Педагогика тарихы



бет58/113
Дата06.01.2023
өлшемі1,86 Mb.
#60524
түріОқулық
1   ...   54   55   56   57   58   59   60   61   ...   113
Байланысты:
Педагогика тарихы Оқулық. - Алматы 2013. – 494 бет.

Ұлы Отан соғысы жылдарындағы тәрбие жұмысы. Соғыс жағдайында мектептің тәрбие жұмыстарында идеялық-саяси және патриоттық тәрбиеге ерекше назар аударылды. Сол кезеңде оқушыларға идеологиялық ықпалдың мынадай түрлері жасалды: комсомолдық саяси үйірмелер жүйесі, әр түрлі саяси оқиғаларға байланысты оқушылар митингілері, үгіт биргадалары, үгіт плакаттары мен стенділер, қабырға газеттері мен ашық хаттар (листовкалар) шығару, соғыс жауынгерлерімен кездесулер ұйымдастырылды.
Саяси тәрбие жүргізу комсомол және пионер ұйымдарының балалар арасындағы жұмысының маңызды бөлігіне айналды.
Ұлы Отан соғысы педагогика ғылымының назарын соғыс жағдайына қажетті патриотизм, саналы тәртіп, ұйымшылдық, ерлік тәрізді тұлғалық қасиеттерді қалыптастыруға аударды. Оқушыларды қоғамдық-пайдалы еңбекке қатыстыру өріс алды.
Ұлы Отан соғысы кезіндегі мектептегі білім мазмұнындағы өзгерістер. Соғыс жылдары мұғалімдер мен оқу құралдарының жетімсіздігіне қарамастан балаларды жаппай оқуға тарту жұмысы тоқталған жоқ. Ресей Федеративтік республикасында гуманитарлық пәндерді оқыту жүйесі – орыс тілі, КСРО тарихы курстарын оқыту қайта қаралды. КСРО ғылым академиясының корреспондент мүшесі А.М.Панкратованың редакциясымен «Ұлы Отан соғысы жағдайында тарихты оқыту” туралы әдістемелік құрал шығарылды. Оқушыларға саяси-идеялық тәрбиеге қатысты тарих, конституция, әдебиет сабақтарында және сабақтан тыс тәрбие жұмысында оқушыларды патриотизм рухында тәрбиелеуге баса назар аударылды. Дене тәрбиесі күшейтілді.
Ұлы Отан соғысы жылдарында мектеп өміріне аздаған өзгерістер енгізілді. Бастауыш сыныптарда тарих, география, жаратылыстану пәндері жеке оқытылмай, оқу сабағына қосылды. Оқу жұмысын өнімді еңбекпен байланыстыру, 8-10 сыныптарда міндетті түрде трактор мен машина жүргізуді оқыту, 5-7 сыныптарда ауылшаруашылық негіздерін оқыту іске асырылды. Мектеп оқушылары үйірмелерде агротехника негіздерін игерді.
Оқу-тәрбие мекемелерінің жаңа типтері. Соғыс жағдайы мұғалімдерден оқу-тәрбие жұмысының жаңа формаларын қажет етті. 1943 жылдан бастап өндіріске кеткен оқушыларға, жұмысшы жастарға арналған кешкі жетіжылдық және орта мектептер ашылды, 1944 жылы ауыл жастарына арналған кешкі мектептер ашылды. Олардың алған білім көлемі мен құқығы күндізгі жетіжылдық және орта мектепті бітіргендермен бірдей болды.
Сол жылы сырттай оқитын мектептер жүйесі құрылды. Онда 5-10 сыныптарда білімдерін толықтыру мақсатында жұмысшы жастар, колхозшылар мен қызметкерлер оқуын жалғастырды. Бұл мектептерде ауызша сынақтар, жазбаша жұмыстар жүргізіліп, жартыжылдық емтихандар өткізілетін болды. Олардың мектеп бітіріп алған құжаттары орта мектепті бітіргендермен тең құқықты болды.
Кеңестік халық комиссариатының қаулысымен 1944 жылы 21 маусымда «Мектепте оқыту сапасын арттыру шаралары” бекітілді. 1943 жылдан бастап «Оқушылар ережесі”, 1944 жылдың қаңтарынан білімді бағалаудың бес балдық жүйесі, кәмелеттік аттестат алу үшін емтихан тапсыру, орта мектепті үздік бітіргендерді алтын, күміс медальдармен марапаттау енгізілді. 1943 жылы енгізілген ер балалар мен қыз балаларды бөлек мектептерде оқыту 1954 жылы қате шешім ретінде өзгертілді.
1944/45 оқу жылы одақ бойынша бастауыш мектепте жеті жастан бастап міндетті оқытуға көшу енгізілді. Осы талаптардың барлығы мектеп жұмысын жақсартуды мақсат етті, мұғалімдер мен оқушылардың жауапкершілігін күшейтті.
Сонымен бірге мектеп жұмысында елеулі кемшіліктер де орын алды. Оқыту ісіне социалистік жарысты қосу оқушыларға көтерме баға қоюға әкеліп соқты. Кейіннен бұған тыйым салынды. Бұл кезеңде мектеп бітірген оқушылардың өмірге даярлығы, мектептегі білім мазмұны мен оқыту әдістері қоғам талабынан төмен болды.
Мектептегі білім сапасын көтеру үшін педагогиканың теориялық мәселелерін зерттеу мақсатында 1943 жылдың қазан айында КСРО Кеңестік халық комиссариатының қаулысымен Ресей Федерациясы Республикасының Педагогика ғылымдар академиясы құрылды. Оның басты мақсаты ретінде - жалпы педагогика, арнаулы педагогика, педагогика тарихы, психология, мектеп гигиенасы мәселелерін зерттеу, жоғары және бастауыш сыныптарда пәндерді оқытудың ғылыми-әдістемесін жасау жұмыстары белгіленді.
Соғысқа аттанған мұғалімдердің орнына мамандар даярлау қарқынды түрде іске асырылғанымен де педагогтардың кәсіби даярлығы төмен болды.
Мұғалімдер мен білім саласының қызметкерлері майданда және жау тылында ерлікпен соғысты. Соғыстағы ерліктері үшін медаль, ордендермен, Отан соғысының батыры атақтарымен марапатталды, көпшілігі майданда қаза болды. 1944 жылы бес мыңнан аса мұғалімдер мектептегі қажырлы еңбектері үшін медаль, ордендермен марапатталды.
Жоғары білімді педагог мамандарды дайындау мақсатында 1944 жылы Қазақтың мемлекеттік қыздар педагогика институты мен Қазақ қыздар педучилищесі ашылды.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   54   55   56   57   58   59   60   61   ...   113




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет