«Педагогикалық диагностика» пәнінің оқу-әдістемелік кешені №3 басылым 2013 жылғы


Студенттің өзін өзі бақылауға арналған сұрақтар



бет27/48
Дата11.03.2022
өлшемі106,75 Kb.
#27575
1   ...   23   24   25   26   27   28   29   30   ...   48
Байланысты:
«Педагогикалы диагностика» п ніні о у- дістемелік кешені №3 ба

Студенттің өзін өзі бақылауға арналған сұрақтар.

1.Тест түрлері және оны қолдану салалары.

2.Тест жүргізу үшін қойылатын талаптар.

3.Тест нормаларының ұғымы және орнату әдісі.



Әдебиеттер:

1.Бурлачук Л. Ф. Психодиагностика- СПб., 2003

2.Гуревич К. М. Что такое психологическая диагностика М., 1985

3.Немов Р.С. Психология. В т.3 - М., 2001

4.Общая психодиагностика. Под. Ред. Бодалева А.А., Столина В.В.- М.,-2003
Тақырып 7. Психологиялық – педагогикалық диагностиканың әдістемелеріне қойылатын талаптар

Мақсаты :Студенттерді педагогикалық диагностика әдістемелерге қойылатын талаптармен таныстыру. Тест, тест түрлері деген ұғымдарды түсіндіру.

Жоспар:

1.Тест – педагогикалық диагностиканың негізгі құралы.

2. Тесттің түрлері.

1. Тест – педагогикалық диагностиканың негізгі құралы.

Осыған орай педагогикалық диагностика және оның педагогикалық диагностика әдістеріне бірнеше қатаң талаптар қойылады. Педагогикалық диагностиканың ғылыми білімдері қолданылатын педагогикалық диагностика әдістер мен соған негізделіп жасалынатын нәтижелердің анализі мен интерпретацияларына негізделіп жинақталады. Егер де мысалы, мұндай әдістерге проективті тұлғалық тесттер жататын болса, оларды кәсіби және дұрыс қолдану қажет. Егер де бұл тесттер адамның тұлғалық белгілерін бағалау мен өлшейтін болса, онда оларды кәсіби тұрғыдан қолдану үшін тұлға белгілерінің жалпы психологиялық теорияларын білу қажет. Тек қана әдістердің бір бөлігін меңгеру психодиагностикадағы кәсіби жұмысқа жеткіліксіз болып табылады. Педагогикалық диагностикадағы ғылыми жалпы білім негізін білмеу, өте үлкен қателіктерге әкелуі мүмкін. Мысалы, әйгілі Миннесоталық көпфакторлы тұлғалық сауалнама( қысқ. - МКТС) әртүрлі психологиялық ауытқулары бар адамдарды іріктеу барысында тіркеліп, реттелініп жасалынды, іс - тәжірибеде бұл әдістеме тұлғаның клиникалық диагностикасында жиі қолданылады яғни адамды медициналық тұрғыдан нормадан ауытқу дәрежесін анықтау мақсатында қолданылады. Бірақта бұл ерекшеліктер тесттің өзінде жоқ кәсіби тұрғыдан дайындалмаған адам бұл тестті жалпы психологиялық тұлғалық тест деп қабылдап, оны адамның кез - келген сапаларының деңгейін анықтауға көмектеседі деп ойлауы мүмкін. Осыған орай, бұл тестті адамның кәсіби жарамдылығын яғни басқарушылық қабілетін анықтауға пайдалану идеясы туындап отыр. Басқарушылар мен бұл орынға үміттенушілер тобын зерттеу үшін ММРІ тесті қолданылады, алынған нәтижелері нормамен салыстырылады, егерде нормадан ауытқыса немесе нормада болатын болса, сонда зерттелінуші адамның кәсіби жарамдылығы туралы қорытынды жасалынады. Негізінен кәсіби педагогикалық диагностикаға қойылатын негізгі талап - бұл адамдардың сенімінен шыға білу, адамдарды өзіне тарта білу және жауаптарының шынайы болуына қол жеткізу.

Психологияда тест деп Осыған орай педагогикалық диагностика және оның педагогикалық диагностика әдістеріне бірнеше қатаң талаптар қойылады. Педагогикалық диагностиканың ғылыми білімдері қолданылатын педагогикалық диагностика әдістер мен соған негізделіп жасалынатын нәтижелердің анализі мен интерпретацияларына негізделіп жинақталады. Егер де мысалы, мұндай әдістерге проективті тұлғалық тесттер жататын болса, оларды кәсіби және дұрыс қолдану қажет. Егер де бұл тесттер адамның тұлғалық белгілерін бағалау мен өлшейтін болса, онда оларды кәсіби тұрғыдан қолдану үшін тұлға белгілерінің жалпы психологиялық теорияларын білу қажет. Тек қана әдістердің бір бөлігін меңгеру психодиагностикадағы кәсіби жұмысқа жеткіліксіз болып табылады. Педагогикалық диагностикадағы ғылыми жалпы білім негізін білмеу, өте үлкен қателіктерге әкелуі мүмкін. Мысалы, әйгілі Миннесоталық көпфакторлы тұлғалық сауалнама( қысқ. - МКТС) әртүрлі психологиялық ауытқулары бар адамдарды іріктеу барысында тіркеліп, реттелініп жасалынды, іс - тәжірибеде бұл әдістеме тұлғаның клиникалық диагностикасында жиі қолданылады яғни адамды медициналық тұрғыдан нормадан ауытқу дәрежесін анықтау мақсатында қолданылады. Бірақта бұл ерекшеліктер тесттің өзінде жоқ кәсіби тұрғыдан дайындалмаған адам бұл тестті жалпы психологиялық тұлғалық тест деп қабылдап, оны адамның кез - келген сапаларының деңгейін анықтауға көмектеседі деп ойлауы мүмкін. Осыған орай, бұл тестті адамның кәсіби жарамдылығын яғни басқарушылық қабілетін анықтауға пайдалану идеясы туындап отыр. Басқарушылар мен бұл орынға үміттенушілер тобын зерттеу үшін ММРІ тесті қолданылады, алынған нәтижелері нормамен салыстырылады, егерде нормадан ауытқыса немесе нормада болатын болса, сонда зерттелінуші адамның кәсіби жарамдылығы туралы қорытынды жасалынады. Негізінен кәсіби педагогикалық диагностикаға қойылатын негізгі талап - бұл адамдардың сенімінен шыға білу, адамдарды өзіне тарта білу және жауаптарының шынайы болуына қол жеткізу.



Педагогикалық диагностика стандартты әдістемелерін айтады. Бұл әдістемелер зерттелетін қасиеттердің даму дәрежесінің салыстырмалы сапалық және сандық көрсеткіштерді алуға көмектеседі. Барлық кезде бірдей болғандықтан бұл әдістемелерді стандарттық деп айтамыз,зерттелетін адам алатын жағдай мен нұсқаудан бастап, есептеу мен интерпретацияны алатын көрсеткіштермен аяқтайды. Тестпен алынған бағаларды қашан қай жерде алынғанына қарамастан, бір бірімен салыстыруға болады, сондықтан біз оны салыстырмалы дейміз. Тесттерге қойылатын педагогикалық диагностика әдістемелердің ішіндегі ең қатаңы деп валидтық нақтылықты және бірегейлікті көздейтін әдістемелерді айтамыз. Бірнеше топтарға бөлінетін тесттердің көп түрлері бар: Тесттелетін қасиетіне қарай, тестте қолданылатын есептердің ерекшеліктеріне қарай, зерттелетін адамға ұсынылатын материалына қарай, бағаланатын объектісіне қарай. Тесттер интеллектуалдық (адамның әртүрлі қызығушылық процестердің даму дәрежесін бағалайтын), тұлғалық және тұлғааралық болып бөлінеді. Қолданылатын есептердің ерекшеліктеріне қарай практикалық , бейнелік және вербальдық тесттер болып бөлінеді. Ұсынылатын тест материалына қарай тесттер бланктық , аппараттық болып бөлінеді. Баға объектісіне – процессуальдық, жетістік тесттер, құбылыстар мен қасиеттер тесттері. Интеллектуальдық тесттер- адамның интеллектік даму деңгейін бағалауға, жеке когнитивтік процестерін (қабылдау, зейін, жады, сөйлеу) бағалауға арналған. Тұлғалық тесттер - адамның жеке тұрақты ерекшеліктерінің педагогикалық диагностикасымен байланысты: темпераментке, мінезге, мотивация, эмоция, қабілеттерге арналған тесттер. Тесттердің арасында тұлғаның жағдайын немесе оның жеке қасиеттерінің даму дәрежесінің жүйелі бағасын беретіні кездеседі. Комплекстік (жүйелілік) тесттерге КЕТТЕЛ, ММРІ және т.б. жатады. Жекешеленген тесттерге - адам тұлғасының жеке бір қасиеттерін бағалайтын тесттер жатады. Тұлғааралық деп- әртүрлі әлеуметтік топтардағы адам қарым - қатынастарын бағалайтын тесттерді айтамыз. Мысалы, социометриялық тест, топтың ұжым ретінде өзін- өзі тексерудің әлеуметтік - педагогикалық тесті. Практикалық тест тапсырмалары- есептер мен жаттығулардан тұрады.Образдық тапсырмалар- суретті, схемалық, бейнелік тапсырмалардан тұрады. Вербальдық тесттер- тәсілдік сөздермен тапсырмалардан тұрады. Мысалы, ұғымдарды анықтау, ой қорытындылары, сөздердің көлемі мен мазмұнын салыстыру, әртүрлі логикалық тәсілдердің түсініктерін орындау және т.б. Тестте қолданылатын көп тапсырмалар кешендік болып келеді, яғни практикалық, теориялық, бейнелік, вербальдық іс - әрекеттерден және тапсырмалардан тұрады.Адамға өмірде кездесетін көп есептер кешенді болып келеді, ал тест адамның іс-қимылдарын және мүмкін болатын жетістіктерін лабораториялық жағдайда емес, өмірде болжау үшін өткізіледі. Бланктік тест деп- зерттелетін адамның алатын тест материалы бланк түрінде (суреттер, схемалар, таблицалар, сұрақ-жауаптар және т.б.) болады. Аппаратуралық тесттерде- нәтижелерді өңдеу үшін әртүрлі аудио- видеотехника,электрондық есептеу машиналары қолданылады. Процессуальдық тесттер- психологиялық және іс- әрекеттік процестерді зерттеп, нәтижесінде нақты сапалық және сандық мінездеме беріледі. Тест жетістіктері тобына- адамның әртүрлі іс әрекеттердегі жетістіктері бағаланатын тесттер жатады. Мысалы, танудың түрлі ортасында: естің (жадының) жетістігі,ойлау логикасы, зейіннің тұрақтылығы, вербальдық ойлаудың даму деңгейі және т.б. Тесттердің жағдайы мен қасиеттері, адамның тұрақты психологиялық қасиеттерінің педагогикалық диагностикасына қатысты болады. Жобалау тесттерін жеке бір топ етіп бөлуге болады. Олар адамның педагогикалық сапасын тура емес , жанама бағалауға негізделген. Мұндай бағалау көптеген объектілерді адам қалай қабылдап және интерпретация жасап, талдау нәтижесінде алынады, алынған мазмұнды объектілері: сюжеттік суреттер, формасыз дақтар, бітпеген сөйлемдер және т.б. болуы мүмкін. Бұл тесттерге қатысты, мысалыға, Роршахтың, Апперцептивтік тақырыптық тесттер және т.б. жатады.

Жобалық тесттер деп зерттелетін адамның жасырын немесе еркінен тыс басынан өткізетін психологиялық ерекшеліктердің психодиагностикасын айтамыз. Педагогикалық диагностика эксперимент әдіс ретінде жеке жағдайларда ғана қолданылады: егер керекті қасиетті басқа әдіспен анықтауға болмайды.

Процессуалдық тесттер зерттелетін адамның педагогикалық және іс-әрекеттік просцесстердің өту ерекшеліктері зерттеушілерді қызықтырады. Ал жетістіктер тесттер қабілеттер, дағдыларды бағалау есебі шешілген кезде қолданылады.

Жеке топқа интеллект тесттері жатады. Олар адамның интеллектуалдық дамуыныың жалпы деңгейін нақты және сапалық жағынан анықтаған кезде қолданылады.

Тесттерге нақты педагогикалық диагностиканың әдістері ретінде ерекше талаптар қойылады.


  1. Тесттің социокультуралық адаптациясы. Бұл дегеніміз тест тапсырмаларының және тест бағаларының сәйкестігі. Мысалы Еуропада пайда болған интеллект тесті құрылымында сөздік-логикалық емес, образдық-практикалық ойлау басым болатын, интеллекті бар елде қолданылса, ол міндетті түрде әлеуметтік-мәдени түрде адаптациядан өту керек. Кері жағдайда біз сол елдің тұрғындарының ой дамуының деңгейіне сәйкес келмейтін төмен нәтижелерді аламыз.

Және, керісінше, практикалық ойлауға тапсырмалары бар интеллект тесті вербалдық интеллекті басым елде қолданған кезде біз ой дамуының адекваттық емес көрсеткіштерді аламыз.

Егер тест пайда болған жағдайлардан мүлдем басқа жағдайда қолданылатын болса, міндетті түрде ол жаңа жағдайларға бейімделіп, адаптациядан өту керек. Бірінші кезекте бұл нәрсе бланктік тесттерге қатысты, өйткені олар басқа елден алынған және сол елдің тілінде жазылған. Тест тапсырмаларының бір тілден екіншіге аудармасы ешқашан нақты болмайды. Көбінесе сөзбе-сөз емес мағынасына қарай аударылады.

Екінші талап- тұжырымдамалардың қарапйымдылығы және тест тапсырмаларының бір мағыналылығы. Бұл талап бойынша сөздік және басқа тапсырмаларда адамдар әртүрлі мағынада түсініп қалмау керек олар: (сурет, сөздер болуы мүмкін).

Үшінші талап- тест тапсырмаларын орындау үшін бөлінген уақыт. Педагогикалық тест тапсырмаларын орындау үшін бөлінген уақыт 1,5-2 сағаттан аспау керек, өйткені бұдан ұзақ уақытта адам, өзінің жұмыс істеу қабілетін жоғары деңгейде сақтай алмайды.

Төртінші талап- белгілі тест үшін тест нормалары.

Бұларға репрезентативтік орташа көрсеткіштер жатады, яғни ол бір топ адамдар. Белгілі бір адамның көрсеткіштерін оның психологиялық даму деңгейін бағалап сол адамдармен салыстыруға болады. Тест нормасы зерттелетін адамдардың жасына, жынысына қарай және алынған бағаны жасына, жынысына және басқа релеванттық көрсеткіштердің дифференциамен орталандыру нәтижесінде алынады.

Тест нормасы дегеніміз зерттелетін адамға бірнеше әлеуметтік – демографиялық мінездемелер бойынша ұқсас адамдардың үлкен шынтығының дамуының орта деңнейі. Барлық нормалар адамдардың педагогикалық дамуында жылдап өзгеретін табиғи өзгерістерімен бірге өзгереді. Мысалы ХХ ғасырдың 25-ші жылдарындағы интеллектуалдық даму нормасы 90-шы жылдардағы адамның ой даму денгейімен салыстыра алмаймыз. Эмпирикалық ереже бойынша бес жылда бір рет тест нормалары қайта қарастырылу керек.

Бұл қайта қарау төмендегідей өту керек. Біріншіден, бір топ адам зерттеуді жүргізу үшін керек. Содан соң өзінің әлеуметтік – демографиялық мінездемелері бойынша топшаларға бөлінеді. Әр топша үшін тесттің көмегімен құрметті адамдар іріктеліп зерттеледі. Соңында көрсеткіштерді орталандыру жолмен белгілі адамдардың жиынтығы үшін тест нормасы анықталады. Тестті сипаттаған кезде міндетті түрде норма кімге , қай кезде , қалай орнатылғаны туралы айту керек.

Тестті өткізу үшін , нәтижені өңдеп интерпретация жүргізу үшін қатаң ережелер белгіленген:

1.Бір тестті қолдану үшін, педагог оны бірінші өзіне өткізу керек. Бұл нәрсе тесттің нюанстарын білмеу қателіктерінен сақтайды.

2.Зерттелетін адамдар тест инструкциясымен мұқият танысып, оны жақсы түсініп алу керек.

3.Тест барысында зерттелетіндер бір-бірінен көмек сұрамай, жеке өз алдына жауап беру керек.

4.Әр тест үшін нәтижелерді өңдеп, интерпретация жүргізу үшін тексеруден өткен процедура болу керек. Әсіресе бұл мәліметтерді математико-статистикалық әдістерге қатысты. Практикалық тест өткізу үшін белгілі дайындық жүргізу керек. Біріншіден, зерттелетіндерге тестті беріп түсіндіреді, не мақсатта өткізілетіні, оның нәтижесінде қандай мәліметтер алынуы мүмкін және өмірде олар қалай қолдануы мүмкін.Содан соң ол инструкцияны түсініп алу керек. Соның бәрінен кейін педагог тестті жүргізеді.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   23   24   25   26   27   28   29   30   ...   48




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет