Педагогикалыќ баєдарламалыќ Ќамтылу (ПБЌ)


Құбылыс, процестер механизмiн динамикада көрсету



бет7/65
Дата13.02.2022
өлшемі2,24 Mb.
#25397
түріЛекция
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   65
Байланысты:
лекциялар

4. Құбылыс, процестер механизмiн динамикада көрсету

Құбылыстар мен процестердi модельдеу, динамикада көрсету

Құбылыстар мен процес-тердiң табиғатын ашып көрсету
5. Тез немесе жай өтетiн процестердi оқыту

Бейнепроекциялық құрылғылар көмегiмен табиғаттағы процесс-тердiң жүруiн бақылау

Құбылыстар мен процестердi оқыту кезiнде уақыты

2-лекция. Жалпы орта білім беру жүйесінде қолданылатын компьютерлік-телекоммуникациялық технологиялар. Білім беруді мультимедиалық технологияларды қолдану ерекшеліктері және болашағы. Мультимедиалық технологиялардың қызметі мен дидактикалық негіздері.


  1. Жалпы орта білім беру жүйесінде қолданылатын компьютерлік-телекоммуникациялық технологиялар.

  2. Білім беруді мультимедиалық технологияларды қолдану ерекшеліктері және болашағы.

  3. Мультимедиалық технологиялардың қызметі мен дидактикалық негіздері.

Қазіргі түсінік бойынша мультимедиа құралдарына компьютерлер және олардың тиісті шалғайлық жабдықтары, сондай-ақ бағдарламалық құралдары жатады. Сонымен бірге осы құралдарға аудио-, бейне- немесе басқа ақпаратпен тура жұмыс істеуге мүмкіндік беретін мектеп жабдықтарын да қосудың мән-мағынасы бар.

Қазіргі уақытта Қазақстан Республикасының мектептерінде техникалық құралдардың келесі негізгі түрлерін кездестіруге болады:


  • дыбысты жазу мен жаңғыртуға арналған құралдар (электройнатқыштар, магнитофондар, CD, DVD-ойнатқыштар);

  • телефон, телеграф және радиобайланыс жүйелері мен құралдары (телефон аппараттары, факсимильдік аппараттар, телефон станцалары, радиобайланыс жүйелері) ;

  • телекөрініс жүйелері мен құралдары, радиохабарлар (теле және радиоқабылдағыштар, серіктік оқу телекөрінісі мен радиосы);

  • оптикалық және проекциялық кино- және фотоаппараттар (фотоаппараттар, эпидиаскоптар, кинокамералар, диапроекторлар, кинопроекторлар),

  • ақпаратты құжаттау мен көбейтуге арналған полиграфиялық, көшірмелеу, көбейту және басқа техникалар (ротапринттер, ксерокстар, ризографтар, микрофильмдеу жүйелері),

  • ақпаратты электрондық ұсыну, өңдеу мен сақтау мүмкіндігін қамтамасыз ететін компьютерлік құралдар (компьютерлер, принтерлер, сканерлер, график құрушылар),

  • ақпаратты байланыс арнасы бойынша жеткізуді қамтамасыз ететін телекоммуникациялық жүйелер (модемдер, ақпаратты жеткізуге арналған өткізгіш, серіктік, оптикалық талшықтық, радиорелейлік желілер және байланыс арналарының басқа түрлері).

Техникалық құралдар білім беру іс-әрекетінде дыбыс, мәтін, фото және бейне кескін сияқты ақпараттың әр тұрлі типтерімен жұмыс істеу мүмкіндігін енгізуге мүмкіндік береді.

Мультимедиа технологиялары саналы және үйлесімді түрде ақпараттың көптеген түрін ұштастыруға және компьютер көмегімен ақпаратты мына сияқты нысандарды алуан формада ұсынуға мүмкіндік береді:



    • сканерленген фотографияны, сызбаларды, карталар мен слайдтарды қамтыған кескіндер;

    • дауыстың дыбыстық жазбалары, дыбыстық әсерлер мен әуен;

    • бейне, күрделі бейнеәсерлер;

    • анимациялар және анимациялық боямалау.

Қазіргі заманғы мультимедиа құралдары мен мультимедиа технологиялары қарқынды дамушы компьютерлік телекоммуникациямен тығыз байланысты. Компьютерлік желілірде жарияланған ақпараттық ресурстардың барлығы іс жүзінде мультимедиалық құралдар болып саналады. Және, керісінше, қазіргі уақытта жасалынған мультимедиа құралдары мен технологияларының көпшілігі телекоммуникациялық режімдерде жұмыс істеуге бағытталған.

Мектепте телекоммуникациялық желелерді пайдалануды мультимедиа ресурстарын және технологияларын пайдаланумен үйлестіру жаңа мүмкіндіктерді ашады, олардың негізгілері мыналар болып саналады:



  • оқу-әдістемелік мультимдиа ақпаратына қатынауды кеңейту;

  • мектеп оқушыларының коммуникативтік машықтарын, қарым-қатынас мәдениетін, мультимедиа ақпаратын іздеу икемділігін қалыптастыру;

  • жедел кеңес беру көмегін ұйымдастыру;

  • оқытудың жеке тұлғалануын артыру, өз бетімен оқуға аранлған базаны дамыту;

  • нақты уақыт режімінде виртуальдық оқу сабақтарын (семинарлар, дәрістер) өткізуді жасақтау;

  • қашықтан оқытуды ұйымдастыру;

  • біріккен зерттемелік жобаларды ұйымдастыру;

  • ғылыми-зерттемелік іс-әрекеттерді модельдеу;

  • бірегей жабдыққа қатынас жасау, күрделі немесе қауіпті объектілерді, құбылыстарды немесе процесстерді және б. модельдеу;

  • мұғалімдердің желілік қоғамдастығын қалыптастыру;

  • мектеп оқушыларының желілік қоғамдастығын қалыптастыру;

  • оқушылардың сыни ойлауын, дұрыс және қажетті мультимедиа ақпаратты іздестіру мен таңдау машығын жетілдіру.

Жалпы орта білім беруде пайдаланылатын телекоммунмкациялық мультимедиа құралдары деп мультимедиа ақпаратын жеткізуге қатысы бар мектепте қолданылатын кез келген құралдар мен аспаптарды түсіну керек. Осындай көз-қараста білім беру саласында пайдаланылатын телекоммуникациялық құралдарға компьютерлер мен бағдарламалық жасақтамалардан басқа телефон, теледидар және көптеген басқа телекоммуникациялық құрылғылар жататын болады. Мұндай анықтаманың өмір сүруіне толық құқығы бар [14]:.

Телекоммуникациялық құралдарды пайдаланудың арқасында білім беру саласына электрондық почта, телеконференция, ақпараттық ресурстарға алыстан қатынау сияқты және басқа жалпыға белгілі телекоммуникациялық сервистер енді. Олардың барлығы сондай-ақ мультимедиа ақпараттарымен жұмыс істеуге мүмкіндік туғызады да мектеп оқушыларын оқытуда мультимедианы пайдалану саласын кеңейтетін қуатты аспап болып саналады.

Әдеттегідей, қалай да қалай компьютерлік техникамен таныс педагогтар мен оқушылардың көпшілігі аппартаттық мультимедиа құралдарының қатарына қателеспестен акустикалық жүйелерді (колонкаларды), компьютердің дыбыстық картасын (тақшаны), микрофонды, арнайы компьютерлік бейнекамераны және, мүмкін, тәртені жатқызады. Бұл аспаптардың барлығы, шындығында, мультимедиа аппаратының тараған құрауыштары болып саналады, пайдалануда карапайым, міндеті жеткілікті түсінікті және қандай да бір сипаттаманы талап етпейді. Айтарлықтай қызығушылықты, негізгі мақсаты – оқытудың тиімділігін артыратын, мамандандырылған мультимедиа–құралдары ұсына алады.

Мұндай қаіргі заманғы құралдардың қатарына, ең алдымен, интерактивті мультимедиа тақтасын жатқызу қажет.

Бағдарламалық-аппараттық жиынтық «Интеравтивтік тақта» дегеніміз бұл дәстүрлі мектеп тақтасының барлық сапасына ие бола отырып, кең мүмкіндіктері бар:


  • экрандық кескіндердің графикалық түсініктемелерін беру;

  • бір мезгілде сыныптың барлық оқушыларының істеген жұмысына сараптама жүргізуге және тексеруге мүмкіндік туғызады;

  • табиғи амалмен (ұсынылатын ақпарат ағынын арттыру есебінен) сыныпта оқушылардың оқу жүктемесін арттырады; оқытудың эргономикалығын қамтамасыз етеді;

  • оқытуға жаңа құлшыныстың алғышарттарын дайындайды; сұқбатқа құрылған оқытуды жүргізеді; кейс-әдістерді пайдаланып қарқынды әдістеме бойынша оқытады.

Интерактивті тақта кескінді монитор экранынан проекциялық тақтаға проекциялауға, сондай-ақ тақтаның жанында үнемі тұрып, арнайы флошеберлер көмегімен, бұл пернетақта немесе манипулятор «маус» көмегімен болғандай, компьютерді басқаруға мүмкіндік береді.

Интерактивті тақта үшін (SMART Board Software) пайдаланылатын бағдарламалық жасақтама келесі құрал-жабдықтарды қамтиды:



  • жазу кітапшасы (SMART Notebook);

  • бейнежазу құралы (SMART Recorder);

  • бейнеплеер (SMART Video Player);

  • қосымша (маркерлік) құрал-жабдықтар (Floating Tools);

  • виртуальдық пернетақта (SMART Keyboard).

Осы құрал-жабдықтардың барлығы жеке-жеке де, шешілетін оқу мәселелеріне байланысты жиынтығымен де пайдаланылатын болады.

Жазу кітапшасының өзі меншікті форматтағы құжатты әзірлеуге және өзіне басқа Windows бағдарламаларда да, лайықты құрал-жабдықтардың көмегімен де әзірленген мәтіндерді, графикалық объектілері енгізуге жағдай жасайтын графикалық редактор болып табылады.

Бейнежазу құралы бейнефайлға (AVI формат) тақтада қазіргі сәтте өндірілген барлық манипуляцияны жазуға, ал содан кейін оны бейнеплеердің (SMART Player) немесе кез келген ұқсас бағдарламалық құралдың көмегімен қайта өндіруге мүмкіндік туғызады. Мысалы, жазу кітапшасын пайдалана отырып, қандайда бір функцияның графигін салуға немесе сызбасын жасауға, ал содан кейін бейнефайлды іске қосып суретті салу процесін қайталап демонстрациялауға болады.

Қосымша (маркерлік) құрал-жабдықтар пайдаланылатын ағымдағы қосымша бағдарламаға тәуелсіз монтор экранының барлық алаңына тегі әр түрлі ентаңбалар әзірлеу үшін пайдаланылады. Мұғалім істеген барлық ентаңбалар, мысалы, Power Point презентациясы сақталына алады.

Мұғалім тікелей тақтаның қасында тұрғанда, виртуальдық пернетақта компьютерді басқару үшін пайдаланылады, яғни компьютердің стандартты пернетақтасының міндетін атқарады.

Интерактивті тақтаның маңызды сипаттамасы оның «өлшемсіздігі» болып саналады, яғни тіркелетін ақпарат мөлшері шектеусіз алаңға орналаса алады, сол кезде осы тақтаға жазылғанның барлығы шексіз ұзақ сақталына алады. Тақтада бейнеленген ақпараттың барлығын бүкіл сабақ бойына пайдалануға болады. Мұғалім немесе оқушы кез келген мезетте алдыңғы ақпаратқа қайта қайырыла алады. Сондай-ақ ағымдағы сабақтың ақпаратының барлығын келесі сабақтарда пайдалануға болады, сол кезде ол сабақтарды өткізу үшін қосымша дайындық талап етілмейді.

Интерактивті тақтаның дәстүрлі тақтадан айырмашылығы, оқушылардың назарын аудару үшін ұсынылатын ақпараттың кескінінің сапасын арттыруға жағдай жасайтын экрандық кескіндердің графикалық түсініктемелеріна арналған құрал-жабдықтардың тым көптігі, атап айтқанда: қаламұшқа арналған түстердің саны өте көп, қаламұштың қалыңдығы мен формасы да әр түрлі, сондай-ақ тақта реңкіне әр түрлі түс беру мүмкіндігі.

Интерактивті тақта сабақ өтіп жатқан кезде тегі әр түрлі сызбаларды, схемаларды, диаграммаларды, графиктерді дайындау кезінде уақытты үнемдеуге мүмкіндік береді, өйткені геометриялық фигураларды құрастыруға арналған құрал-жабдықтарының саны өте көп.

Интерактивті тақтаның тағы бір ерекшелігі онда тіркелетін ақпаратты бейнефильм форматында сақтау мүмкіндігі болып саналады. Мысалы, кейін есептің ақырғы статикалық нәтижесі емес, оның шығарылу процесін бастан-аяқ және кез келген жылдамдықпен қарап шығуға болатындай етіп тіркеуге болады.

Интерактивті тақтаны оқу-дидактикалық материалдарды әзірлеудің тиімді құралы ретінде де пайдалануға болады: есептерді шығару мысалдары, схемалар, сызбалар, графиктер және т.б., олар статикалық та, динамикалық та бола алады. Осы материалдардың барлығы тікелей сабақ үстінде әзірленеді, оларды келешекте жаңа материалды түсіндірген кезде, қайталау кезінде, сондай-ақ жеке жұмыс істеу кезінде де тренажер ретінде пайдалануға болады. d

Интерактивті тақтаны пайдаланудың барлық мүмкін болар тәсілдерін анықтайтын тақтаның шартты түрде төрт сипатын бөліп алуға болады:


  • шектелмеген алаң;

  • ақпарат пен экрандық кескіндердің графиктік түсініктемелерін тіркеуге арналған құрал-жабдықтардың кеңейтілген жинағы;

  • электрондық түрде тіркелетін ақпаратты сақтау мен оны одан әрі шектеусіз таралымын көбейту мүмкіндігі;

  • ақпаратты динамикалық формада (бейнефайл формада) сақтау мүмкінлігі.

Осы тәсілдерді орта мектепте өтетін сабақта әңгіме немесе дәріс формасында мысалда бейнелеп көрсетелік. Мұғалім сабақты өткізе отырып, өз әңгімесінің түйінді сәттерін кәдігімгі тақтаға қалай тіркесе, интерактивті тақтаға солай тіркеп отырады. Бұл есептің шығарылу мысалы, қандай да бір ұғымның анықтамасы, сызба, график және басқа да болуы мүмкін. Сол кезде, егерде тақтада орын жетпесе, ол жаңа экранға (оны слайд деп атайтын боламыз) өтіп отырады. Әрбір слайд логикалық аяқталған модуль ретінде дайындалынады. Сабақ барысында алдыңғы слайдқа лезде қайта оралып, қосымша белгілер қойып немесе қандай да бір өзгертулер енгізіп отыруға болады, Слайдтардың саны шектеусіз бола алады.

Мұғалім тақтаға жазған кезде ол кез келген түсті таңдай алады, сонымен қатар қаламұштың мөлшерін де таңдай алады, яғни әрбір слайд мұғалімнің қалауы бойынша көрнекілігі айтарлықтай болу үшін әр түрлі түспен және әр түрлі мәнермен әзірленеді. Мұғалім өз әңгімесінде алдынала дайындалынған немесе алдыңғы сабақтардан алынған статикалық графикалық кескіндерді пайдалана алады, сол кезде ол пайдаланылған кескінде сақталынатын әр түрлі белгілер қоя алады. Бұл белгілер қаламұшпен немесе маркермен орындалады, сипатын (түсін, мөлшерін, формасын, мөлдірлігін) баптауға болады. Егерде мұғалім өз дәрісінде бейнеүзінділерді пайдаланытын болса, онда мұнда да оның бейнекескіндерді сол құрал-жабдықтармен, бейнеқатарға немесе үзіліс режіміне тоқталмастан, екі режімде де қысқаша түсініктемелер енгізуге мүмкіндіктері бар. Тіркелген ақпаратты электрондық түрде сақтау мүмкіндігі мұғалімге оны келесі сабақта қайталау кезінде немесе келесі сабақтарда оқушылардың білімдерін қорытындылауға пайдалануға мүмкіндік береді. Сонымен, мұғалім тікелей сабақта келесі сабақтар үшін оқу-әдістемелік құрал дайындайды.

Сақталған ақпарат электрондық немесе қазаздық түрде сабақта немесе үйде оқушылардың өз бетімен жұмыс істеуіне берілуі мүмкін. Бейнеролик формасында сақталған ақпарат білімді бекіту кезеңінде тренажер ретінде сабақта пайдаланылады. Оқу материалын сақтаудың мұндай тәсілін есептерді шығару мысалдарының демонстрациясын дайындау немесе тапсырмаларды орындау (сызбаны аяқтау, фигураны немесе графикті салып бітіру және т.б,) үшін қолдануға болады.



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   65




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет