Қоғам дамуының үнемі өзгеруі және бүгінгі күні гуманизациялануы адамдар бойында адамгершілік құндылықтарды қоғам сұранысына сай қалыптастыру өзекті мәселелердің бірі болмақ. Толыққанды адам келбеті , әрбір адамның іс-әрекетінен көрініс табады. Демек, адамдар өзіндік біліміне,тәрбиесіне байланысты іс-әрекет жасайды. Адамдар бойында адамгершілік мәдениетті қалыптастыру үшін, адамгершілік құндылықтарды меңгерту керек екені дау тудырмайтын қағида. Дәл осы мәселелер төңірегінде педагогикалық қызметтің алар орны орасан зор.