«Педагогикалық диагностика» пәнінің оқу-әдістемелік кешені №3 басылым 2013 жылғы



бет36/48
Дата11.03.2022
өлшемі106,75 Kb.
#27575
1   ...   32   33   34   35   36   37   38   39   ...   48
Байланысты:
«Педагогикалы диагностика» п ніні о у- дістемелік кешені №3 ба

Құпия сақтау принципі. Зерттелетін адамның рұқсатынсыз зерттеу нәтижелерін жарияламау. Біріншіден, бұл нәрсе кәмелет жасқа жеткендерге қатысты. Егер кәмелет жасқа толмағандар туралы айтатын болсақ, онда олардың ата-аналарының немесе басқа олардың орнындағы адамдардың рұқсаты керек. Егер зерттеу эксперимент ретінде өткізілсе, онда аты жөндері өзгертіліп жазылу керек.

  • Ғылыми негізделу принципі педагогикалық диагностиканың валидты болуын, сенімді нәтижелерді талап етеді.

  • Зерттелетіндерге зардап келтірмеу принципі. Педагогикалық диагностикадан өтетін адамға нәтижелер ешқандай зиян келтірмеу керек. Бұл принцип нәтижелердің ашықтығы принципімен қатар қолданылады.

  • Қорытындылар объективтігі принципі нәтижелер ғылыми негізделгендігін талап етеді, яғни тест нәтижелерінен шығу керек, ол тесттерде мықты, сенімді және валидтық әдістемелер қолдануы керек, тест өткізетін адамдарға тәуелді болмауы керек.

  • Ұсынылатын нұсқаулардың тиімділік принципі. Нұсқаулар міндетті түрде зерттелетінге пайдалы болу керек. Пайдасы жоқ тест нәтижелерінен ешқандай нұсқау ұсынуға болмайды.

  • Педагогикалық диагностикамен айналысатын адамдарға ерекше кәсіби талаптар қойылу керек. Мыналар негізгілері:жақсы теориялық дайындық, педагогикалық диагностика әдістемелерді өте жақсы білу сәйкес әдістемелердің практикалық қолданудың жеткілікті тәжірибенің бары.

  • Әр педагогикалық диагностика әдістеме бос жерден пайда болмайды, ол сол объектің педагогикалық теорияның негізінде пайда болып, дамиды. Мысалы интелект тесттері өзінің шығу табиғатына, құрылымы, маңызы туралы ғылыми анықтамаларына негізделеді. Тұлға тесттері тұлғаның белгілі бір теориясынан жығады. Әр сәйкес теорияны біліп, зерттелетін объект туралы қорытынды жасауға болады. Мысалы, бір қасиеттің педагогикалық диагностикасын жүргізіп, екінші қасиет туралы нәтижелер алуға болады. Мысалы Фрейдтің педагогикалық анализіне сүйенетін тақырыптық апперцептивтік тест тұлға тестінің нәтижелерін интерпретациялап және ғылыми негізделген қортындыларды алуды көздейді.

  • Кез келген педагогикалық диагностика әдістемелік дұрыс қолдануға байланысты теорияны білу міндетті болады. Онсыз педагогикалық диагностика анализде қате жіберуі мүмкін.

  • Бірде бір психологиялық тестті зерттеуші бәрін түсініп тексермейінше қолдануға болмайды. Тест қандай болмасын жақсы болғанымен міндетті түрде жағдайды, зерттелетіндердің жеке ерекшеліктерін, басқа психодиагностикаға релевантты факторларды ескеру керек.

  • Сәйкес педагогикалық диагностика әдістемелердің практикалық қолданудың жеткілікті тәжірибесі аз маңызы жоқ. Бұл нәрсе жобалы және басқа, контент-анализ қолданатын интуитивтік немесе стандарттық процедураларын және нәтижелер интерпретацияларын қолданылатын әдістемелерге қатысты. Бұндай педагогикалық диагностика әдістемелерді қолдану тәжірибесі үздіксіз болу керек, өйткені ұзақ үзілістер керекті білімді жоғалтуға, жұмыстың санасының төмендеуіне әкеліп соғады.

  • Педагогикалық диагносттың білімі, дипломы міндетті түрде тұру керек пе ? Кейбір жағдайларда, мысалы, сот-медициналық немесе педагогикалық диагностика экспертиза өткізу керек, жұмысқа қабылдаған кезде, қиын психологиялық тесттерді қолдану кезінде дипломдағы білім міндетті түрде керек. Ал егер мектепте, басқа мекемелерде жай, қарапайым педагогикалық диагностика тест өткізу үшін педагогиканың өзінше алған білімі жетеді. Жоғары кәсіби дайындық барлық мемлекеттік білім алу мекемелерде (практикалық педагогтарды дайындайтын) мүлдем ойдағыдай емес. Мысалы, қанағаттанарлық деңгейде педагогикалық диагностикамен кез келген жоғары педагогикалық, медициналық, әлеуметтік білімі бар адамдар шұғылданулары мүмкін.



    Достарыңызбен бөлісу:
  • 1   ...   32   33   34   35   36   37   38   39   ...   48




    ©emirsaba.org 2024
    әкімшілігінің қараңыз

        Басты бет