Педагогикалық эксперимент


) Бұл кезеңде Қайтадан құрастырушы эксперимент жүргізіледі



бет3/3
Дата07.11.2022
өлшемі41,22 Kb.
#48012
1   2   3
3) Бұл кезеңде Қайтадан құрастырушы эксперимент жүргізіледі. Бақылау сыныбының тәжірибесінің анықтауда көрсетіледі. Эксперимент басында орташа және төмен көрсеткіш берген оқытушылар жауаптарын жоғары деңгейде анықтайды. Оқытылатын құбылыстың ықпалы оқушылардың сенімді қолдауда жеңіске жете
Эксперимент жүргізу әдіснамасын жасауда зерттеуші эксперименттің мақсатын нақты ұғыну және оны зерттеу барысындағы жалпы орнын және жағдайларын және эксперименттің мүмкін нәтижелерін және осы бүкіл үрдіс туралы нақты білуі тиіс.
Педагогикалық эксперимент әдістемесін жүргізу алуан және ол жүргізу ұзақтығымен, оның мақсатымен, зерттелеуші педагогикалық құбылыстың және басқада факторлардың қиындықтарына тәуелді немесе байланысты.
Оның жасалуы барысында:
- алғашқы мәліметті анықтау, гипотеза, зерттеуші педагогикалық құбылысты және процессті бақылаудың алғашқы шарттарын жасау;
- экспериментке байланысты объектіні таңдау және жағдай жасау;
- зерттелуші құбылысты (немесе объектіні) даму барысын жүйелі түрде бақылау, нақты фактілерді тіркеу;
- эксперимент процедурасын ұқыпты өңдеу;
- тіркеу жүргізу;
- фактілерді бағалауды әртүрлі әдістерменен өлшеу (кесте, анкета, хат, математикалық аппарат);
- жағдай ұсыныс бойынша қайталануын жасау;
- нығайту (немесе жалғандығын білдіру) ерте алынған мәліметтер үшін;
- эмперикалық материалды логикалық талданып қорытындыға өтуі.
Білім беру жүйесінде эксперимент деген түсінік - «іздену», «іздену жұмыстары», «тәжірибе», «тәжірибелі эксперименттік жұмыс», «зерттеу жұмыстары» т.б.
Педагогикада эксперимент деп нені атайды ? Эксперимент - болжауды (гипотеза) тексеру.
Эксперимент - бір ізденушімен шығарылған әдістеме немесе жаңа шарттармен жасалған технология , өлшем жүйесі.
15. Ғылыми зерттеу жұмысының түрлерін кесте түрінде құрастыру
Әдебиетпен жұмыс жасаудың екі кезеңі бар. Бірінші кезеңінде зерттелетін мәселенің тарихи қалыптасуын зерттеу. Мәселен, дамуының кезеңгі кезеңдерін сипаттау, негізгі бағыттарын көрсету. Екінші кезеңінде зерттелетін мәселенің шешілмеген, зерттелмеген қандай мәселе қалды, бұрынғылар қандай қор қосты, олардың әдістемесі, дұрыстығы, қортындылары мен ұсыныстарының мәні туралы айтылады. Зерттеуші өзі үшін нақты зерттеу жұмысының әдіснамалық базасын жасап алу керек.
Әдеби материалдарымен жұмыс істеу библиография құрастыру, аннотациялау, реферат жазу, конспектілеу, деректер мен цитаталар көшіріп алу сияқты жалпы ғылыми жұмыстың түрлерін орындауда қолданылады. Әлуметтік-қоғамдық өзгерістердің тез жүруіне байланысты соңғы, шыққан әдебиеттерді қолданған жөн. Студенттерге әдебиеттердің екі түрі: негізгі әдебиеттер және қосымша әдебиеттер таңдау ұсынылады. Негізгі әдебиеттерді жетекші беріп, оған негізгі тақырыпқы сәйкес оқулықтар, оқу-құралдары, құжаттар көрсетіледі. Ал қосымша әдебиеттерді студентің өзі таңдауы керек. Бұл үшін кітапханада каталогпен жұмыс істеп ізденуі қажет.
Қосымша әдебиеттерге журналдар, монография, брошюра, жинақтар жатады. Әдебиеттерді таңдауда арнаулы дәптер арнап, альфавит бойынша орналастыру қажет. Әдебиетпен жұмыстың келесі кезеңдері бар.
Кезеңінде алынған тақырыбыңыздың тарихын, бұрын қалай зертелгеніне шолу жасау. Оның өзінде мына мәселелерге көңіл бөлу қажет, негізгі даму кезеңдеріне сипаттама беру; өзгерістерін бөліп көрсету; негізгі бағыттарын атау.
Екінші кезең таңдаған проблемаңыздың қазіргі таңдаған жағдайына талдау. Қандай проблема шешусіз қалды, пікірталас тудырады, әлде мүлде зерттелмеген бе? Негізін салушылар кімдер? Олардың әдістемесі, көзқарасының дұрыстығы, қорытындыларының мәні мен ұсыныстарының тиімділігі қарастырылады. Әдебиеттегі материалды дұрыс таңдау үшін бірнеше рет оқу қажет. Бірінші оқуда материалдың көпшілік бөлігін түсіндіруді мақсат етіп, түсінбегенін белгілеу. Екінші рет оқуда ойланып, қайтадан оқу. Сөздіктерді қолданып, оқытушыдан консултация алуы қажет.
Әдебиетпен жұмыс кезінде кейібір қызықты мәліметтерді және фактілерді конспектілеп немесе цитаты, сілтеме түрінде беруге болады
Студенттердің ғылыми – зерттеу жұмысы – алынған білімдерді, біліктер мен дағдыларды тәжірибеде қолдана алуға қабілетті, жоғары білімді мамандар даярлау сапасын арттырудың маңызды құралдарының бірі. Студенттерді ғылыми – зерттеу жұмысына тарту олардың шығармашылық және интеллектуалдық әлеуетін қазіргі ғылымның көкейкесті міндеттерін шешу үшін пайдалануға мүмкіндік береді.
2. Ғылыми баяндамалар – аудиторияда оқылатын немесе мақала ретінде жарияланатын ғылыми – зерттеу мен тәжірибелік эксперимент жұмысының мазмұнын баяндайтын ғылыми құжат.
Рефераттық жұмыс – ғылыми еңбектер, ғылыми зерттеулердің қысқаша мазмұнын сипаттайтын, жазбаша немесе басылым түрінде берілетін жұмыс. Реферат ғылыми – ақпараттық бағытта болады. Тақырыпты объективті тұрғыда толық баяндаумен қатар рефератта ғылыми теориялар мен ғылыми қорытындыларға талдау жасалып, сын айтылады. Реферат ғылыми мекемелер мен жоғары оқу орындарында қолданылады.
1. Ақпараттық рефераттар. Мұнда автор бір немесе бірнеше жұмыстың мазмұнын қысқаша баяндайды.
2. Бағалаушы рефераттар белгілі бір проблема бойынша бірнеше ғылыми әдебиеттер негізінде жазылады және проблемаға түрлі көзқарастар, түрлі жұмыстардағы ғылыми тұжырымдамалардың сыни талдамасы келтіріледі, реферат авторының ұстанымы анықталады.
Студенттердің ғылыми – зерттеу жұмыстарының негізгі міндеті – барлық студенттерді таңдаған мамандығы аясында ғылыми – зерттеу жұмыстарын жүргізудің теориялық негіздерімен және практикалық дағдыларымен таныстыру. Бұл функциялардың орындалуына оқу үдерісіне енгізілген, сондай – ақ оқудан тыс уақытта орындалатын ғылыми – зерттеу жұмыстарының түрлі формаларының үйлесімі арқылы қол жеткізіледі.



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет