«педагогика»


Дәріс 6. Педагогикалық процестің заңдылықтары



бет8/32
Дата16.05.2023
өлшемі186,9 Kb.
#93618
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   ...   32
Байланысты:
«педагогика»

Дәріс 6. Педагогикалық процестің заңдылықтары.
Жоспар:
1. Педагогикалық процесс – күрделі дамушы жүйе.
2. Педагогикалық процестің негізгі заңдылықтары, оларға сипаттама.
3. Оқу-тәрбие процесінің принциптері.

Педагогика процестің заңдылықтары және ұстанымдары. Педагогикалық процесс белгілері, сапалары және өзіндік және өзіндік сипаттары.


Педагогика ғылымы өзінің пәнін зерттей отырып, оқыту – тәрбиелеу процесінің теориясын жасайды. Теориялық білімге ұғым, задар, заңдылықтар жатады, олардың зерттеу теорияны жасауға және оқыту – тәрбиелеу жұмысын, педагогикалық процесті ұйымдастыру әдістеріне бағыт береді.Ұғымдардың көмегімен педагогикалық шындыққа, сонымен бірге мұғалімнің іс-әрекетінің объектісі – біртұтас педагогикалық процеске де сипаттама беруге болады. Педагогикалық процестің заңдарын білу мұғалімнің іс-әрекетін ұйымдастыруға жол табуға әсер етеді. Заңдылықтар мен принциптер педагогикалық процестің қызметін және оны нақтылы жағдайға сәйкес құрауды болжауға мүмкіндік береді.
Педагогикалық процесстің ерекшеліктеріне оның құрамындағы бөліктерінің ішкі байланыстарында бейнеленеді. Процесс (латынның processus – қозғалыс) алға басу 1) жағдай; 2) белгілі бір нәтижеге жетудегі бір ізді әрекеттердің бірлігін білдіреді. Көрсетілген «процесс» деген ұғымның мағынасы «ұстаздар – оқушылар» жүйесіндегі түпкі мақсатқа бір ізді әрекеттер бірліктері арқылы жету ұстаздан қандай нақтылы жағдайды өзгерту және осыған сәйкес қандай әрекет істеу керектігін білуді талап етеді.
Педагогикалық процесс ұстаздардың қатысуымен және басшылығымен жүзеге асатын оқушылардың бірлескен іс-әрекеті, ол әлеуметтік тәжірибені меңгеруге және әрбір оқушы дамуға және өзін еңбекте, қоғамдық өмірде жүзеге асыруға дайын тұлғасын қалыптастыруға бағытталған.
Педагогика ғылымы өзінің пәнін зерттей отырып, оқыту-тәрбиелеу процесінің теориясын жасайды. Теориялық білімге ұғым, заңдар, заңдылықтар жатады. Ұғымдардың көмегімен педагогикалық шындыққа, сонымен бірге мұғалімнің іс-әрекетінің обьектісі –біртұтас педагогикалық процеске де сипаттама береміз. Педагогикалық процестің заңдарын білу мұғалімнің іс-әрекетін ұйымдастыруға жол табуға әсер етеді. Заңдылықтар мен принциптер педагогикалық процестің қызметін және оны нақтылы жағдайға сәйкес құрайды. Педагогикалық процестің заңдылықтары ол оның мәндік ерекшеліктері, яғни ол тұтастықта да және жеке бөліктерде өзін көрсетеді.
Жалпы заңдылықтар қалаған білім беру процесіне тән болып, оқудың бүкіл жүйесін қамтиды. Олардың арасында аса көп кездесетіндер:
-оқу мақсаттары
-оқу мазмұны
-оқу сапасы
-оқу әдістері
-оқуды басқару
-оқуға ынталандыру
Жеке(нақты) заңдылықтар оқу жүйесінің кейбір тараптарына орай іске қосылады. Оларға жататындар:
-дидактиканың өзіне тән заңдылықтар
-таным теориясына тән
-психологиялық
-әлеуметтік
Оқудың дәстүрлі теориясында аса танымал болғандары дидактикалық принциптер:
-көрнекілік принципі
-саналылық және белсенділік принципі
-түсініктілік принципі
-ғылымилық принципі
-жүйелік және бірізділік принципі
-беріктілік принципі
-теория мен практика байланысы принципі


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   ...   32




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет