Педагогикалық факультеті Дене тəрбиесінің теория мен əдістемеге оқыту кафедрасы «Адам физиологиясы жəне жас ерекшеліктері физиологиясының негіздері»



Pdf көрінісі
бет3/7
Дата20.01.2017
өлшемі495,66 Kb.
#2298
1   2   3   4   5   6   7

3- апта 

1  кредит сағат. 

Тақырыбы: : ОЖЖ-і қызметінің үйлесімділігі 



Дəріс мақсаты: ОЖЖ-і қызметінің үйлесімділігі байланысы 

түрлерімен танысу.  



Дəріс мазмұны: 

1.  Постсинаптикалық тежелу 

2.  Пресинаптикалық тежелу  

3.  Қозудың жинақталуы 



                                          

 

             Адам  денесіндегі  бірнеше  жүздеген  триллион  жасушалардың  əр  қайсысының 



құрылысы  мен  қызметі,  өзін-өзі  реттеу  мүмкінші-ліктері  біркелкі  болмайды.  Олардың 

өзара  қарым-қатынасы,  əре-кеттік  жүйелердегі  ағзалар  мен  тіндердің  байланысы,  бір-

біріне  көрсететін  көпжақты  əсерлері  де  əртүрлі.  Сондықтан  белгілі  бір  қысқа  мерзім 

милисекунд,  минут  арасында  жасушалар  мен  тіндерде,  жүйелерде  сансыз,  түрлі-түрлі 

күрделі үрдістер өтеді. Олардың бір-бірімен қосылуы, жалғасуы жəне керекті бағытта өтуі 

организмде  ақпараттардың  пайда  болып  таралуына  байланысты.  Ақпарат  жасу-шаның 

өзінде  немесе  сыртқы  жəне  ішкі  ортаның  əсерінен  туады.  Бүлардың  көбі  орталық  жүйке 

жүйесіне  жеткізіледі  жəне  қайта  қара-лады,  өңделеді  жəне  жауап  ретінде  əрекет 

серпіністері  түзіледі.  Олар  жүйкелер  арқылы  кері  қарай  жасушалармен  ағзаларға 

жеткізіледі.  Əр  жүйенің  элементтері  мен  жасушалары  арасында  ақпараттар  ал-масуы 

үзілмейді. 

Ақпарат үш түрлі жолмен таралады. Біріншіден, бір жасушадан екінші жасушаға олардың 

түйіскен  жерінен  тікелей  өтеді.  Екінші-ден,  хабарларды  қан  мен  лимфада  жəне 


жасушааралық сүйықтық-та еріген заттар жеткізеді. Үшіншіден, ақпараттың ең тез таралу 

жолы  -  электрлік  сигнал  түрінде  яғни  жүйке  серпіністері  (импульс-тері)  арқылы  керекті 

хабарларды  бүлжытпай  шеткі  ағзалардан  ор-талық  жүйке  жүйесіне  одан  қайта  шеттегі 

ағзаларға  жеткізу.  Ақпа-раттың  электрлік  сигнал  түрінде  таралуының  басқа  да  қатысу 

жол-дарынан  тағы  бір  артықшылығы  сигналды  белгілеуге  (кодтауға)  болатыны.  Көп 

жасушалы  организмде  кодталған  ақпараттарды  қабылдау,  талдау,  сақтау,  беру  жəне 

керегінде еске түсіруді қамта-масыз ететін арнайы жүйе өріс алды. Ол жүйеге əсіресе адам 

бала-сының даму жолында ең жоғары сатыға жеткен жүйке жүйесі жа-тады. 

 

4- апта 

1  кредит сағат. 

Тақырыбы :Нейрондардың мазмұны жəне жалпы қасиеттері:  



Дəріс мақсаты: :Нейрондардың мазмұны жəне жалпы қасиеттері түрлерімен танысу.  

Дəріс мазмұны: 

1.Жүйке талшығы бойымен импульстердің өту механизмі 

2.Қозудың жинақталуы

 

         



Қозғыш тіндердің жалпы қасиеттері

 .Тірі организмде тіндерді "қозғыш", "қозбайтын" 

деп екі топқа бөлу-ге болады. Қозғыш тіндерге жүйке, бүлшықеттер, сөл бөлетін бездер, 

ал  "қозбайтын"  тіндер  қатарына  дəнекер  тін,  шеміршек,  терінің  бет-кей  тіндер 

эпителийлері жатады. 

Қозғыш  тін  тітіркендірілсе,  оған  жауап  ретінде  қозу  үрдісі  пайда  болады,  яғни  тін 

тьшыпггық қалпынан қызмет жағдайына көшеді, оның белсенділігі жоғарылайды. Тіннің 

тітіркендіргіш  əсеріне  жауап  беру  қабілеті,  оның  қозғьпнтық  қасиеті  больш  саналады. 

Қозғыштық қозатын тіндердің физиологиялық қасиетінің ең көрнектісі. Қозғыш тіндердің 

екінші  физиологиялық  қасиеті  қозу  үрдісін  өткізу.  Ет  тіндері  үшін  үшінші  қасиет  - 

жиырыпу, ал без тіндері қозу салдарынан сөл бөледі. 

Қозғыш  тіндердің  физиологиялық  қасиеттерін  зерттеу  үшін  көбіне  жүйке-ет  препараты 

қолданьшады. Ол бақаның шонданай жүйкесімен байланысқан балтыр етінен түрады 

 

 



Қозу мен қозғыштық 

Тітіркендіру  əсерінен  қозғыш  тінде  қозу  үрдісі  туады.  Ол  өте  күрделі  қүбылыс.  Ол 

көптеген физиологиялық, биохимиялық жəне морфологиялық қүрылымдық өзгерістермен 

сипатталады.  Тін  қозған-да,  оның  физиологиялық  қасиеті  -  қозғыштығы  өзгереді, 

жасушалар-дың  мембраналық  шамасы  əрекет  потенциалына  айналады.  Əрекет 

потенциалы  қозудың  ең  көрнекті  белгісі,  яғни  қозу  үрдісінің  туғанын  əрекет 

потенциалының  пайда  болуынан  білуге  болады.  Тін  қозған  сəтте  заттар  алмасуы 

əдеттегіден  əлде  қандай  күшейеді.  Осыған  орай  жылу  шығару  деңгейі  артады,  қимьгл 

əрекеттері  туады.  Мысалы,  ет  тіні  қозу  салдарынан  ширығып  жиырылады.  Сондай-ақ 

қозған  жасу-шаның  протоплазмасы  золь  қалпынан  гельге  айналады,  оның  түтқыр-лығы 

өседі,  миофибрилдердегі  актин  протофибрилдері  миозин  прото-фибрилдерінің  арасынан 

өтіп,  ет  талшықтары  қысқарады,  оның  көлде-нең  жолақтығы  жоғалады.  Қозған  тін  өзіне 

тəн қызметін атқара бас-тайды: ет жиырылады, ширығады, жүйке қозу өткізеді, бездер сөл 

шығарады.  Сонымен  қозатын  тіннің  тітіркендіруге  жауап  беру  қабі-леті  -  қозғыштық,  ал 

оның жауабы қозу үрдісі. 

Қозатын  тіндердің  қозғыштығы  бірдей  емес.  Жүйке  басқа  тіндерге  қарағанда  қозғыш 

келеді. Қозғыштық қасиетін салыстырса, қаңқа етінің жүрек етіне қарағанда қозғыштығы 

жоғарырақ,  ал  бірыңғай  салалы  бүлшықеттің қозғыштығы  олардан  томен  болады.  Тіннің 

қоз-ғыштығы қозу үрдісі кезінде, не қажығанда өзгереді. 

 

Тіннің 



қозғыштық 

дəрежесі 

тітіркендіру 

арқылы 


анықталады. 

Фи-зиологияда 

қолданылатын  тітіркендіргіштер  адекватты  (барабар)  жəне  адекватсыз  (инадекватты 


немесе бейбарабар) - болып екі топқа бөлінеді. Барабар тітіркендіргіштерді қабьшдайтын 

организмде арнайы қабылдағыштар болады. Бейбарабар тітіркендіргіштерді қабылдайтын 

арнайы  қабылдағыштары  болмайды.  Мысалы,  көздің  торлы  қабығын-дағы  көру 

қабылдағыштары  сəулені  қабылдайды,  яғни  сəуленің  əсер-іне  қозады,  оның  нəтижесінен 

жарық  сезу  түйсігі  пайда  болады.  Көру  қабылдағыштары  үшін  сəуле  адекватты 

тітіркендіргіш. Бұл қабылда-ғыштар бейбарабар тітіркендіргіштерге де қозады. Бірақ одан 

пайда  болған  қозу  үрдісі  тұрпайы  келеді,  ал  сезімнің  сапасы  темен  болады.  Адекватты 

əсерлерге арнайы қабылдағыштар қозғыш болады. 

Тітіркендіргіштер 

өзінің 


табиғатына 

байланысты 

механикалық, 

химиялық, 

температуралық,  электрлік  болып  та  бөлінеді.  Физиоло-гиялық  тəжірибелерде  көбінесе 

электрлік тітіркендіргіштер қолда-нылады. 

. 5 апта 

1  кредит сағат. 

Тақырыбы: Орталық, аралық, мишықтың, түпкі (базальдық) түйіндерінің 



қызметтері 

Дəріс мақсаты: Орталық, аралық, мишықтың, түпкі (базальдық) түйіндерінің қызметтері 

түрлерімен танысу.  

 Дəріс мазмұны: 

1.Орталық мидың қызметтері 

2. Аралық мидың қызметтері 

3. Мишық, түпкі (базальдық) түйіндерінің қызметтері 

Қозғыштықтың кезендері 

Тіннің  қозғыштығы  оны  тітіркендіргеннен  бастап-ақ  өзгереді.  Ал-дымен  қозғыштық 

төмендейді,  одан  кейін  біртіндеп  əдеттегі  қалпына  келеді  де,  жоғарылап  барып,  қайта 

төмендеп, қозу үрдісі аяқталарда бұрыңғы тыныштық кезіндегі қалпына келеді. 

Қозу үрдісі басталысымен тіннің қозғыштық қасиеті қүлдырап төмендеп, қаншама əсерлі 

болса  да,  біразға  дейін  келесі  тітіркендіргіш  күшке  жауап  бермей  қояды.  Бүл  мезгіл 



абсолюттік рефрактерлік кезең (нагыз цасарысу) деп аталады. 

Абсолюттік  рефрактерлік  кезеңнің  үзақтығы  жүйке  талшығында  -1-2  мс  болса,  ет 

талшықтарында  4-5  мс,  ал  ет-жүйке  байланысында  (түйіспеде)  8-10  мс.  Қозғыш 

қүрылымның  абсолюттік  рефрактерлік  кезеңі  қысқа  болады.  Бүл  кезең  аяқталысымен 

қозғыштық  қасиет  қайта  пайда  больш  біртіндеп  əдеттегі  қалпына  келеді.  Былайша 

айтқанда  тін  қозғыштығы  біраз  уақыт  əдеттегі  (қозбай  түрғандығы)  қалпынан  темен 

болады.  Осы  қозғыштықтың  төмен  уақыты  салыстырмалы  реф-рактерлік  (шамалы 

цасарысу)  кезең  деп  аталады.  Бүл  кезенде  тітіркен-дірудің  ең  аз  мөлшері  қозу 

табалдьфығына  жауап  бере  алмайды.  Жауап  əсерленісі  туу  үшін  тітіркендіргіштің  күші 

табалдырық күшінен жоғары болуы тиіс. Бүл кезең аякталарда қозғыштық қасиет жоғары-

лап,  біраз  уақыт  əдеттегіден  басымырақ  болады.  Қозу  қасиетінің  осы  күшею  сəтін 



супернормалды кезең дейді. Мүнда тітіркендіру қозу та-балдырығынан томен болса да тін 

оған жауап бере алады 



 6 апта 

11  кредит сағат. 

Тақырыбы: Вегететивті жүйке жүйесі (ВЖЖ) жəне оның жас ерекшеліктері 



Дəріс мақсаты: : Вегететивті жүйке жүйесі (ВЖЖ) жəне оның жас ерекшеліктері 

түрлерімен танысу.  



Дəріс мазмұны: 

1.  Вегетативті жүйке жүйесінің қызметтік құрылымы 

2.  Симпатикалық, парасимпатикалық жүйке жүйесінің қызметтері 

        Бүл  кезең  өткен  соң  қозғыштық  қайтадан  төмендеп  барып  қозу  үрдісі  токталар-да 

əдеттегі  қалпына  келеді.  Қозғыштықтың  осылайша  қалыптан  төмен-дейтін  кезі 

субнормалды кезең деп аталады. Сонымен əрбір қозу үрдісі мезгілінде қозғыштық қасиеті 

бүлшықеттің  аталған  кезендері  бірінен  соң  бірі  қайталанып  отырады.  Қозғыштықтың 



аталған кезеңдерін қисық сызықпен көрсетуге болады (5-сурет). Қозғыштық кезендерінің 

үзақтығы əр тінде əртүрлі. 



5-сурет. Əрекет потенциалы мен тін қозғыш-тығы кезендерінің ара қатынасы. 

а - МП-тітіркендіруге дейінгі қозғыштық, 

б - жергілікті жауап, аздаған деполяризация - 

қозғыштықтың жоғарылауы; в - əрекет потенциалы- 

ның  "шың"  дəрежесі,  деполяризация  кезеңі  -абсолюттік  рефрактерлік  кезең;  г  -  тез 

деполяризация  кезеңі  -  салыстырмалы  рефрактерлік  кезең;  д  -  теріс  із  потенциалы  - 

супернормалдық  кезең;  е  -  оң  із  потенциалы  -  субнормалдык  кезең;  г,д,е  -  реполяризия 

кезеңі. 


7апта 

13 кредит сағат. 

Тақырыбы: Жүйке бұлшық ет жүйесі жəне оның жас ерекшеліктері 



Дəріс мақсаты: Жүйке бұлшық ет жүйесі жəне оның жас ерекшеліктері 

түрлерімен танысу.  



Дəріс мазмұны: 

1.  Қанқа бұлшық ет жүйесінің қызметтік құрылымы 

2.  Бұлшық ет талшығының құрылысы 

3.  Бұлшық ет талшығының жиырылу механизмі. 

         

Қозғыштықтың  өлшемдері.Қозғыштық  дəрежесін  анықтау  үшін  бірнеше  өлшем 

(параметр)  қолданылады:  қозу  табалдырығы,  əсердің  пайдалы  уақыты,  хронак-сия, 

лабилдік, аккомодация жылдамдығы. Көбінесе қолданылатын өлшем - қозу табалдырығы. 



Қозу  табалдырыгы  (реобаза)  деп  қозу  үрдісін  тудыратын  тітіркендіргіш  күшінің  ең  аз 

өлшемін  айтады.  Тін  неғүрлым  қозғыш  болса,  оның  қозу  табалдырығы  соғүрлым  томен 

болады. Тітіркендіргіш ретінде электр тогы қолданылса, табалдырығын реобаза дейді. 

Əсердің  пайдалы  уақыты.  Тітіркендіргіштің  əсері,  оның  күшіне  ғана  байланысты  емес, 

əсердің үзақтығына да байланысты болады. 

Тітіркендіргіш  күші  мен  əсердің  үзақтығы  арасындағы  байланысты  Дж.  Гооверг  (1892) 

пен М. Вейсс (1901) қисық сызық арқылы көрсетті (6-сурет). Ол "күш пен уақыт" сызығы 

деп  аталады.  Көлде-нең  сызықпен  (абцисса)  уақытты  мс  есебімен,  ал  тік  сызықпен 

(ординат) электр тітіркендіргіштің күші - реобаза көрсетіледі. Бір ре-обазаға тең күш ОА - 

жүмсап, тінді қоздыру үшін оның əсері ОС мс-ке созылуы қажет. Бүл күштің əсерін одан 

əрі  қарай  соза  түссе,  ол  жауапты  күшейтпейді,  яғни  пайдасыз  жұмсалады.  Қисық  сызық 

абцисса білігіне жарыса (параллель) орналасады. Сон-дықтан да ОС мс əсердің пай-далы 

уақыты  болып  есептеледі.  Ал  тітіркендіргіш  күші  екі  есе  (2  реобазаға  дейін)  жоғарыла-

тылса,  пайдалы  уақыты  тым  қысқарып  кетеді  (ОҒ  мс).  Тітіркендіргіш  күші  одан  əрі 

жоғарылатылса,  əсердің  пайдалы  уақытын  көрсететін  сызық  ординат  осімен  жарыса 

(параллель)  орналасады.  Сонымен,  əсердің  пайдалы  уақыты  деп  белгілі  бір  тінді 

қоздыратын бір реобазаға тең күш əсерінің ең қысқа уақытын (ОС) айтады. 

Ол мин, мсек есебімен белгіленеді. Тін неғүрлым қозғыш болса, əсердің пайдалы уақыты 

соғүрлым қысқа болады. Əсердің пайдалы уақыты кейбір тіндерде өте үзақ болуы мүмкін. 

Сондықтан  "күш  пен  уақыт"  заңцылығын  пайдалана  отырып,  француз  ғалымы  Л.  Лапик 

(1908) хронаксия (грек. - chronos - уақыт, ахіа - сан) атты көрсеткішті үсынды. 

Хронаксия.  Хронаксия  деп  тінді  қоздыратын  екі  реобазаға  тең  күш  əсерінің  ең  қысқа 

уақытын  (OF)  айтады.  Қозғыш  тіннің  хронаксиясы  қысқа  болады.  Оның  мөлшері 

хронаксиметр  аспабымен  өлшенеді,  мс.  есебімен  (сигмамен)  белгіленеді.  Хронаксиметр 

аспабымен адам тіндерінің əрбір морфологиялық элементтерінің қозу дəрежесін өлше-уге 

болады.  Бүл  медицинада  жиі  қолданьшады.  Мысалы,  көздің  тор  қабатындағы 

фотоқабылдағыштардың,  ішкі  қүлақта  орналасқан  есту  қабылдағышы  -  Корти  мүшесінің 

хронаксиясын  өлшеп  білуге  болады.  ¥зақ  жылдар  бойы  қорғасын  өнеркəсібінде  істейтін 

адамдарға  уақытында  сақтық  шаралар  қолдану  үшін  олардың  жүйке  хронаксиясы 



тексеріліп отырады. Қорғасынға улана бастаған адам жүйкесінің хронаксиясы жоғарылай 

бастайды. 



8 апта 

15 кредит сағат. 

Тақырыбы: Талдағыштар жүйесі жəне олардын жас ерекшеліктері 



Дəріс мақсаты: Талдағыштар жүйесі жəне олардын жас ерекшеліктері  байланысы 

түрлерімен танысу.  



Дəріс мазмұны: 

1.  Талдағыштар жүйесінің қызметтері мен жалпы құрылымы  

2.  Рецепторлардың жіктелуі жəне қозу механизмі 

      3.Рецепторлердің қасиеттері 



           Аккомодация  жылдамдығы.  Аккомодация  лат.  -  accomodatio  -бейімделу.  Белгілі 

бір  тінді,  ағзаны  қоздыратын  токтың  əсері  оның  күшіне,  эсер  еткен  уақытына  ғана 

байланысты  емес,  токтың  үдеу  жыл-дамдығына  да  байланысты.  Егер  эсер  ететін  тоқтың 

күшін біртіндеп жəй күшейтсе, ол көп жоғарылатылса да тін қозбауы мүмкін. Тоқ күшінің 

үдеуіне  тін  бейімделіп  үлгереді.  Қозғыш  тін  ток  күшінің  үде-уіне  бейімделгіш  келеді. 

Демек, аккомодация жьшдамдығы тіннің қоз-ғыш дəрежесін сипаттай алады. 

Тітіркендіргіштің күшін біртіндеп күшейтіп табалдырық мөлшері-не, мысалы 50 мВ 25 мс 

арасында жеткізсе тін əсерге жауап береді. Ал тітіркендіргіштің үдеу жылдамдығын одан 

əрі  баяулатса  (30  мс-ке  жеткізсе)  тіннің  жауабы  тоқтайды,  яғни  осы  уақытта  ол  əсердің 

күшіне  бейімделіп  үлгереді.  Бүл  жағдайда  аккомодация  жылдамдығы  50  мВ  25  мс 

есебімен белгіленеді. 

Сонымен 


аккомодация 

жылдамдығы 

тінді 

қоздыратын 



тітіркендіргіштің 

үдеу 


қарқынының  ең  аз  (минимум)  уақытымен  өлше-неді.  Аккомодация  кезінде  тіннің  қозу 

қасиеті төмендейді. 



9 апта 

17  кредит сағат. 

Тақырыбы: Жоғарғы жүйке қызметтері (ЖЖҚ) жəне оның жас ерекшеліктері  

Дəріс мақсаты: Жоғарғы жүйке қызметтері (ЖЖҚ) жəне оның жас ерекшеліктері  

байланысы түрлерімен танысу.  



Дəріс мазмұны: 

1.  Шартты рефлекстерінің механизмі 

2.  Шартты рефлекстердің пайда болу фазасы 

3.  Шартты рефлекстердің түрлері 

           Лабилдік.  Лабилдік  (лат.  -  labilis  -  қүнақылық,  түрақсыздық)  -белгілі  тіннің 

қозғыштық  дəрежесін  көрсететін  өлшемдердің  бірі.  Ла-билдік  деп  тітіркендіру  жиілігіне 

сəйкес  1  секунд  ішінде  пайда  бола-тын  қозудың  ең  жоғарғы  (максималды)  əрекеттік 

ширақтығын  айтады.  Ол  герц  өлшемімен  белгіленеді.  Мəселен,  жүйкенің  лабилдігі  1000 

гц  демек,  онда  жүйке  секундына  1200  рет  тітіркендірілсе  де  бүдан  пайда  болатын  қозу 

саны  1000-нан  аспайды.  Тін  неғүрлым  қозғыш  болса,  оның  лабилдігі  соғүрлым  жоғары 

болады. 

Лабилдік - қозу үрдісінің - ең қарапайым физиологиялық əсер-леністің қаншалықты үзақ 

екенін көрсетеді. Қозу үрдісі қысқарса, белгілі уақыт ішінде (сек, мин) пайда болатын қозу 

саны  көбейеді  де  тін  лабилдігі  арта  түседі.  Əдетте,  1  секундта  пайда  болатын  қозу  саны 

тітіркендіру санына немесе күшіне сəйкес болады. 

Лабилдік  тіннің  абсолюттік  рефрактерлік  кезеңіне  байланысты.  Аб-солюттік  кезең  үзақ 

болса,  тін  лабилдігі  томен  болады,  өйткені  абсо-люттік  рефрактерлік  кезеңде  тін  қандай 

күшпен  тітіркендірілсе  де  жауап  бермей  қояды.  Сондықтан  тітіркендіру  аралығы 

абсолюттік  реф-рактерлік  кезеңінен  үзағырақ  болуы  керек,  сонда  ғана  тін  келесі  им-

пульске  сəйкес  қоза  алады.  Жеке  тіннің  өзіне  ғана  тəн  қозу  қабілеті  (қозғыштығы), 

рефрактерлік мерзімі болады. Демек, тіндер лабилдігі де бірдей емес. 


Жүйке  талшығының  абсолюттік  рефрактерлік  кезеңі  1-2  мс,  ал  ла-билдігі  500-1000  гц, 

қаңқа  еті  талшығының  қабілеті  жүйкенікінен  томен,  бірақ  абсолюттік  рефрактерлік 

мерзімі  үзақ  3-4  мс,  лабилдігі  250-330  гц.  Жүйке-ет  (мионевральдық)  байланыстық 

түйіспенің  реф-рактерлік  мерзімі  8-10  мс.  Оған  сəйкес  лабилдігі  100-125  гц,  түйіспенің 

қозғыштығы ет талшығынікінен коп темен. 

10апта 

19кредит сағат. 

Тақырыбы: «Ерікті қимылдар жəне оның жас ерекшеліктері   

Дəріс мақсаты: Ерікті қимылдар жəне оның жас ерекшеліктері түрлерімен танысу.  

«Ерікті қимылдар жəне оның жас ерекшеліктері» 

Дəріс мазмұны: 

1.  Ерікті қимылдарды басқарудың негізгі принциптері 

2.  Қимыл актілерінің  рефлекторлық табиғаты 

3.  Қимылды реттеуідің көп деңгейдегі сипаты 



          Лабилдік, оған сəйкес келетін қозғыштық қасиет айналадағы түрткілердің əсерінен 

өзгеріп отьфуы мүмкін. Қолайсыз эсер салда-рынан лабилдік дəрежесі төмендейді. 

Жүйкеге мұз басып тікелей сал-қындатса, оның рефрактерлік кезеңі ұзарып, лабилдігі 

төмендейді. Бұл есірткі заттардың (наркотик) əсерінен, оттегі жетіспеуінен де (ги-

поксиядан) төмендейді. 

Белгілі бір тінге ұзақ уақыт эсер етуші серпіністің саны лабилдік дəрежесінен тым жоғары 

болса,  ол  ондай  ырғақтарды  игеріп  алады  (А.А.  Ухтомский).  Мұның  нəтижесінде 

лабилдіктің дəрежесі жоғары-лайды, оны А.А. Ухтомский "ырғақтарды игеру" деп атады. 

Мысалы, спортпен шұғылданушылар жаттығу жасаған кезде, жарысқа түсерде бой жазған 

сəтте, олардың тін лабилдігі жоғарылайды, соның арқа-сында олар көптеген жетістіктерге 

жетеді.  Қысқасы,  лабилдік  дəре-жесі  біресе  жоғарылап,  біресе  төмендеп  отыруы  мүмкін. 

Демек, тіннің қозғыштық қасиеті де түрақты емес, өзгеріп түрады. 

Биопотенциалдар 

Қозу барысында мембраналық потенциал (МП) əрекет потенциа-лына (ƏП) айналады. Тірі 

организмде  көптеген  потенциалдар  (электр  тогы)  кездеседі:  МП,  локалды  жауап,  ƏП, 

ілеспелі потенциалдары, постинапстық қоздыру жəне тежеуші потенциалдар. Осылардың 

ішінде мембраналық потенциал мен əрекет потенциалы бүрынырақ жəне əлдеқайда толық 

зерттелген. 

Биопотенциалдар  туралы  мəліметтердің  жиналу  тарихының  олар-ды  үғу  үшін  мəні  зор. 

1786  жылы  Италия  ғалымы  Л.  Гальвани  атмос-фералық  электрдің  əсерін  тексеру  үшін 

индикатор  ретінде  терісі  сы-дьфылған  бақа  омыртқасының  белден  томен  бөлімі  мен 

сирақтарын  (тірі  реоскопты)  пайдаланған.  Тəжірибе  барысында  мүндай  препарат-тар 

балконның  жез  ілгектеріне  жүйкесі  арқьшы  ілінген.  Тірі  реоскоп-тар  жел  соққан  күні 

шайқалып,  балконның  темір  жақтауларына  тиген  кезде  олардың  еттері  жиырылып 

сирақтарының  қозғалғанын  байқа-ған.  Бүл  тəжірибені  лаборатория  жағдайында  қайталау 

үшін  Л.  Гальвани  иілген  мыс  пен  жалпақ  темір  кесіндісінен  түратын  доға  ("кішке-не 

балкон")  жасап,  доғадағы  иілген  мысқа  жүйкесі  арқылы  тірі  реоскопты  іліп  шайқалтқан. 

Реоскоп  доғаның  темір  кесіндісіне  тиген  сай-ын  бақаның  сирақтары  жиьфылып  қатты 

қимылдары  байқалған.  Бүл  Л.  Гальванидің  алғашқы  (I)  тəжірибесі.  Ғалым  бақа 

сирақтарының  жиырылуы  жүйке  мен  ет  тіндерінің  электр  потенциалдарының  айыр-

машылығына байланысты деген түжьфымға келген. 

Бірақ  Л.  Гальванидің  замандасы  əйгілі  физик  А.  Вольт  (1792)  бақа  сирағы  еттерінің 

жиырылуы  екі  түрлі  металл  (мыс  пен  темір)  арасын  дағы  электр  күшінің  əсерінен  туған 

болар деп күдіктенген. Л. Гальвани металл қолданбай жүйке мен еттен түратын препарат 

жасап,  жүйкесі  шыны  қармақпен  іліп  алып,  оны  бірден  балтыр  етінің  кесілген  жəне 

кесілмеген жерлеріне тигізген, ол сəтте бүлшыкеттің жиырлғаны бай-қалады. Л. Гальвани 

өзінің  осы  екінші  тəжірибесінде  тірі  тінде  (ет  пен  жүйкеде)  электр  тогының  болатынын 

жəне ондағы потенциал айырмашылығы (ток) тінді тітіркендіре алатынын дəлелдеп берді. 



1838  жылы  Италия  ғалымы  Маттеучи  гальванометрмен  бүлшы-қеттің  кесілген  жері  мен 

кесілмеген  жерінде  потенциал  айырмасы  ба-рын,  жолақ  бүлшықеттің  сыртқы  беті  оң 

зарядты,  кесілген  жері,  яғни  бүлшықеттің  ішкі  протоплазма  жағы  теріс  зарядты 

болатынын ашты. Бүл кейін тыныштық тогы деп аталды. Тағы бірде екінші тəжіри-бені 

Маттеучи  бақа  сирақтарынан  екі  жүйке-ет  препаратын  жасап  біріншінің  шонданай 

жүйкесін,  екіншінің  балтыр  етіне  салып  түйістіріп,  екінші  препараттағы  жүйкені 

тітіркендіргенде  екеуінің  де  балтыр  еттері  бір  мезгілде  сіресе  жиырылғанын  байқайды. 

Тіке тітіркендірілмесе де бірінші препараттың балтыр етінің жиырылуы екінші препаратта 

қозу  тогының  пайда  болып,  ет  үстінде  жатқан  бірінші  препараттың  жүйкесі  арқылы 

жылжып  балтыр  етті  тітіркенді-реді  деген  ойға  келеді.  Осыған  орай  тін  қозған  кезде 

тыныштық тогы (МП) басқа токқа (қазір оны əрекет тогы дейді) жəне ол ток қозу үрдісіне 

үласып жүйкені бойлай жылжып таралатынын дəлелдеді. 

XIX ғасырдың орта шенінде 1848 жылы неміс ғалымы Дюбуа -Реймон өзінің "тыныштық 

тогының теріс толқыны" атты тəжірибесі-нде белгілі бір тіннің қозған жері, оның қозбаған 

жерімен  салыстырғ-анда  теріс  зарядталатынын,  теріс  заряд  қозу  үрдісіне  үласып,  сол 

тіннің  бойымен  тарайтынын,  ол  қозған  кезде  тыныштық  тогының  мөлшері  азаятынын 

байқады. 

Өткен  ғасырдың  70-80  жылдары  орыс  ғалымы  Н.Е.  Введенский  телефон  аспабының 

көмегімен қозудың қысқа да үздікті үрдіс екенін дəлелдеп берді. Соңғы кезде техниканың 

дамуына байланысты көпте-ген жаңа жəне бүрыннан белгілі физиологиялық деректер мен 

негізгі зандар ашылды, бірқатар биоток механизмдері қайтадан қорытылып, анықталды. 

11- апта 




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет