«педагогика»


Дәріс 5. Тәрбие процесінің теориялық негіздері. Тұтас педагогикалық процесс – педагогика пәні мен мұғалім қызметінің объектісі



бет7/32
Дата16.05.2023
өлшемі186,9 Kb.
#93618
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   32
Байланысты:
«педагогика»

Дәріс 5. Тәрбие процесінің теориялық негіздері. Тұтас педагогикалық процесс – педагогика пәні мен мұғалім қызметінің объектісі.
Жоспар:
1.Педагогикалық процестің мәні, оның құрылымдық компоненттері.
2. Жеке тұлғаның шығармашылығы, дарындылығы.
3. Педагогикалық процестің қозғаушы күштері мен тәрбиелік механизмдері.
4. Педагогикалық процесті басқару.
Қазіргі кезеңдегі тұтас педагогикалық процестің мәні туралы түсінік ғалымдардың бірнеше ұрпақтарының күш салуларының арқасында жинақталады, өйткені педагогикалық құблыстар компоненттерінің, қасиеттері, заңдылықтары туралы дербес білімдері бірте – бірте жинақталады. Бірақ, бөлік туралы білім әлі біртұтас туралы білім емес. «Педагогикалық процесс» деген сөздік ғылыми айналымға ХІХ ғасырдың екінші жартысында енгізілгенімен, ұғымның мазмұндық сипаттамасын тек қана тұлға теориясы, іс-әрекет теориясының дамуы арқылы құблыстарды зерттеуде жүйелілік тәсіл қолдануды қалыптастыру арқасында мүмкін болды.
Педагогикалық процесті ұйымдастыру барысында оқушы және оқушылар ұжымы біржағынан тәрбие объектісі, екінші жағынан тәрбие субъектісі болады.
Тұтас педагогикалық процестің өзіне тән компоненттері бар. Олар оқыту мен тәрбиенің мақсаты, мазмұны, формалары мен әдістері, сонымен қатар нәтижесі. Бұл компоненттер бір-бірімен тікелей байланысты түрде іске асырылады, демек, педагогикалық процесс сонда ғана татымды нәтиже береді.
Тұтас педагогикалық процестің заңдылықтары және принциптері, олардың тұтастығын, өзара байланысын дәлелдейді.
Тұтас педагогикалық мақсаты, міндеттері, мазмұны, формалары және әдістері қоғамның әлеуметтік экономикалық талаптарына, саясатына байланысты. Бұлардың бірлігін бір-бірінен ажыратуға болмайтындығын дәлелдейді.
Бір тұтас педагогиканың процестің мәні туралы әр түрлі көз қарастар. Педагогикалық процестің мәні туралы әртүрлі көзқарастарды (С.Т. Шацкий, Н.К. Крупская, А.С. Макаренко, М.А. Данилов, Б.Т. Лихачев, Ю.К. Бабанский, В.М. Коротов және т.б.) зерттеу жалпы тәртіптегі қорытынды жасауға мүмкіндік береді. Аталған авторлардың назарлары эмпирикалық жолмен жинақталған педагогикалық процестің әртүрлі жақтары жайлы білімдер болады.
Педагогикалық процестің мәні туралы қалыптасқан түсініктердің білімдер ретінде мұғалім үшін өте маңызды бір қатар мәселелер қалды, ол: не себепті біртұтас педагогикалық процесс оқыту мен тәрбиенің бірлігі (А.Ф. Каптерев, М.А. Данилов); оның оқыту, даму және тәрбиелік қызметтерінің бірлігі қалайша қамтамасыз етіледі (С.Т.Шацкий, Н.К. Крупская, В.А. Сухамлинский); өзара әрекет тек қана оқудан тыс уақытқа тән бола ма (А.С. Макаренко); тұтас педагогикалық процестің қандай ерекшеліктерін білу оның бағытты дамуының мәселелерін шешуге көмектеседі (Б.Т. Лихачев) және т.б. Пайда болған сұрақтарға жауап басқа кеңістікте жатыр – ол біртұтас педагогикалық процестің барлық сапалары мен қасиеттерін сипаттау.




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   32




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет