Мультимедиа ресурстарын әзірлеуге арналған бағдарламалық құралдар
Мұғалімдер мен оқушылар білім беруде пайдаланылатын мультимедиа ресурстарды әзірлеушілер болып саналмайды. Педагогтар мен мектеп оқушылары көбінесе осындай құралдарды пайдалаушылар қатарына жатады. Алайда жыл өткен сайын көптеген мұғалімдер, тіпті қарапайым болса да, электрондық оқу құралдарын әзірлеуден сырт қалмайтындығын өмірдің өзі көрсетіп отыр.
Көптеген қарапайым мультимедиа ресурстарды әзірлеу үшін әр түрлі HTML-редакторы пайдаланылады. Сол кезде HTML тілі жеткілікті динамикалық түрде дамитынын, алайда тілдің жаңа стандартын қанағаттандыратын ресурстар браузерлердің ескі нұсқаларымен дөрекі өндірілетінін ескеру керек.
Нақтырақ айтқанда, Интернет желісі үшін мультимедиалық гипермәтіндік ресурстар мен мультимедиалық беттерді әзірлеу кезінде көбінесе мынадай тілдер мен құрал-жабдықтар пайдаланылатын атап айту керек:
гипермәтінді таңбалау тілі (HTML) – ақпараттық беттерді әзірлеуге, форматтау мен көрсетуге арналған Интернетте пайдаланылатын стандарттық тіл;
Java тілі – C++ тіліне ұқсас, бағдарламалаудың мамандандырылған нысандық-межеленген тілі. Бұл тіл Интернет ресурсындағы интерактивті графиктер мен анимацияны пайдалану үшін арнайы әзірленген. Интернеттегі көптеген дайын қосымшаларға (бағдарламаларға) оңай қол жеткізуге болады және оларды жекеменшік ақпараттық желілік пен желілік емес мультимедиа ресурстарын әзірлеуге келешекте пайдалану үшін пайдаланушының компьютеріне жүктеп алуға болады;
VRML (Virtual Reality Modeling Language) тілі желіге, қарапайым анимацияға қарағанда нақты объектінің көрінісін айтарлықтай бейнелейтін көлемді үшөлшемді объектіні әзірлеу мен орналастыруға мүмкіндік туғызады. Осындай үшөлшемді объектілерді олардың «көлеміне» байланысты «виртуалдық бөлмелер», «виртуальдық галереялар» және «әлемдер» деп атау қабылданған.
CGI (Common Gateway Interface) – мәні бойынша бағдарламалау тілі болып саналмайды, ақпаратты жинау мен мәліметтер базасын әзірлеу ережесін баяндайтын сипаттама. Әзірлеушілер «динамикалық құжаттардың» жұмысын қамтамасыз етуге және желіге орналастыруға мүмкіндік туғызатын CGI-бағдарламасын әзірлеу үшін PERL тілін немесе қандай да бір басқа тілді пайдаланады. Осылай, мысалы, пайдаланушылар тестілердің және т.б. сурақтарына жауап бере отырып, нақты уақыт режімінде Интернет-беттерде сауалнама мен пікірлер бланкілерін толтыра отырып, осындай бағдарламаларды кездестіреді.
Мұғалімдер мен оқушылар мультимедиа ресурстарын әзірлеу үшін басқа да құрал-жабдықтарды пайдалана алады. Ол үшін педагогтар мультимедиа беттерін әзірлеу үшін пайдаланатын бағдарлама-редактроды таңдауы тиіс. Толық жұмыс істей алатын мультимедиалық қосымшаларды (бағдарламаларды) әзірлеуге мүмкіндік тудыратын мультимедианы әзірлеуге арналған толып жатқан аспаптық құралдар бар. Macromedia Director немесе Authoware Professional сияқты дестелер жоғары кәсіптік және қымбат әзірлеу құралдары болып саналады, ал сол уақытта FrontPage, mPower 4.0, HyperStudio 4.0 және Web Workshop Pro сияқтылар олардың бір шама қарапайым және арзан аналогтары болып саналады. PowerPoint және мәтіндік редакторлар (мысалы, Word ) сияқты құралдарды да қарапайым мультимедиа–ресурстарын әзірлеу үшін пайдалануға болады.
Аталған әзірлеу құралдары оқу мен қабылдауға жеңіл егжей-тегжейлі құжаттамалармен жабдықталған. Әрине, аталған құралдардың орнына табысты түрде қолдануға болатын әзірлеудің басқа да көптеген құралдары бар.
Интернетке орналастырылған мультимедиалық ақпарат мөлшері жеткілікті үлкен компьютерлік файлдар болып табылады. Бұл интерактивті құралдардың бар болуымен, аудио- және бейнеүзінділердің, ажыратылымы жоғары графикалық кескіндердің қосылуымен байланысты болуы мүмкін. Бар байланыс арналарының жеткіліксіз өткізгіштік қабілеттілігіне мен сенімділігіне байланысты мұндай ақпараттық ресурстарды оқу процесінде толық дәрежеде пайдалану қиын болуы мүмкін.
Кейбір жағдайда мұндай ресурстармен жергілікті режімде желіде жұмыс істеудің есебінен телекоммуникациялық желілердің болмауына немесе сапасының нашар болуына байланысты проблемалардан құтылуға болады. Мультимедиа ресурспен жергілікті өзара әрекеттің барысында мектеп оқушылары ақпаратты телекоммуникациялық желілерден емес, өз компьютерінің ішкі немесе сыртқы жадының көздерінен алады. Сол кезде ақпараттық ресурстың мазмұны мен ондағы ақпаратты ұсыну тәсілі Интернетте орналасқанмен толығымен сәйкес келеді. Мұндай ресурстар жиірек телекоммуникациялық жұмыс істеу сеансы барысында желілік көздерден көшіріп алынады, ал содан кейін жергілікті нұсқада оқушыларға ұсынылады (яғни Интернеттегі жұмыс толығымен имитацияланады).
Жалпы орта білім беруге арналған мультимедиа ресурстарын дайындау мәселелері көпаспектілі және оңай емес болып саналады. Мұндай дайындаманың техникалық пен технологиялық ерекшеліктері арнайы әдебиеттерде қарастырылады. Мультимедиа ресурстарын әзірлеуге қатысты оның мазмұнының толтырылуының негізгі мәселелері мен эргономикалық сипатының проблемалары осы әдістемелік құралдың басқа бөлімдерінде ішінара қарастырылатын болады.
3-лекция. Педагогикалық-программалық құралдар (ППҚ), олардың топтамасы (демонстрациялық, жаттықтырушы, бақылаушы, ойын программалары, “компьютерлік” оқыту орталары, т.б.). ППҚ –ға қойылатын негізгі талаптар. Оқыту мақсатындағы программалық құралдардың сапасын бағалау. Бiлiм саласында қолданылатын программалардың негiзгi түрлерi. Оқыту программаларын жобалау кезеңдерi.
Педагогикалық-программалық құралдар (ППҚ), олардың топтамасы.
ППҚ –ға қойылатын негізгі талаптар. Оқыту мақсатындағы программалық құралдардың сапасын бағалау.
Бiлiм саласында қолданылатын программалардың негiзгi түрлерi. Оқыту программаларын жобалау кезеңдерi.
Достарыңызбен бөлісу: |