Педагогика тарихы


Ұлы Отан соғысы қарсаңындағы мектептің жәйі



бет56/113
Дата06.01.2023
өлшемі1,86 Mb.
#60524
түріОқулық
1   ...   52   53   54   55   56   57   58   59   ...   113
Байланысты:
Педагогика тарихы Оқулық. - Алматы 2013. – 494 бет.

Ұлы Отан соғысы қарсаңындағы мектептің жәйі. Одақтас республикаларда 1940/41 оқу жылында қала мен ауыл мектептерiне алғаш рет бірыңғай оқу жоспары ұсынылды.
Педагогикалық институттар үшiн педагогикадан оқулықтар даярланып басылып шықты. Дидактика, яғни оқыту теориясына арналған бiрнеше жұмыстар жарық көрдi. Оқыту теориясы саналылық, көрнекiлiк, жүйелiлiк, теория мен тәжiрибенiң тығыз байланысы, оқушылардың белсендiлiгi сияқты ұстанымдарды анықтады.
Сабақ түрлерi, оқушылардың бiлiмiн күнделiктi есепке алу, бағалау жүйесi енгiзiлдi, оқушылардың бiлiмiн тексерудiң және баға қоюдың бес баллдық жүйесі белгiлендi. Осы кезеңде дидактика бойынша елеулi жұмыстар жүргiзiлдi. Оқу жоспарында орыс тiлiн оқытуға ерекше көңiл бөлiндi.
Мектептегi тәрбие жұмысы Н.К.Крупская мен А.С.Макаренко еңбектерiндегi тәрбиенiң негiзгi мәселелерiне, отбасы тәрбиесiн жүргiзу әдiстерiне негiзделiп, политехникалық оқытуға, ұжымдық тәрбиеге және еңбек арқылы тәрбиелеуге ерекше назар аударылды.
Жалпыға бірдей мiндеттi бастауыш бiлiм берудi жүзеге асыру талабына байланысты педагогикалық оқу орындары мамандар даярлаумен қамтамасыз ете алмады. Осыған орай бастауыш мектепке мұғалiмдер даярлайтын мыңдаған қысқа мерзiмдi курстар ұйымдастырылды. Жұмыс iстеп жүрген мұғалiмдердiң бiлiмiн көтеру үшiн педагогикалық оқу орындарының жанынан сырттан оқитын бөлiмдер ашылды. Мұғалiмдердiң бiлiмiн жетiлдiруде облыс отралықтарында ашылған бiлiм жетiлдiру институттарының рөлi зор болды.
Одақтас республикаларда жалпы бастауыш бiлiм беру барлық ұлт тiлдерiнде жүзеге асқандықтан, келесi кезекте селолық жерлерде жетiжылдық, ал қалаларда жалпы орта бiлiм беретiн мектептер санын көбейту қолға алынды. Бастауыш мектептi бiтiрген оқушылар оқуларын жалғастыруға мүмкiндiк алды. Ересек адамдардың да бiлiм алуына жағдайлар жасалды.


Өзін-өзі тексеруге арналған сұрақ-тапсырмалар:



  1. Кеңес мектебін құру ұстанымдарының ерекшеліктерін атаңыз.

  2. Жаңа құрылған мектепті ұйымдастыру ұстанымдары мен мазмұны қандай еді?

  3. Оқыту мен тәрбиелеу мекемелерінің жаңа типтеріне сипаттама беріңіз.

  4. 30-шы жылдардағы мектептерде білім беруде қандай күрделі өзгерістер болды?

  5. Марксист-педагогтар - Н.К.Крупская, А.В.Луначарский, М.Н.Покровский және т.б. мектепті ұйымдастыруда қандай пікірді ұстанды?

  6. 20-шы жылдары педагогикада қандай пікірталастар орын алды?

  7. Ұлы Отан соғысы қарсаңындағы мектептің жайын сипаттаңыз.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   52   53   54   55   56   57   58   59   ...   113




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет