Педагогикалық жобасының жоспары



бет3/6
Дата20.11.2022
өлшемі206,5 Kb.
#51366
1   2   3   4   5   6
Байланысты:
лекция Программа педагогической практики, каз

а) рационалды қолданған
б) ұйымдастырушылық кездерге шамадан тыс көп уақыт жіберу
в) уақыт рационалды қолданбаған

5
3

2


2 Дәріс материалын баяндау

1

Баяндау әдісі (басымды)

а) проблемді
б) ішінара ізенушілік
в) түсіндірмелі-ақпараттық

5
4
3

2

Көрнекілікті қолдану

а) толық көлемде қолданылады
б) жеткіліксіз қолданылады
в)қолданыл-майды

5
3
2

3

Материалды білуі

а) еркін меңгерген
б) ішінера конспекті қолданады
в) баяндалатын материалды жеткілікті игермеген, конспектен оқиды

5
3
2

4

Жаңашылдық деңгейі

а) дәрісте ғңылымның соңғы жетістіктері қолданылған
б) баяндалған дәрісте жаңашылдық элементі бар
в) материалдың жаңашылдығы жоқ

5

4
2


5

Аудиторяның қатынасы

а)қызығушылық
тары жоғары
б)қызығушылықтары төмен

4

2


3 Оқытушының жүріс-тұрысы

1

Дәрісті оқу мәнері

а) қызықты және нақты
б)қызықтылығы және нақтылығы айқын көрінеді
в) монотонды, әш-пісарлық

5
3
2

2

Сөйлеу мәдениеті

а)жоғары
б) орта
в) төмен

5
3
2

3

Аудиториямен байланыс

а) айқын көрінеді
б)жеткіліксіз
в)жоқ

5
3
2

4

Өзін-өзі ұстау мәнері

а) ым-ишарасы айқын көрінеді
б) шамадан тыс ым-ишара
в) абыржығыш және ретсіз іс-қимылдар

5
3
2

5

Психикалық үйінің сыртқы көрінісі

а) өзіне деген сенімділік және тыныштық
б) біршама неврозды
в) айқын невроз

4
3
2

6

Оқытушының тыңдаушыларға қатынасы

а) талапты
б) тым қатал
в) немқұрайды (селқос)

4
3
2

7

Оқытушы әдебі

а) әдепті
б)әдепсіз

4
2

8

Сыртқы келбеті

а) ұқыпты
б) ұқыпсыз

4
2

БЕКІТЕМІН: Есмағамбетова.Ғ.Қ.


Машық методисті


Өткізу мерзімі: 10.11.2022 ж 12.30-13.20
Сабақтың тақырыбы: Функцияларды жариялау жəне анықтау
Сабақтың түрі: Лекция
Сабақтың мақсаты мен міндеттері: С++ программалау тілінде функциялармен жұмыс істеу дағдыларын қалыптастыру.
Сабақтың негізгі ұғымдары: жұмысты өз бетінше жоспарлау, орындау және бақылау, нәтиженің дұрыстығын бағалау және оны практикалық мәселелерді шешу үшін қолдану қабілеттерін дамыту.

Құрал-жабдықтар: IBM PC дербес компьютерлік, Windows XP/7/8/10 операциялық жүйесі, Borland C++ Builder программалық жүйесі.





Сабақтың кезеңдері

Кезеңнің міндеттері

Оқу материалының мазмұны

Оқытуды ұйымдастыру формасы

Кері байланыс

Уақыт

Ұйымдастыру кезеңі

Сәлемдесу, жаңа тақырыпты және сабақ жоспарын жариялау




Жаңа тақырып пен оқу жоспарын жариялау

Студенттердің назарын аударту

5 мин

Жаңа тақырып

Функцияларды жариялау жəне анықтау туралы ақпарат беру

Лекциондық тақырыппен таныстыру

Жаңа тақырыпты таныстыру

Ауызша ескертулер

35 мин

Үй тапсырмасы

Үй тапсырмасын баяндау




Үй тапсырмасын баяндау

Ауызша баяндама

10 мин

Функцияларды жариялау жəне анықтау Функция – бұл белгілі бір аяқталған əрекетті орындайтын сипаттамалар мен операторлардың атау берілген тізбегі. Функция параметрлерді қабылдап, мəн қайтара алады.


С++ тіліндегі кез келген программа функциялардан тұрады, олардың бірі міндетті түрде main деп аталуы тиіс (программаның орындалуы осы функциядан басталады). Функцияны шақырған кезде ол орындала бастайды. Кез келген функция жариялануы жəне анықталуы тиіс. Функция да басқа шамалар сияқты бірнеше рет жариялануы мүмкін, бірақ ол бір-ақ рет анықталуы тиіс. Компилятор функцияны шақырудың дұрыстығын тексеруі үшін программа мəтінінде функцияны жариялау оны шақырудан ерте орналасуы тиіс.
Функцияны жариялау (прототип, тақырып, сигнатура) оның атын, қайтарылатын мəнінің типін жəне оған берілетін параметрлер тізімін 75 тағайындайды. Функцияны анықтауда, оны жариялаумен қатар, функция тұлғасы қамтылады, ол жүйелі жақшалар ішіндегі операторлар мен сипаттамалар тізбегінен тұрады:
[ класс ] типі атауы([ параметрлер_тізімі ]) [throw
( аластамалар )] { функция тұлғасы }
Фукнкцияны анықтаудың құрама бөліктерін қарастырайық.
□ Міндетті түрде қажет етілмейтін класс модификаторының көмегімен, extern жəне static түйінді сөздерін қолдана отырып, функцияның көріну аймағын айқын түрде көрсетуге болады:
■ extern – функцияның программаның барлық модульдерінде ауқымды, яғни глобалды (келісім бойынша) түрде көрінуі;
■ static – функцияның тек өзі анықталған модуль шеңберінде көрінуі.
□ Функцияның қайтаратын мəнінің типі жиым мен функциядан (бірақ жиымға немесе функцияға нұсқауыш бола алады) басқа кез келген тип түрінде болуы мүмкін. Егер функция оны шақырған программаға ешқандай мəн қайтармайтын болса, онда void типі көрсетіледі.
□ Параметрлер тізімі функцияға оны шақыру кезінде берілуі тиіс болатын шамаларды анықтайды. Параметрлер тізімінің элементтері бір-бірінен үтір арқылы ажыратылады. Функцияға берілетін əрбір параметрдің аты мен типі көрсетіледі (жариялау кезінде оның атын көрсетпеуге де болады).
□ Функция арқылы өңделетін аластаулар туралы «Функцияның аластамалар тізімі» бөлімінде 245 б. жазылған.
Бір функциянының анықталуындағы, жариялануындағы жəне шақырылуындағы параметрлердің типтері мен жазылу реттілігі бір-бірімен сəйкес келу керек. Параметрлер аттарына олардың сəйкестігі бойынша шек қойылмайды, себебі функцияны əртүрлі аргументтермен шақыруға болады, ал прототиптердегі атауларды компилятор ескермейді (олар тек программаның оқылуын жеңілдету үшін қолданылады).
Функцияны inline модификаторының көмегімен құрамдас функция ретінде анықтауға болады, бұл модификатор компиляторға функцияны пайдалану орнына оның кодын əрбір шақыру нүктесіне тікелей орналастыру керек екенін көрсетеді. inline модификаторы функция типінің алдына қойылады. Ол қысқа функцияларды шақыруға кететін қосымша шығындарды азайту үшін (регистрлерді сақтау жəне қалпына келтіру, басқаруды беру) қолданылады. inline директивасы ұсынылатын əрекет ретінде беріледі, сондықтан компилятор оны мүмкіндігіне қарай орындайды. inline функцияларды пайдалану атқарылатын программаның көлемін ұлғайтып жіберуі мүмкін. Функцияны анықтау оны шақырулардан бұрын орындалуы тиіс, 76 əйтпесе компилятор inline кеңейтілудің орнына қарапайым функцияны шақыру əрекетін атқарады.
Қайтарылатын мəннің типі жəне параметрлердің типтері біріге отырып, функцияның типін анықтайды.
Қарапайым жағдайда функцияны шақыру үшін оның атын, содан кейін жай жақша ішінде үтірлер арқылы бөлініп берілетін аргументтер аттарын көрсету керек. Функцияны шақыру программаның кез келген бөлігінде орындалуы мүмкін, ол тек синтаксис бойынша функцияның қайтаратын типі тұра алатын орында тұрса болғаны. Егер функцияның қайтаратын мəнінің типі void болмаса, онда ол кез келген өрнектің құрамына енуі мүмкін немесе жалпы меншіктеу операторының оң жақ бөлігінде орналаса алады.
Екі бүтін шаманың қосындысын қайтаратын функция мысалы:
#include
int sum(int a, int b); // функцияны жариялау
int main(){
int a = 2, b = 3, c, d;
с = sum(a, b); // функцияны шақыру
cin >> d;
cout << sum(c, d); // функцияны шақыру
return 0;
}
int sum(int a, int b){ // функцияны анықтау
return (a + b);
}
Экранға функцияға берілген құрылым өрістерін шығару мысалы:
#include
struct Worker {
char fio[30];
int date, code;
double salary;
};
void print_worker(Worker); // функцияны жариялау
int main(){
Worker stuff[100];
... /*stuff жиымын қалыптастыру */
for (int i = 0; i<100; i++)
print_worker(stuff[i]);
return 0;
}
Void_print_worker(Worker w) {
Cout << w.fio << ' ' << w.date << ' ' << w.code << ' ' << w.salary << endl;
}
Функцияның ішінде сипатталған барлық шамалар жəне оның параметрлері жергілікті (локалды) болып табылады. Олардың əрекет ету аймағы – функция іші (тұлғасы). Функцияны шақыру кезінде, кез келген блокка енген кездегі сияқты, стекте жергілікті автоматты айнымалылар үшін жады бөлінеді. Сонымен қатар, стекте функцияны шақырудың алдыңғы сəтіндегі процессор регистрлерінің мəндері жəне функциядан кері қайту адресі сақталады, ол осы функциядан шыққаннан кейін оны шақырған программаның (басқа функцияның) орындалуын ары қарай жалғастыру үшін қажет болып табылады.
Функциядан шыққан кезде ол орналасқан стек аймағы босатылады, сондықтан бір функцияның бірнеше шақырылулары арасындағы жергілікті (локалды) айнымалылардың мəндері сақталмайды. Егер мұндай жағдайдан құтылу қажет болса, жергілікті айнымалыларды жариялау кезінде static модификаторы қолданылады:
#include
void f(int a){
int m = 0;
cout << "n m p\n";
while (a--){
static int n = 0;
int p = 0;
cout << n++ <<''<< m++<<''<< p++ <<'\n';
}
}
int main(){ f(3); f(2); return 0;
}
БЕКІТЕМІН: Исмуканова А.Н.

Машық методисті


Өткізу мерзімі: 11.11.2022 ж 10.30-11.20
Сабақтың тақырыбы: Қолданушы анықтайтын функция құру
Сабақтың түрі: Зертханалық жұмыс
Сабақтың мақсаты мен міндеттері: Borland С++ Builder 6 программалау тілінде қолданушы анықтайтын функция құру. Оларды программада қолдануға дағдылану

Құрал-жабдықтар: IBM PC дербес компьютерлік, Windows XP/7/8/10 операциялық жүйесі, Borland C++ Builder программалық жүйесі.





Сабақтың кезеңдері

Кезеңнің міндеттері

Оқу материалының мазмұны

Оқытуды ұйымдастыру формасы

Кері байланыс

Уақыт

Ұйымдастыру кезеңі

Сәлемдесу, жаңа тақырыпты және сабақ жоспарын жариялау




Жаңа тақырып пен оқу жоспарын жариялау

Студенттердің назарын аударту

5 мин

Жаңа тақырып

Функцияларды жариялау жəне анықтау туралы ақпарат беру

Лекциондық тақырыппен таныстыру

Жаңа тақырыпты таныстыру

Ауызша ескертулер

35 мин

Үй тапсырмасы

Үй тапсырмасын баяндау




Үй тапсырмасын баяндау

Ауызша баяндама

10 мин



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет