«педагогика»


Дәріс 4. Мұғалімнің ғылыми зерттеу мәдениетін қалыптастыру



бет5/32
Дата16.05.2023
өлшемі186,9 Kb.
#93618
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   32
Байланысты:
«педагогика»

Дәріс 4. Мұғалімнің ғылыми зерттеу мәдениетін қалыптастыру.
Жоспар:
1.Педагогика ғылымының дамуы және мұғалімнің педагогикалық іс-әрекетәндегі ғылыми-зерттеу жұмысының рөлі.
2. Педагогикалық зерттеудің әдіснамалық негіздері.

Педагогика саласындағы зерттеулер-бұл білім заңдылықтары, оның құрылымы мен механизмдері, мазмұны, принциптері мен технологиясы жөніндегі жаңа мәліметтерді алуға бағытталған ғылыми ізденіс процесі және оның нәтижесі.


Бағытталу тұрғысынан пелагогикалық зерттеулер іргелі( фундаменталды), қолданбалы және болжам-жобалау (разработки) деңгейіндегі болып үш топқа бөлінеді. Іргелі зерттеулер нәтижесінде педагогиканың теориялық және практикалық жетістіктерін қорытушы жалпы тұжырымдамалар алынады немесе болжам жобалаумен педагогикалық жүйелерді дамытудың моделдері ұсынылады. Қолданбалы зерттеулер-бұл педагогикалық процестің кейбір тараптарының тереңдей тануға, алуан қырлы педагогикалық қызметтің заңдылықтарын ашуға бағдарланған істер.
Қалаған педагогикалық зерттеу көпшілік қабылдаған әдіснамалық тиектерге орай жүргізіледі. Педагогикада олардың қатарына-зерттеулеге тиіс проблема, тақырып, нысан және оның дені( предмет), мақсат,қорғаулы тиіс идеялар – кіреді. Педагогикалық зерттеулер сапасаын танытушы негізгі көрсеткіштер: зерттеу бағдарламасы, жаңалығы, теориялық және практикалық маңыздылығы.
Зерттеу бағдарламасы әдетте екі бөлімнен тұрады: әдіснамалық және іс-әрекеттік. Алғы бөлімде тақырып көкейкестілігі негізделеді, проблема нақтыланады, зерттеу нысаны, негізгі ұғымдары белгіленеді, қызметтік болжам жасалады.
Зерттеу тақырыбы шешімі қалтқысыз табылуы қажет,өте күрделі де қоғамдық маңызға ие болған проблемалармен ұштасқан әлеуметтік тапсырыс нақты тақырыптың негіздеме дәйегін талап етеді. Ал бұл, өз кезегінде, қойылған мәселенің ғылым аймағында зерттелу дәрежесінен туындайды.
Мақсат – қайта түзіліп, өрнектелетін проблема.Проблема нақтылып, өрнектелгеннен соң, зерттеу нысанын таңдау кезегі келеді.Зерттеу масаты, объекті және деніне сәйкес, әдетте, болжамды тексеру мен дәйектеуге арналған зерттеу міндеттері белгіленеді. Гипотеза –бұл шынайылылығы әлі дәлелденуі қажет теориялық негізгі бар болжамдар жиынтығы.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   32




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет