйі; сыртқы жағдайларға байланысты ұстамды мінез-құлықты дамыту; алдына қойған мақсатына жетуді есепке алу; таңдау оқушы талабының бағытына қарай субъектінің діттеген мақсатына жетуде жақсы және жаман жақтарын ойластыруды міндеттеді.
И.Гербарт педагогтар арасынан бірінші тәрбиенің мақсаты мен құралын философиялық-психологиялық тұрғыдан негіздеп, жеке тұлғаны еркіндікке, адамдар арасындағы гуманистік қарым-қатынастарға тәрбиелеу жөнінде ақыл-кеңес береді.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   22   23   24   25   26   27   28   29   ...   113




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет