«БАЗАЛЫҚ СПОРТ ТҮРЛЕРІН ОҚЫТУДЫҢ ТЕОРИЯСЫ МЕН ӘДІСТЕМЕСІ МЕКТЕП БАҒДАРЛАМАСЫ БОЙЫНША)»
КІРІСПЕ Жоғары білім беру саласын реформалау жағдайында «Базалық спорт түрлерін оқытудың теориясы мен әдістемесі» курсын оқытудағы басты бағыт - дене шынықтыру және спорт саласы мен базалық спорт түрлерінен мамандарды даярлау болып табылады.
Пәннің мазмұнын игеру білім беру мақсатының басымды жүйесін күшейтуге арналған классикалық негізі ретінде қолданылған студенттердің жеке басылық-бағдарлы, пәнаралық және пәндік нәтижелерге қол жеткізулерін қамтамасыз етеді.
Бул пәнді оқытудың мақсаты:- студенттердің әлеуметтік жеке тұлғалық құзыреттілігін қалыптастыру, кәсіби қызметке келешек мамандарды даярлау үшін базалық спорт түрлерінен тиісті құралдарын мақсатты қолдануды қамсыздандыру болып табылады.
Пәнді оқыту міндеттері: базалық спорт түрлерін оқыту үдерісінде ағзаның функционалды мүмкіндіктерін жетілдіру және дене касиеттерімен қабілеттерін дамыту;
-базалық спорт түрлерінен білім жүйесін игеру жане олардың кәсіби қызметіндегі рөлі мен маңыздылығы;
-базалық спорт түрлерінен кәсіби құзіреттілікті иелену мен шығармашылық ынтымақтастық дағдыларын меңгеру;
Мамандарды дайындау мазмұны құзіретті бағытта іске асыру барысында мақсатқа жетуі мумкін, дағды және орындай білу қажетті кәсіби білім мәнін қалыптастыруда көрсетілген. Дене шынықтыру мұғалімі мен спорт жаттықтырушысының кәсіби кұзіреттілігі оның кәсіби білімі нәтижесінде айқындалады.
« Базалық спорт түрлерін оқытудың теориясы мен әдістемесі» пәнін оқыту удерісінде келешек мамандар бірқатар құзіреттіліктерді иеленеді:
Негіздемелі білімді анықтайтын жалпы ғылыми құзіреттіліктер
-базалық спорт түрлерін оқытудағы стандартты емес шешімдерді іздеу танымдық мақсаттарды шешумен байланысты танымды қызметтің құзіреттілігі;
- базалық спорт түрлері мен жаттықтырушылық қызметтің негіздері бұл - білім алу, орындай білу жоне дагдылар;
- базалық спорт түрлерін оқытуда заманауи әдістерді, дене шынықтыру және спорт саласында, білім беру үдерісінде инновациялық жобаларды білу.