«Педагогикалық ғылымдар» факультеті


МЕКТЕПТЕГІ СПОРТТЫҚ - БҰҚАРАЛЫҚ ЖҰМЫС



бет16/30
Дата28.04.2023
өлшемі80,15 Kb.
#88092
1   ...   12   13   14   15   16   17   18   19   ...   30
Байланысты:
Оку багдарламасы 5В010800

МЕКТЕПТЕГІ СПОРТТЫҚ - БҰҚАРАЛЫҚ ЖҰМЫС
Ойын ережесі, құрал-жабдықтар. Ойын ережесінің эволюциясы. Жарыстарды өткізу.Жарыстарды өткізу амалдары және түрлері. Жарыс бағдарламасы. Кесте құру. Төрешілік топ .Төрешілер рөлі және міндеттері. Төрешілік әдістемесі. Төрешілерді даярлау және олардың мамандығын жетілдіру. Жарыстар хаттамасы және косымша. Спорттық жабдықтар. Негізгі және қосымша құралдар. Спорттық алаңды күту. Баскетбол шығыршығына арналған тор . Баскетбол ойынына арналган доптар (куту, жөндеу, сақтау). Спорттық киім үлгісі, аяқ киім. Техника қауіпсіздігі негіздері.
Баскетболдан жарыстар өткізу және ұйымдастыру. Спорттық жарыстардың маңызы. Оқу-жаттығу үдерісіндегі жарыстардың алатын орны. Жарыстың бағдарламасы: мақсаты, міндеті, өткізу орны және уақыты, қатысушы ұйымдар, қатысушы командалар арасында жеңімпаздар мен жүлдегерлерді анықтау, марапаттау.
Жарыстарды өткізу түрлері: айналмалы, аралас жане шығып қалу арқылы. Ойын күнтізбесін құру. Жеребе өткізу. Жарыс нәтижелерінің кестесі. Натижелерді есепке алу және бағалау. Жарыс өткізілетін орынды дайындау, төрешілер арасында міндеттерін бөлу, жеке кездесулерді өткізу бойынша төрешілер бригадасын жұмыспен қамтамасыз ету.


БАСКЕТБОЛДЫҢ ОҚУ-ӘДІСТЕМЕЛІК ҚҰЖАТТАРЫ
МЖМБС сай оқу-әдістемелік құжаттарын құрастыру және дайындау: жұмыс оку жоспары, оқу бағдарламасы, күнтізбелік тақырыптық жоспар, сабак жоспары.
Оку материалдық базаның қамтамасыз етілуіне, (жас ерекшеліктеріне) ауа-райы жағдайына байланысты, қойылған міндеттерге сүйене отырып, оқу бағдарламасында баскетболды жоспарлау. Сабақты жоспарлау жүйесі: сабаққа қойылатын нақтылы міндеттер, баскетбол ойыны білімі негізіне сай келетін құжаттар, дағды, қимыл қасиеттерін білу, ойыншылардың топта өздігімен шұғылдана білуі, міндетті төменгі білім көлемін игеру денгейі.
Баскетбол сабақтарын оқыту үдерісін өткізу шарты. Әр оқушымен жекелей қарым-қатынас және оқу-жаттығу үдерісінің құрылымы. Жас дәрежесіне қарай баскетбол сабағының кұрылымы. Жалпы білім беретін мектептерде сабақ өткізудің және жарыс ұйымдастырудың негізгі түрлері.
Мектепте баскетбол секциясы жұмысын жоспарлау және ұйымдастыру. Баскетбол секциясының жылдық жоспары. Сабақ жоспары, жұмыс жоспары, топтармен сабақ өту кестесі. Баскетболмен шұғылданушылар арасындағы тәрбие жұмысы оқу үдерісін ұйымдастыру үшін қажетті педагогикалық міндеттер мен әдістер. Спортшыларды, студенттерді ғылыми-зерттеу жұмысына баулу. Даярлықты жан-жақты түзетуге пайдалану және дайындық үлгісін түзу, спортшыларды жаттықтыру әдістемесі, тактиканы және тиімді техниканы анықтауда зерттеу әдістерін қолдану.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   12   13   14   15   16   17   18   19   ...   30




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет