«Педагогикалық ғылымдар» факультеті


МЕКТЕПТЕ БІЛІМ БЕРУ ЖҮЙЕСІНДЕГІ БАСКЕТБОЛ



бет14/30
Дата28.04.2023
өлшемі80,15 Kb.
#88092
1   ...   10   11   12   13   14   15   16   17   ...   30
Байланысты:
Оку багдарламасы 5В010800

МЕКТЕПТЕ БІЛІМ БЕРУ ЖҮЙЕСІНДЕГІ БАСКЕТБОЛ
Мектептегі дене тәрбиесі жүйесіндегі баскетболдың алатын орны. Дене тәрбиесі құралы ретіндегі баскетболдың сипаттамасы. Баскетболдың шығу тарихы. Баскетболдың шетелдерде және Қазақстанда дамуы. Дүние жүзінде және Қазақстанда баскетболдан өткізілетін ең ірі жарыстар.Баскетболға тән қызметтер мен ерекшеліктер. Баскетбол сабақтарындағы муғалімге қажетті ілім мен білім көлемі. Баскетбол сабағында сақталынатын техника қауіпсіздігі. Баскетболшы гигиенасы. Жарақат алу себептері. Дәрігерлік бақылау, жарақатты ескерту және оның алдын алу. Жарақат кезінде көрсетілетін алғашқы жәрдем. Баскетбол ойынын үйрету кезіндегі қауіпсіздік шаралары және сабақ пен жарыс өткізу ережелері. Курс өту барысында қойылатын емтихандық талаптар, оқу жұмысының мазмұны және оның ұйымдастырылуы.
БАСКЕТБОЛДЫ МЕКТЕПТЕ ОҚЫТУ ӘДІСТЕМЕСІ
Ойын дағдыларына үйрету реттілігі. Баскетбол ойынына оқушыларды үйрету технологиясы. Баскетболшылардың техникалық даярлық негізі. Техникалық әрекеттердің жіктелуі.Дене, техникалық, тактикалық даярлыктарды дамыту мен меңгерудің тәжірибелік, әдістемелік және теориялық негіздері. Доппен жұмыс жүргізудің нақты дағдысын қалыптастыру, олардың құрылымын сезіну және жас деңгейіне сәйкес қимылдар жасау.
Мектептегі баскетболды оқыту әдістемесінің ерекшеліктері. Баскетбол ойынына үйрету кезінде мектеп жасындағы балалардың бойында доппен амалдар қалыптастыру және олардың саналы игерілуі. Доппен қимыл-әрекеттерді көрсетумен техникалық амалдарды түсіндіру үйлесімділігі, ойын қызметінде оларды саналы пайдалана білу. Баскетбол сабақтарын оқытудың негізгі педагогикалық қағидаттарын колдану.
Окушыларды баскетбол ойынына үйретудің жасерекшеліктері. Мектеп жасындағы балалардың дене тәрбиесіндегі бағдарлама материалының негізгі бөлімдерінің сипаттамасы .
Баскетболды 1-4 сыныптарда оқыту әдістемесі
Баскетбол ойынына бастауыш сынып жасындағы оқушыларды үйретудің теориялык негіздері. Бастауыш мектеп жасында дене шынықтыру жаттығуларына оқыту ерекшеліктері. Баскетбол ойынына бастауыш сынып оқушыларын оқыту әдістері және көлемі. Баскетбол ойынына бастауыш сынып оқушыларын оқытудың педагогикалык күйі. Баскетбол ойынына үйрету жағдайы ретінде ойын әдісін қолдану. Техникалык даярлық. Дене даярлығы. Баскетбол элементтері бар доппен (үлкен және кіші) орындалатын қозғалыс ойындары. 1-4 сынып оқушыларын оқыту міндеттері, әдістері және кұралдары


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   10   11   12   13   14   15   16   17   ...   30




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет