Педагогика тарихы


Ғасырлар тоғысындағы Қазақстанның білім беру жүйесі



бет98/113
Дата06.01.2023
өлшемі1,86 Mb.
#60524
түріОқулық
1   ...   94   95   96   97   98   99   100   101   ...   113
Байланысты:
Педагогика тарихы Оқулық. - Алматы 2013. – 494 бет.

Ғасырлар тоғысындағы Қазақстанның білім беру жүйесі (1995-2005 жылдар аралығы) үшін мемлекеттік өзгерістерге сәйкес білім беру жүйесінде іргелі нәтижелі табыстар болды. Заңның баптарын іске асыруға байланысты білім беру үрдісіне қатысушылардың (оқушылар, мұғалімдер, көпшілік) білім мазмұнына, оқу жүктемесінің көлеміне және оқушылардың дайындық деңгейіне қойылатын талаптарды дәл түсінуін қамтамасыз ету мақсатында Қазақстан Республикасының жалпы білім беретін оқу орындарының бастауыш, негізгі, жоғары сатыларындағы жалпы орта білім берудің және арнаулы орта, жоғары оқу орындарында мемлекеттік жалпыға міндетті стандарттары, Қазақстан Республикасы жалпы білім беретін мектептерді дамыту тұжырымдамасы, Жалпы білім мазмұнының тұжырымдамасы, Қазақстан Республикасында жалпы білім беретін мектептердің мемлекеттік базистік оқу жоспары”, “Қазақстан Республикасы жалпы білім беретін мектептердің мемлекеттік базистік оқу жоспары”, "Мектепке дейінгі және мектеп жасындағы балалардың тәрбие тұжырымдамасы", Қазақстан Республикасы білім беру ұйымдарында тәрбиенің кешенді бағдарламасы, т.б. дайындалды.
Жалпы білім мазмұнының тұжырымдамасында қазақ орта мектебінің білім мазмұнының жаңа принциптері былайша айқындалды:

  1. Қазақ халқының жалпы ұлттық игілігін адамзат мәдениетімен ұштастыру.

  2. Жалпы орта білімнің құрамы мен құрылымын балалардың психикалық-физиологиялық жас ерекшеліктеріне қарай үйлестіру.

  3. Ірі блоктар мен пәндер деңгейінде білім мазмұнының басты бағдарын белгілеу, білімнің (базалық) және жылжымалы құрамаларын (компонентерін) айқындау.

  1. Оқыту мен тәрбиені интеллектуалды пайдалы және өнімді еңбекпен жалғастыру.

  2. Жастарға жалпы орта білім беруді алғашқы кәсіптік және бастапқы арнаулы мамандықтар меңгертумен ұтымды ұштастыру.

  3. Оқытуды ізгілендіру принципі әрі гуманитарлық бағдарды жүзеге асыру.

  4. Жалпы білім мазмұнын анықтауға интеграциялауды жүзеге асыру.

  5. Оқытуды ізгілендіру принципі әрі гуманитарлық бағдарды жүзеге асыру.

  6. Жалпы білім мазмұнын анықтауда интеграциялауды жүзеге асыру.

  7. Оқушылардың қабілеті мен қызығушылығын ескере отырып, білім мазмұнын пәнаралық және пәнішілік саралау.

  8. Білім мазмұнының құрылымын анықтауда басшылыққа алатын жүйе қызметінің толықтық принципі. Білім мазмұны өз алдына жеке жүйе ретінде қарастырылады да, адамның үйлесімді дамуын қамтамасыз етуде қажетті білім мазмұны оқушы-жастардың келешек іс-әрекетінің сипатына және оны қоршаған таным объектісі - болмыстың құрылымына сай анықталады.

  9. Қоғамның, халықтың өз мектебіне қоятын талабы да білім мазмұнының құрылымын нақтылауда жетекші орын алуы қажет.

  10. Мектептің білім мазмұнына ұлттық, аймақтық ерекшеліктерді дер кезінде енгізуге мүмкіндік беретін принциптердің бірі- білімнің тәрбиемен қатар берілу принципін анықтау болып табылады. Білім мазмұндарының өзара бірігіп бір-біріне қосарлану принципі қазақ халқының ұрпақ тәрбиелеудегі, әулет құрудағы өскелең өмір тәжірибесін, салт-дәстүрлерін, шаруашылықты жүргізу тәсілдерін, рухани байлығын, сондай-ақ республиканың табиғи, саяси, әлеуметтік және экономикалық ерекшеліктерін оқу жоспарына жеке пәндер ретінде енгізіп қоймай, оларды басқа да пәндер мазмұнына қосалқы енгізуге жол ашу.

  11. Техника мен технологияның негіздерін оқытуға бағытталған политехникалық білім беру - жас ұрпақты жан-жақты дамыту үшін аса қажетті құрамдардың бірі саналады.

Қазақстан Республикасы жалпы білім беретін мектептерін дамыту, жалпы білім мазмұнын жетілдіру тұжырымдамалары көптеген жаңашыл үрдістерге негіз болды. Дәстүрлі 3 сатылы мектептің екінші сатысы негізгі мектеп деп аталып, онда әр пәннен жүйелі білім беруді 9 жылмен шектеу міндеттелді. Мектептің соңғы сатысы-бағдарлы мектепке айналып, пәндерді оқушылардың таңдауына қарай тереңдетіп оқыту, ал қалған сабақты интегративті мазмұнда баяндап, саралап оқыту мүмкіндігін іске асыру көзделді.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   94   95   96   97   98   99   100   101   ...   113




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет