«педагогика»


Дәріс 8. Дүниетаным жеке тұлғаны қалыптастырудың өзегі ретінде



бет10/32
Дата16.05.2023
өлшемі186,9 Kb.
#93618
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   ...   32
Байланысты:
«педагогика»

Дәріс 8. Дүниетаным жеке тұлғаны қалыптастырудың өзегі ретінде
Жоспар:
1. Дүниетанымның негізгі компоненттері мен мәні.
2.Оқушының дүниетанымын қалыптастыру жолдары мен құралдары.


Дүниетаным дегеніміз обьективті дүниеге және ондағы адамның алатын орнына, адамның өзін қоршаған шындыққа және өзіне қатынасы туралы көзқарастар жүйесі. Дүниетанымның компоненттері: білім, дүниетаным, сенім, мұрат, көзқарас, қарым-қатынас, мінез-құлық, этностық сана.
Білім - обьективтік дүниені бейнелейтін адам баласының мол тәжірибесі. Білім арқылы жеке адам табиғатының және қоғам құбылыстарының обьективтік жақтарын зерттейді, түсінеді, ұғады.
Дүниетаным - жеке адамның табиғи және әлеуметтік құбылыстарын түсіндіру туралы ой тұжырымы, сонымен қатар осы адамдардың өмірлік позициясы, сенімдері, мұраттары мен таным, және іс-әрекет принциптері, құндылық бағдарлары кіреді.
Сенім - терең, тиянақты ойланып айтылатын идеялардың жиынтығы. Сенім адамның жігерін арттырып, болашаққа құлшындыратын құбылыс. Сенім үмітпен басталады. Сенім-адамның ақыл-ойын, күшін, еркін, қабілітін жоғарлатуға ықпал жасайды. Сенімнің орындауы адамның нақты іс-әрекетімен тәжірибесіне байланысты келеді.
Адам мұраты - жете түсінудің жоғары кемелі, адам баласының жоғары мақсат–мұраттары, өмірге ұмтылушылығы, талап -танушылығы. Мұрат-адамның өмірден өзіне өнеге іздеуінен, біреуді үлгі тұтып қастерлеуінен байқалатын қасиет. Мұрат кісінің алдына қойған аса ардақты, ең асыл мақсаты.
Көзқарас - адамның айналада болып жатқан процестерге және құбылыстарға қатысын айқындайтын дүниетанымдар категориясы. Олар арқылы адамның принциптері, құндылықтары, сенімдері, идеалы, өмірлік позициясы, бағыты, іс-әрекеті байқалады.
Қарым-қатынас – біріккен іс-әрекет қажеттілігін туғызатын, адамдар арасындағы байланыстың дамуын орнататын күрделі көп жоспарлы процесс. Қарым-қатынастың үш жағы бар: интерактивті, коммуникативті, перцевтивті.
Мінез-құлық - адамның генетикалық ерекшеліктеріне байла нысты болып, өмір жағдайларына сәйкес және солардың ықпалымен байқалып отыратын тұрақты психикалық ерекшеліктерінің жиынтығы. Мінез-құлық адамның өзіне , маңайындағы басқа адамдарға, тапсырылған іске қарай қарайтынынан байқалады.
Этностық сана –этностық салт- сананың, әдет-ғұрыптың, дүниетаным, көзқарастарының кемелденуін білдіретін ұғым.
Ғылыми дүниетанымды қалыптастыру сабақта, пәндерді оқыту барысында, сыныптан және мектептен тыс тәрбие жұмыстарында жүзеге асады. Дүниетанымды қалыптастыру өткінші процесс емес. Ол адамның өмірін түгел қамтиды. Оқушының дамуында бұл процесс тұрақты және үздіксіз өзгерістерге ұшырайды. Дүниетанымды қалыптастыруға барлық пәндердің қатысы бар. Сонымен бірге сыныптан және мектептен тыс жұмыстар Окушылардыц дүниетанымын қалыптастырудың қажетті құралы. Осы бағытта көркемөнерпаздар үйірмесі, жас техниктер клубы, т.б. оқушылардың қогамдьқ өмірге ынғасын тәрбиелейді, еңбекке, мамандық таңдауға көзқарасын қалыптастырады.
Дүниетанымның қалыптасу процесі көп қырлы, сондықтан педагогикалық ғылымда бұл ұғымға байланысты әр түрлі көзқарастар бар. Дүниетаным – бұл ақиқатты дүниеге және ондағы адамның алар орнына, оны қоршаған болмысына және өз-өзіне қатынасына деген көзқарастар жүйесі , сонымен қатар адамдардың осы қатынастары арқылы қалыптасқан негізгі өмірлік ұстанымдары , наным-сенімдері, мақсат-мұраттары, таным мен қызмет принциптері, құндылық бағыттары.
Дүниетаным – дүниенің, адамның , қоғамның бейнеленуі, оны жалпы түсіну және олармен адамның әлеуметтік-саяси, философиялық, адамгершілік, эстетикалық, ғылыми-теориялық, құндылық. Дүниетаным болмысты тану әдісі бола отырып, адамдардың іс-әрекетінің ерекшелігін анықтайтын өмір принциптерінен тұрады.
Дүниетаным дегеніміз – дүниеге деген нақты тарихи маңызы бар көзқарастың , табиғат пен қоғам дамуының заңдылықтарына, өмірдің әлеуметтік-экономикалық құрылысына, адамның белсенді өмір көзқарастарын анықтайтын қоғамдық-саяси қатынастар жүйесіне қатысты ғылыми негізделген сенімдердің органикалық бірлігі, тұтастығы.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   ...   32




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет